Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 4с тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы рөлі Сынып: 8



Дата10.02.2020
өлшемі0,58 Mb.
#57563
Байланысты:
тұқымқуалаушылық
Белсенді оқыту әдісі

№5 С. Ысмайылов жалпы орта мектептің биология пән мұғалімі Асанова Динара

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

8.4С Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы

рөлі

Сынып: 8

Оқу мақсаты:

8.2.4.2 ағзалар селекциясы үшін қолдан сұрыптаудың маңызын сипаттау



Барлық оқушылар:

Селекция ғылымының мақсаты мен міндетін сипаттау



Оқушылардың басым көпшілігі:

Селекция ғылымының жетістіктерімен танысу, қолдан сұрыптаудың түрлерін ажырату



Кейбір оқушылар:

Селекциядағы қолдан сұрыптаудың маңызын түсіндіру



Бағалау критерийі

-Селекция ғылымының мақсаты мен міндетін сипаттайды

-Селекция ғылымының жетістіктерімен танысып, қолдан сұрыптаудың түрлерін ажыратады.

-Селекциядағы қолдан сұрыптаудың маңызын түсіндіреді



Сабақтың тақырыбы:

Қолдан сұрыптау және оның селекция үшін маңызы. Қолдан сұрыптау түрлері.



Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндылығына сәйкес өндірісті білім мен ғылымды біріктіру, Қазақстанның өңірлік жаhандық бәсекеге қабілетілігін дамыту.



Пәнаралық байланыс

География – мәдени өсімдіктер мен жануарлардың шығу орталықтарын білу.

Тарих – селекцияның даму тарихы.

Әдебиет – адамның өнер туындысы.



Алдыңғы білім

7.2.4.3 хромосомадағы генетикалық ақпарат ДНҚ-ның маңызын түсіндіру



Ұйымдастыру.

-Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

-Ширату жаттығуы «Детектив» әдісі арқылы оқушыларға мәтіндегі «Қолдан сұрыптау» қағаз қиындыларын бере отырып, сабақтың тақырыбын ашамын.

Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа біріктіремін.

Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийімен таныстырамын.

Тапсырмалар

Тапсырма №1: «Еркін талқылау» әдісі. Мәтінді оқып, негізгі тірек (қолдан сұрыптау, селекция, қодан сұрыптау түрлері) сөздерді табу. (т.ж)

I топ: Селекция дегеніміз не? Селекция ғылымының қашан және қалай дамығанын түсіндіріңдер.

II топ: Қолдан сұрыптауға түсініктеме беріңдер.

III топ: Қолдан сұрыптаудың түрлерін сипаттаңдар



Дескриптор:

Селекция ғылымының мәнін түсінеді;

Селекция ғылымының даму тарихымен танысады;

Қолдан сұрыптаудың түрлерін ажыратады;

Топтар бір-біріне «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы бағалайды.

 

Тапсырма №2: «Жедел хат» әдісі арқылы төмендегі биологиялық диктантты толтырыңыз

Селекцияның негізгі әдісі ...............болып табылады.

Ежелгі адамдар алғашқы үй жануары..................қалай қолға үйерткен.

Адамдар өсімдіктердің жаңа іріктемелерімен жануарлардың жаңа қолтұқымдарын алған кезде алдына ешқандай нақты.................қоймады.

Тест.

1.Ч.Дарвиннің айтуынша эволюцияның басты қозғаушы күші не болып табылады?

а)қолдан сұрыптау,б)табиғи сұрыптау,в)ерекше сұрыптау



2. Қолдан сұрыптаудың неше түрі бар?

а)1, б)3, в)2



3. «Вильморен-Анри» фирмасы францияда мәдени өсімдіктердің нешеден астам іріктемесін шығарған?

а)450, б)550, в)650



Терминдермен жұмыс

Эволюция -

Селекция –

Қолдан сұрыптау –

Жаппай және жеке –

Жағымды және жағымсыз –



Дескриптор:

- Селекцияның негізгі әдісін біледі

- Қолдан сұрыптаудың түрін ажыратады.

- Термин сөздердің мағынасын ашады.

Тапсырма №3 «Қос жазба» күнделігі

Қолдан сұрыптаудың нәтижесінде алынған өсімдіктердің жаңа іріктемелерімен жануарлардың жаңа қолтұқымдарынының тіршілк қабілеті табиғи жағдайды табиғи сұрыптаудың нәтижесінде пайда болған жаңа түрлерге қарағанда әлсіз болатыны туралы 30сөзден тұратын эссе жаз

Дескриптор:

-Селекцияда қолдан сұрыптаудың маңызын түсінеді;



Кері байланыс

«Досқа хат» әдісі

Бүгін мен..........білдім

Маған.........қызық болды

Мені..........таң қалдырды

Мен..........екендігін түсіндім

Мен..........үйрендім

Саралау


Қабілеті жоғары оқушылар:

-Топта ұйымдастыру жұмыстарын жасай алады;

-Сабақ барысындағы оқушылардың зерігуін болдырмау үшін қарқындылығына байланысты қосымша тапсырмалар үйлестіріп отыру. Оқушының ойын дамыту үшінжоғары дәрежелі сұрақтар қою.

1.Не себепті адамның адамның даму тарихымен қолдан сұрыптаудың арасында байланыс бар?

2.Қолдан сұрыптауда не үшін нақты мақсат қойылады?

Қабілеті орта оқушылар:

Қосымша жеке тапсырма беру.

Ч.Дарвиннің айтуынша эволюцияның басты қозғаушы күші не болып табылады?

Қабілеті төмен оқушылар:

Сабақ барысындағы оқушылардың қобалжуын болдырмау мақсатында қолдау көрсетудеңгейлік сұрақтар беру.



Селекция дегеніміз не?

Қолдан сұрыптаудың жағымды түріне сипаттама бер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет