Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не



Дата12.10.2019
өлшемі20,32 Kb.
#49728
Байланысты:
сұрақтар

Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен
тұрса қанша кг?
(3 кг)
Біздікі болғанымен басқалар қолданатын
нәрсе?
(Есіміміз)
Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?
(Өмір)
Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын
шашын тарайды екен, неге?
(Фотоға түсіп жатырмын деп ойлайды
екен)
Қай айда 28 күн бар?
(Барлық айда)
Мені ешкім түсінбейді, неге?
(Өйткені ол ешкі ғой)
Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан
кейін үш аяқты ол не?
(Адам)
Лимонның жартысы неге ұқсайды?
(Екінші жартысына)
Король кімнің алдында тәжін шешеді?
(Шаштараздың)
Ұрғашы кенгуру қандай жағдайда қатты
ашуланады?
(Қалтасындағы баласы бұтына жіберіп
қойған кезде)
Суды елекпен қалай тасуға болады?
(мұз қылып қатырып)
Аяқкіим жөндеушілердің ең жақсы
көретін клиенті?
(Қырықаяқ)
Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын
келеді?
(Сөздікте)
Итпен биттің айырмашылығы неде?
(Иттің үстінде бит болады, бірақ биттің
үстінде ит болмайды.)
Құлақ не үшін керек?
(Көзілдірікті ұстап тұру үшін)
Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк
машинаны бір қолымен кім тоқтата
алады?
(Жол полициясы)
Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі?
(Ұзынағашта)
Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе
өліп жатыр?
(Сіріңке)
Бір бөлмеде 9 свеча жанып тұр, үшеуін
сөндірсек қаншауы қалады?
Үшеуі қалады, қалғандары жанып,
таусылып жоқ болады
Үйдің ең суық жері?
(Сырты)
Электровоздың түтіні батысқа қарай
созылып жатса, өзі қай бағытқа қарай
жүріп жатыр?
(Электровоздың түтіні болмайды)
Машинаның қай дөңгелегі айналмайды?
(Запастағы дөңгелек)
Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі?
(Алма ағашында)
Елімізде талдармен жасалған қорған қай
қалада?
(Талдықорғанда)
Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім?
(Басы ең үлкен адам)
Қай сұраққа болымды жауап берілмейді?
(Ұйықтап жатсың ба?)
Есікті ашу үшін не қажет?
(Есіктің жабық болуы қажет)
Теңіздің ортасында не бар?
(“ң” әріпі)
Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай
шығады?
(Үсті су болып шығады)
Бір кісі төсегінің айналасында жүгіріп жүр
екен, себебі не?
(Ұйқысы қашып кетіпті, соны қуалап жүр
екен)
Адам нені бұзғанда қуанады?
(Рекорд)
Балықтар неліктен сөйлемейді?
(Су жұтып қоймау үшін)
Ненің көлеңкесі жоқ?
(Көлеңкенің)
Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында
не бар?
(мен)
Алфавиттің ең соңғы әрібі?
(т)
Саңырауқұлақтар неліктен зонтқа
ұқсайды?
(Жаңбыр астында өскендіктен)
Жеген сайын жылататын нәрсе?
(Таяқ)
Теңіздің суы неліктен тұзды?
Балықтар иістеніп кетпеуі үшін
Алма жегенде ішінен құрт көруден де
жаман не болуы мүмкін?
(Құрттың жартысын көру)
Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда
екеу Астанада көп? Ол не?
(“а” әрібі)

  1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/

  2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/

  3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/

  4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/

  5. Ертістің ортасында не бар? осындай қызықты логикалы сұрақтарды кім біледі,жауабымен болса өтінем!
    Әр пәннен болса жақсы болар еді ,мұғалімдер куніне қоятын.

Қызықты логикалы сұрақтарды кім біледі, жауабымен?

Мұғалімдер бөлмесінде екі жас әріптес сөзге келіп қалды оны үлкендер тоқтатуға да тырыспады, ренжіштің негізгі себебі берілген тапсырманы уақытылы орындамадыңыз деп тапсырма беруші маман ренжішін білдірген еді келесі жас маман оның бұл талапшылдығын түсінгісі келмей сен кімсің маған бұйрық бертін деген сөздер арқылы өз ренжішін бастады. Тіпті бір бірлерінің көңілдерін қалдыратын сөздер айтып жандарын жаралап үлгерді. Отырған үлкендерді сыйламай әбден ұрысты. Бұл түсініспестіктің арты немен аяқталады.



Қандай ұсыныс кеңес берген болар едіңіздер?

Көрініске; 2 жас маман, мұғалімдер бөлмесіндегі 3 әріптес 2 -кеңес беруші.

2 топ

Екі сынып жетекші арасында үнемі бәсекелестік байқалады. Үнемі екі сынып жетекшіде өз сыныптарының жетістіктерін айтып мақтанып отырады. Қандай шара болмасын менің сыныбым ана сыныптан озуы тиіс деген қағиданы ұстанады. Бірінің сыныбы үздік шығып шын марапатқа лайық болса екінші сынып жетекші оны көре алмай ашуға бой беріп келіс сынып жетекшінің еңбегін жоққа шығарады.

Бұл бәсекелестікті қалай тоқтатуға болады. Қандай ұсыныс кеңес берер едіңіздер?



Көрініске: 2 сынып жетекші, 3 оқушы, 2 кеңесші.

3 топ

Бір сыныптың оқушыларының ата-аналары келісіп алғандай осы сыныпқа пән бойынша сабақ беретін мұғалімді жұмысын дұрыс атқармайды өз пәнін уақытылы өткізбейді өткізген жағдайда оқушылар бұл мұғалімнің айтқанын сабақ түсіндіргенін мүлдем оқушылар түсінбейді, сонымен қатар менің ұлымның құлағынан бұрапты деген сөзбен мектеп басшысына келіп отыр, оны естіген пән мұғалімі өзінің қатесін түсініп ата-анаға кешіріңіз менен бір қателік кеткен шығар мектеп басшысына бармай ақ қойыңыз деп өтініш білдірген сөзінеде құлақ аспастан мектеп басшысына кіремін!

кіремін !сені жұмысыңнан шығарамын деп нық бекініп отыр.



Қандай ұсыныс кеңес берген болар едіңіздер?

Көрініске: 1-оқушы, 3 ата-ана, 1- мұғалім, 1- мектеп басшысы.

4 топ

Мұғалімдер бөлмесінде әріптестер үнемі жастарды жамандайды, ешқандай көмектесуді білмейді, бір күн сәлем берсе үш күн бермейді, бір сәлемі үш күндік, сабақтарын әрең беріп кетеді әйтеуір деген сөздерді жастардың құлағы шалады.

Ол кісілерге барып неге бізді соншама жек көресіздер біздер сіздерге не істедік өз жұмысымызды жауапкершілікпен атқарып жүрміз дегендей сөздерді айта алмайды. Ренжіген кейіп қана таныта алады.

Бұл кезде бұндай жағдайды қалай шешуге болар еді.

Барлығыңыз бір - бір ұсыныстан айтыңыздар? Жағдайдың неліктен бұлай болғанын жорамалдап көріңіздер.

5 топ

Өзі лауазымдық қызметкер бола тұра жан жағындағы әріптестеріне деген сыйластығын нақты көрсете алмайды, уақытылы жұмысына қарамаған әріптестерге қатты ескерту береді, ос ескертудің соңы қатты ұрысқа да айналып жатады.



Кейде осы әріптесімізден шаршадық деп күрсінетін мұғалімдердің пікірін естіп қалатын кездер болады. Үнемі айқайға бой беріп әр кімнің мазасын алып құтын қашырып істеп жүрген қызметіне әлсін - әлсін ескерту алып жүрген бір әріптесіміз бір күні сіз өзіңізге қарап алыңыз ешқандай лауазымдық қызметке адамгершілік тұрғысынан лайық емессіз деп айтып салды. Бұндай сөзді күтпеген лауазымдық қызметкер іштей мен саған көрсетемін әлі деп тырнақ тістеп қалды. Сол күннен бастап екеуі еш түсінісе алар емес ол мен үлкенмін өзі келіп кешірім сұрасын дейді келесісі лауазымдық қызметін пайдаланып өзі бірінші маған келсін дейді. Дайындап әкелген құжаттарына қол қоймай қайтарып жіберуді әдетке айналдырды. Әбден шаршап берекеті қашқан мұғалім не істері білмей басы қатып жүр!

Қандай ұсыныс кеңес берген болар едіңіздер?

Баршаңызға сұрақ:

Ұжымның ауыз бір шілігі бекем, жетістіктері көп, үнемі бір бірімен ашық жарқын қауышатындай болуы үшін, бір –бірлерінің қуанышына шын қуанып, қайғысына бірге жаны ауратындай болуы үшін «Жақсы ұжымға» қандай басты ұстанымдар керек деп ойлайсыздар?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет