Зар шығару және несеп шығару жүйесінен туындайтын аурулар саны өте көп



Дата10.04.2020
өлшемі8,27 Kb.
#62150
Байланысты:
Зар шығару және несеп шығару жүйесінен туындайтын аурулар саны өте көп

Зар шығару және несеп шығару жүйесінен туындайтын аурулар саны өте көп.
Олар нефрит,цистит,уретрит,пиелонефрит.
Нефрит (грек. nephros – бүйрек), медицинада – бүйректің қабынуы.

2.Негізінде бүйрек шумақтар қан тамырларының зақымдануынан болады. Жедел және созылмалы түрлері бар. Жедел Нефрит жоғарғы тыныс жолдарына стрептококк бактериясы түсуінен, баспа, созылмалы тонзиллит, пневмония, дифтерия, сүзек, тағы басқа бактериялы және вирусты инфекциядан кейін, салқын тигеннен дамиды.Аурудың жасырын кезеңі 1-3 аптаға созылады. Клиникалық белгісі: науқастың алдымен беті, кейін бүкіл денесі ісініп, несепте өзгерістер пайда болады, артериалды қан қысымы көтеріледі (гипертензия). Алғашқы 2 – 3 күнде несептің меншікті салмағы кемиді. Созылмалы нефритте әлсін-әлсін асқыну байқалып, аурудың белгісі жедел түріндегідей болады. Нефриттің бұл түрімен ауыратын науқастар диспансерлік бақылауға алынады. Дер кезінде дәрігерге қаралмай, ауру асқынып кетсе, нефриттің бұл түрі уремияға ауысады.


Гломерулонефрит (Glomerulonephritis - бүйрек шумақтары + қабынуы) - Бүйрек шумақтарының екі жақты жайылмалы иммунды ауруы.
Пиелонефрит – бүйректің және бүйрек түбегінің көбінесе интерстициялық талшығының қабынуы. Бұл – бүйректің ең жиі кездесетін ауруы.
* Бірінші пиелонефрит – жалпылама ұғым. Бүйректің зақымдану себебі беймәлім.
* Екінші обструкциялық пиелонефритке және туа бітетін тубулопатия (бүйрек өзекшелерінң тұқым қуалайтын зақымдануы) себепші болатын пиелонефритке бөлінеді. Өту сипаты бойынша жедел, толқын тәрізді латентті пиелонефрит болып бөлінеді.
* Жедел пиелонефрит кенеттен басталуымен, қысылуымен, несеп шығуының бұзылуымен және несептің өзгерімен сипатталады. Несеп кейде макроскопияның өзімен-ақ қою көрінеді, ақуыз саны норма шеңберінде немесе аздап көбірек, несеп тұнбасында лейкоцидтер, бактериялар көп болады, бірлі-жарым эритроцидтер кездеседі. Несептің тәуліктік мөлшерін зерттеу неғұрлым көз жеткізеді. Қаннан лейкоцитоз анықталады, СОЭ көп болады. Толқын тәрізді, қайталанбалы ауру кезінде науқастың халі ұзақ уақыт бойы қанағаттандырарлық болып қалуы мүмкін. Тек асқыну кезінде ғана дене қызуы көтеріліп, халі нашарлайды, белі ауырады. Несеп тұнбасынан лейкоцидтер едәуір көбірек мөлшерде табылады. Қабыну процесінің үдей түсуі нефрондар функциясының бұзылуы мен бүйрек кемістігіне әкеп соғады. Латентті ауру жағдайында пиелонефриттің симптомы азырақ болып өтеді, көбінесе бірқатар жылдар бойы анықталмай қалады.
Ол кейде қайсыбір жедел ауру жағдайында кездейсоқ анықталады.
Қазіргі кезде өте кауіпті бүйрек ауруларын емдеу кезінде жасанды бүйрек аспабы - гемодиализатор қолданылады. Сонымен бірге бүйрек өз қызметін мүлде атқара алмаса, басқа бүйректі алмастырып салуға да болады.
Бүйрек гигиенасы
Бүйректің қалыпты жұмысын камтамасыз ету үшін көптеген жағдайларды есте сақтау қажет:
Салауатты өмір сүру,өте ащы, өте тұзды тағамдарды пайдаланбау,ішімдіктен, есірткіден, темекі тартудан аулақ жүру,әр түрлі қабынуға қарсы аурулардың алдын алу.Бұл шаралардың бәрі де бүйректің қалыпты, ұзақ уақыт жұмыс істеуіне жағдай жасайтынын естен шығармаңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет