Ұзақ мерзімді жоспар Информатика Ағылшын тілінде 9 «А, Б» сынып



бет1/6
Дата25.01.2022
өлшемі49,36 Kb.
#114265
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8 класс ИВТ англ
1 25.КТЖ Физика 10 сынып ЖМБ

Ұзақ мерзімді жоспар Информатика Ағылшын тілінде
9 «А, Б» сынып

« Қазақстан бүкіл әлемдегі халқы үш тілді пайдаланатын,

мәдениетті елі ретінде танылуға тиіс.

Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық

қатынас тілі, ағылшын тілі - жаhандық экономикаға

ойдағыдай кіру тілі».
Н.Ә.Назарбаев
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі заманда оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру басты міндет. Демек, оқушыларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.

Түсінік хат
Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру  мақсатында 2016 жылдан бастап жоғары білім берудің оқу бағдарламаларына оқытудың барлық кезеңдерінде ағылшын тілін оқыту курсын жүргізу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, 2020-2021 жылдары мектептерде жаратылыстану пәндері қатарында «Информатика» пәнін ағылшын тілінде оқыту (білім беру ұйымдарының алқалық шешімінің негізінде таңдау бойынша) енгізілетіндігі белгіленген.

2017-2018 оқу жылынан бастап Информатика пәнін оқыту жұмыстары толығымен ағылшын тілінде ұйымдастырылады.

Осыған орай, төменде берілген бағдарлама 8 - сыныпқа информатика таңдау пәнін ағылшын тілінде оқытуға арналған. Мұнда Компьютерді дұрыс пайдалану, кодтау, желі, электрондық кесте, формулалар, функциялар, алгоритм, Python программасы ортасында шартты, циклдік программалар құруға, білімдерін және логикалық ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағытталады.

8 сыныптар үшін «Информатика ағылшын тілінде» тақырыбында таңдау сабақтары жүргізіледі. Мынадай тарауларды қамтиды:

Компьютер негіздері (Computerbasics)

Электрондық кестелер (Spreadsheets)

Бағдарламалау негіздері (Programming fundamentals)

Бағдарламалау Python программасында (Programming Python)


Мақсаты: 

Оқушыларға ағылшын тілін үйрету арқылы,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.



Үштілді білім беру бағдарламасы негізінде үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейге көтеріліп Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарды тәрбиелеп өсіру , ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой – пікірмен ұштастыратын сапалы білім мен тәрбие беру
Міндеті:

Бүгінгі заман талабына сай оқушыларды өз тілімен қатар,өзге тілді меңгеріп,игеруге баулу;

Оқушыларға ағылшын тілі мен толық мәлімет бере отырып,сөйлеу , ойлау қабілеттерін арттыру;

Тілді үйрету арқылы сол тілде өз ойын ашық жеткізе білуге машықтандыру;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет