«Үздік жас педагог – 2020» республикалық байқауының ережесі қолданылу аймағЫ «Үздік жас педагог – 2020»



бет2/3
Дата01.08.2020
өлшемі22.01 Kb.
түріКонкурс
1   2   3
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ



  1. Байқауға қатысу үшін 1-қосымшаға сәйкес өтінім болу қажет;

  2. Байқауға қатысу жарнасы – тегін. Комиссия шешіміне сәйкес, жеңімпаз атанған қатысушыларға бір реттік жарнапұл бекітіледі;

  3. Бір реттік жарнапұл көлемі жеңімпаздар тізімі айқындалғаннан кейін бекітіледі;

  4. Байқауға қатысу үшін педагогтар өтінішті, кестені (үлгілері қосымша тіркелді) және соңғы 3 жылдықтағы жетістіктер портфолиосын (жетістіктері сканерленген нұсқада) жолдауы тиіс;

  5. Ережеге сәйкес қатысушылар құжаттарын тексеру және шешім шығару құқығы тек байқау Комиссиясына беріледі;

  6. Байқаудың ақырғы қорытындысы бойынша наградалары иелеріне, Орталықтың бұйрығымен тіркелген куәлік, диплом және медаль табысталады;

  7. Байқауға кемінде 3 жылдық еңбек өтілі бар әр педагог өзін-өзі ұсыну арқылы немесе мекеме басшысының ұсынысы арқылы қатыса алады;

  8. Байқауға қатысушылардың кәсіби қызметтегі жетістіктері төмендегі критерийлер бойынша бағаланады:

  1. педагогтің кәсіби құзыреттілігі (біліктілікті арттыру, инновациялық білім беру технологияларын, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, кәсіби конкурстарға қатысу, зерттеу жұмыстарының нәтижелері (әзірлемелер, жарияланымдар, жарияланған әдістемелік құралдары);

  2. педагогтің өңірлердегі, республикадағы білім беруді дамытуға қосқан үлесі (мемлекеттік білім беру жобаларын педагогикалық практикаға енгізу жұмыстары, қызметінің бағыты бойынша оқу-әдістемелік кешендер, авторлық бағдарламалар әзірлеу, инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттау).

  3. оқушылар мен тәрбиеленушілер жетістіктерінің оң серпінінде көрсетілген педагогикалық қызметтің нәтижелілігі (оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу, қорытынды аттестаттау, оқушылар мен тәрбиеленушілердің пәндік олимпиадалардағы, конкурстардағы, ғылыми-практикалық конференциялардағы, спорт жарыстарындағы, музыкалық конкурстардағы жетістіктері);

  4. педагогтің кәсіби шеберлігін және жеке тұлғасын бағалау (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық өкілдердің, шығармашылық қоғамның пікірлері, әдістемелік өнімдерге рецензия, алғыс хат, мақтау қағаздары, дипломдар);

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әр қатысушы ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған және қажет деп табылған құжаттар тізімін толықтырып, түгендеп, 2020 жылы ақпан айының 15 жұлдызына дейін Орталықтың prof-pedagog@mail.ru немесе prof_pedagog@mail.ru электронды поштасына жолдауы тиіс (конкурсқа қатысу үшін жіберілетін құжаттардың үлгілері қосымша парақта).

Қосымша ақпараттар үшін байланыс телефоны:

+7(7172)26 91 66, +7 (7172) 26 92 89

Сайт: www.prof-pedagog.kz

Электронды пошта: prof-pedagog@mail.ru prof_pedagog@mail.ru



Қосымша -1

Өтініш үлгісі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет