"Зерделі отбасы"



Дата04.03.2020
өлшемі29,36 Kb.
#59529
Байланысты:
зердели отбасы план
бакытты сат, 1 апта этно
Математикадан 6 сыныптар арасында өткізілген "Зерделі отбасы" атты отбасылық интеллектуалды сайыс
Мақсаты: Ата - аналарды балаларымен бірге мектепішілік іс - шараларға қатыстыру, отбасы мүшелерін алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру. Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру. Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Барысы:

Мұғалім сөзі:

Қайырлы күн құрметті ұстаздар,ата-аналар және оқушылар! Бүгінгі оқушы – Егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек, осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тəрбиелі, мəдениетті азаматтар шыға қоярма екен деген ой да көпшілігімізді, əсіресе тəрбие негізі қаланатын мектептегі ұстаздар қауымын толғандырады. Əрбір халық ұрпағымен көктеп өркен жаяды. Əрбір мемлекет рухы таза , санасы биік, білімді де білікті ұрпағынан қуат алады, ол өзінің əрбір жаңа буын жас ұрпағы жетілген сайын дамудың жаңа биіктеріне көтеріледі. Адамзат тарихында Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ұлы Əбунасыр əл – Фараби: « Адамға ең бірінші білім емес, тəрбие беру керек, тəрбиеміз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат əкеледі» деген екен. Біз қашан да «Білім мен тəрбие егіз» дейміз.Яғни ата-ана өз балалары үшін қандай маңызды роль атқарса, ұстаздар қауімінің де маңызы зор дегіміз келеді.Олай болса қадірлі көрермендер, бүгінгі «МИФ кемесі - білім теңізінде» апталық аясында өткізіліп отырған ең қызықты, ең әсерлі «Зерделі отбасы» отбасылық интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер!

Ендеше қатысушыларымызбен таныс болайық!

6 «А» сыныбы - «Хамитовтар» отбасы , анасы -

6 «А» сыныбы – «Мамбетовтар» отбасы , әпкесі Сактаганова Зарина, інісі-Елікбай Замир

6 «Б» сыныбы – «Мырзахметовтар» отбасы ,анасы –Дайыр Зоя,баласы –Бақытжан Фатима

6 «Г» сыныбы- «Балғынбаевтар» отбасы ,әкесі –Балғынбаев Мейрамбек,баласы –Амирбек Дастан


Сайысымызды бастамас бұрын ең алдымен қатысушылардың біліміне баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

Директордың ҒӘЖЖ орынбасары: Бадаева М.С

Математика пәні мұғалімдері: Жумабекова Р.Ш

Зимолдина Р.Қ

Ал енді сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейік:


  1. «Таныстыру» (0-5 ұпай)

  2. «Поле чудес» (логикалық сұрақтар) (1 ұпай)

  3. «Ғажайып жұлдыздар» (жұмбақтар) (1 ұпай)

  4. «Сандар сыры» (мақал-мәтелдер) (1 ұпай)

  5. «Кім жылдам?» (шырпымен ойын) (1 ұпай)

  6. «Сиқырлы шаршы» (рефлексия)

  7. «Көшбасшы» тренинг (Айна әдісі)

  8. Әділқазы алқалары сайысты қорытындылайды

Әр кезеңнің өз ұпай сандары болады. Мақсаты көбірек ұпай жинау. Ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз болады. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін. Олай болса,сайысымызды бастаймыз

1.Таныстыру «Ыстық лебіз» әдісі арқылы ,ата-аналар өздерін таныстырып,қатысушыларға сәттілік лебіздерін білдіреді.
2.«Поле чудес» бұл кезеңде барабанда берілген логикалық тапсырмаларды орындайды.Әр дұрыс жауап 1 ұпайға тең,егер топ өздеріне берілген сұраққа жауап бере алмаса,қарсылас топтар жауап беру мүмкіндігін алады.

Тапсырмалар

1)Бір адамнан, қанша балаң бар деп сұрағанда, ол мысқылдап:
«Менде қанша қызым болса, сонша ұлым бар. Әр ұлымда 3 қарындасы бар». Бұл отбасында неше бала? (6)

2) .Бір отбасында екі әкесі және екі ұлы бар. Отбасында неше адам бар? (3) ата, әке, немере



3)Таяқтың екі басы бар. Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады? (2)

4) Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты? (13)

5) Ойыншылар шахматты 4 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады? (4)
6) Бір тонна көмір ауыр ма, бір тонна макта ауыр ма? (тең)

7)1 жұмыртқа суда 3 минутта піседі,4 жұмыртқа қанша уақытта піседі? (3 минут)

8) Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)

9) Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

10)  Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

11)  Жеті күнге тең, уақыттың өлшем бірлігі. (апта)

12)Айгерімнің әкесінде 3 қыз бала бар: Гүлсая,Жансая және .... (Айгерим)



2 . «Ғажайып жұлдыздар» бұл кезеңде әр топқа 4 жұмбақтан жасырылады,жұмбақтың жауабын тауып 3 тілде аудару керек. Тақтада ілінген 3 түсті жұлдыздан тапсырмаларды таңдап алады .Әр дұрыс жауап 1 ұпайға тең,әр тілдегі аударма үшін 1 ұпайдан қоясыздар.Егер топтар сұраққа жауап бере алмаса келесі топтар жауап бере алады.


Қадірін білсең егер сен, 
Қол ұшын берер ол саған 
Есептеп жүрсең бәрін де, 
Сүрінбейсің өмірде – дей отырып «Ғажайып жұлдыздар» кезеңімізді бастайық
Қызыл жұлдыз
1) Екі қолда қанша саусақ бар, он колда ше?( 50-пятьдесят- ) 
2) Түйе 10 пұт жүкті 1 сағат бойы көтеріп тұрса, 1000 пұт жүкті қанша уақыт көтеріп тұра алады? (1 cағат-один-уан) 
3) 3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3-три-сри) 
4) Қырықаяқта неше жұп аяқ бар? (20-двадцать- )
5) Бір ыдыстағы 3 жұмыртқа 9 минут піссе, сол ыдыстағы 1 жұмыртқа неше минут піседі?  (9 мин- девять-найн)
Сары жұлдыз
1) 1 т мақта ауыр ма, 1 т темір ауыр ма? (тең-равны ) 
2) Егер тырна 1 аяғымен тұрса 3кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг-три-сри) 
3) Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?(5-пять-файф) 
4) 1 кг етті пісіру үшін 2 сағат уақыт керек. А л 2 кг етті пісіру үшін қанша сағат уақыт керек? (2 -два-ту)
5) Үш орындықтың аяғы нешеу? (12-двенадцать-туенти)
Жасыл жұлдыз
1) Бір жанұяның 5 ер баласы, және олардың әрқайсысында қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6-шесть -сикс) 
2) Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әр қайсысы неше сағат ойнады? (4 –четыре-фо)
3) Бірге жегілген 3 ат 17 км жүрсе, бір ат қанша км жүреді? (17- семьнадцать-
4) Он екі айды бір сөзбен айт. (жыл-год-year)

5) Қабат-қабат, қаттама,

Ақылың болса, аттама.

Кітап, книга, book

6) Нәрселерді санағанда

керек ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай?

Натурал сан, натуральные число, real

7) Жоқ өзінде бас та, қас та мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында?

сызғыш, линейка,rule


3. «Сандар сыры» бұл кезеңде мақал-мәтелдердің басын айтамын,жалғасын табасыздар. Ойын шаршы әдеттегідей 1 ұпаймен бағаланады. Жауап болмаса,қарсылас топтар жауап беру мүмкіндігін алады.

1 топ. 
1) 2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас
2) Бес бармақ жиналса, жұдырық болады. 
3) Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді. 
4) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл. 
2 топ 
1) Бір тал кессең, он тал ек. 
2) Бес саусақ бірдей емес. 
3)Досынды үш күн сынама, үш жыл сына
4) Бір жақсы дос, жүз туыстан артық. 
3 топ. 
1) 100 сомын болғанша, 100 досын болсын. 
2) Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік жолға азық ал. 
3) Айдың он бесі жарық, он бесі қараңғы. 
4) 1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді. 

  1. топ

1)Алты жыл аш болсаң да,Ата салтыңды сыйла

2)Жалқаудың екі досы бар: Бірі-ұйқы, бірі-күлкі



3)Алты аға бірігіп әке болмас,Жеті жеңге бірігіп ана болмас.

4) Болар бала он бесінде баспын дейді,
Болмас бала жиырма бесте жаспын дейді»
4. «Кім жылдам?» бұл кезеңде барлық топтарға қағазға жазылған шырпымен құрастырылған 2 есептен беріледі. Топтар 5 минут уақыт ішінде дұрыс жауапты жазуы керек.Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады
1-тапсырма

Бір таяқшаның ғана орнын ауыстырып,дұрыс теңдікке келтіріңіз

IV-V=I

(VI-V=I)
IX-II=XII

(X+II=XII)

2-тапсырма

Қалақшаның ішіндегі қоқыс қалақшаның сыртында қалатындай етіп 2 таяқшаның орнын ауыстырыңыз




5. «Сиқырлы шаршы» ата-аналар,оқушылар бұл сайыста барлық тапсырмаларды өте жақсы орындадыңыздар,жақсы әсер алдыңыздар деген үміттемізАл қазыр алдарыңыздағы стикерге сайыстан алған әсерлеріңізді бір-екі ауыз сөзбен жазып кетсеңіздер,алдағы уақытта қандай ұсыныстарыңыз бар сайыс бойынша.Біз лебіздеріңізді оқып,нәтижеге жеткізуге тырысамыз.

6. «Көшбасшы» тренинг

Құрметті ата-аналар,оқушылар сайысымызды әділқазы алқалары қорытындылағанша сіздермен тренинг өткізсем. Көшбасшы ұғымы бәрімізге таныс , Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – бұл басқа

адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені

жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың

қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға

бағыттай алады. Көшбасшылықты әдетте ақыл, сауаттылық деңгейі, сенімділік пен

әлеуметтік қатысу, әлеуметтік-экономикалық статус түсініктерімен байланыстырады [1].

Көшбасшы мен Басшы деген ұғымдардың мағынасы ажырата білу керек. ,  Көшбасшы  адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде  болашақты көр

қасиеті арқылы  адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды 



Сіздердің әр қайсысыларыңыз өз отбасыларыңызда,өздеріңіздің жолдастарыңыздың алдында көшбасшысыздар . Ең бастысы сіз үйлеріңіздегі балаларыңызды бағыт-бағдар беретін ,олар сіздерге қарап бой түзейді.

Кезекті әділқазы алқаларына береміз.

Қорытынды сөз.


Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсын» деп бекер айтпаған. Баланы ерте жастан тəрбиелеп, өмірге бағыт-бағдар беріп отыру біздің міндетіміз. Халқымыздың «Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата-анаға бала қадірлі» деген аталы сөз тегін айтылмаса керек. Сондықтан бала тəрбиесінде мектеп, отбасы, қоғам серіктестігінің де алар орны ерекше дегім келеді. Осы үшеуінің арасында əрқашан мықты көпір, үзілмес байланыс болса, білімнің сапасы да артып нұр үстіне нұр болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет