Зәрдің жалпы қасиеттері мен құрамы қалыпты патологиясы



Дата08.11.2023
өлшемі360,52 Kb.
#190169
түріҚұрамы
Байланысты:
зәр

Зәрдің жалпы қасиеттері мен құрамы қалыпты патологиясы

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Зәрдің құрамы

Зәрдің құрамы. Адам зәрінің шамамен 96% су, 1,5% бейорганикалық заттар. Зәрде хлорлы натрий мөлшері көбірек, сульфаттар, фосфаттар, калий, кальций, магний карбонаттары аз мөлшерін құрайды. Зәрдің құрамында 2,5 % органикалық заттар болады. Әсіресе, несепнәр (мочевина) зәр қышқылы көбірек кездеседі. Несепнәр бауырда аммиактан түзіледі. Ересек адам тәулігіне шамамен 1,2–1,6 л зәр бөледі. Көптеген ауруларды анықтау үшін зәрді анализге алып зерттейді. Зәрдің сарғыш түсті болуы оның құрамындағы урохром пигментіне байланысты. Урохром гемоглобиннің ыдырауынан, ішек пен бүйректе өт пигментінен түзіледі. Зәрдің құрамындағы азотты өнімдер несепнәрмен бірге шығарылады.

Зәрдің түзілуі

Бүйректен тәулігіне 1700–1800 л астам қан ағып өтеді. Бүйректе зәрдің түзілуі, оның қанмен ерекше қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты (бүйректе капилляр қантамырлары екі рет тор шумағын құрайтынын естеріңе түсіріңдер).

Бүйректе зәрдің түзілуі 2 кезеңнен тұрады: сүзілу (фильтрация), және қайта сіңірілу (реабсорбция). Латынша абсорбция – сүзілу, ре – қосымша кері, қайтадан деген ұғымдарды білдіреді.

Зәр түзілудің сүзілу кезеңінде зәр бүйректің қыртысты затында орналасқан бүйрек денешігіндегі капилляр шумағындағы қаннан бөлінеді. Мұны бірінші реттік зәр түзілу деп атайды. Бірінші рет түзілген зәрдің мөлшері өте көп болады. Бүйректен ағып өтетін әрбір 10 л қаннан 1 л бірінші реттік зәр түзіледі. Бірінші реттік зәрдің құрамы қан плазмасына ұқсас, бірақ онда нәруыздар болмайды.

Бірінші рет түзілген зәрдің құрамындағы судың көп мөлшері қайтадан қанға өтеді. Сонымен бірге ағзаға қажетті қант, аминқышқылдары, натрий, калий иондары, су және басқа заттар қайтадан қанға сіңіріледі. Судың және басқа заттардың қайтадан қанға сіңірілуі нәтижесінде тәулігіне шамамен 1,5 л екінші реттік зәр түзіледі.

Зәр түзу процесі тек қана сүзу және сіңіру процестерінің нәтижесінде ғана жүрмейді, ол бүйрек торшаларының белсенді әрекетімен атқарылатын процесс. Бүйректе күрделі синтездеу процестері жүреді. Зәр қүрамына енетін гиппур қышқылы бүйректің өзінде түзіледі. Бүйректе аммиак пен креатининнің де көп мөлшері түзіледі. Секрециялық кызмет арқасында бүйрек арқылы организмге енген дәрі-дәрмектер шығарылады.

Зәр түзу процесі тек қана сүзу және сіңіру процестерінің нәтижесінде ғана жүрмейді, ол бүйрек торшаларының белсенді әрекетімен атқарылатын процесс. Бүйректе күрделі синтездеу процестері жүреді. Зәр қүрамына енетін гиппур қышқылы бүйректің өзінде түзіледі. Бүйректе аммиак пен креатининнің де көп мөлшері түзіледі. Секрециялық кызмет арқасында бүйрек арқылы организмге енген дәрі-дәрмектер шығарылады.

Алғашқы зәр құрамындағы заттар екі топқа бөлінеді: шығару, табалдырығы жоғары және шығару табалдырығы төмен заттар. Шыгару табалдырыгы жогары заттарга алғашқы зәрден қанға кері сіңірілетін қосылыстар – глюкоза, хлоридтер, фосфаттар, калий, кальций, натрий, зәр қышқылы – жатады. Бұл заттар нағыз зәрде тек қана олардың қандағы мөлшері шамадан тыс жоғарылағанда ғана байқалады. Мысалы, алиментарлықгипергликемия, сусамыр (диабет) ауруы салдарынан зәрде қант пайда болады.

Зәрдің салыстырмалы тығыздығы

Меншікті салмағы немесе зәрдің салыстырмалы тығыздығы. Зәрдің қалыпты жағдайдағы меншікті салмағы 1,010-1,025.

Түсі. Қалыпты жағдайда түсі ақщыл-сарыдан қою сарыға дейін өзгереді. Зәрдін түсін құрамындағы пигменттер қалыптастырады: урохром, урозеин, уроэритрин, стеркобилин.

Мөлдірлігі: жаңадан шығарылған кезде ол мөлдір, ал тұрып қалған кезде жеңіл лай сияқты бұлыңғырт болады.

Зәрдің РН 5-7 арасында, яғни әлсіз ортадан бейтарап ортаға дейін болады.

Бүйрек тасы (уролитиаз)

Бүйрек тасы (уролитиаз). Зәрдің құрамындағы қатты заттар (зәрқышқылы, кальций фосфаты) өте нашар ериді. Егер қатты заттардың мөлшері зәрде көбейіп кетсе, зәр жолында қатайып тасқа айналады. Тас өте ірі болса, зәрдің шығуына кедергі келтіреді. Хирургиялық жолмен алуға тұра келеді.

Зәр шығару жүйесінде жиі кездесетін аурудың бірі – қуықтың қабынуы (цистит). Грекше «kystіs» – қуық деген ұғым. Бұл ауру көбіне қуыққа суық тиюден болады да, зәр тоқтамайды. Сондықтан мұндай ауруға шалдыққан адам міндетті түрде дәрігерге қаралуы керек.

Балаларда көбірек кездесетін бүйрек ауруы – түнде зәр тоқтамау (энурез). Бұл ауруды шыжың деп атайды. Ол бадамша бездерінің, жұлын қызметінің бұзылуынан болады. Ауру көбіне 2 жастан асқан балаларда жиі кездеседі. Ондай ауруды дәрігерге көрсету қажет. Бүйрек ауруларын емдейтін дәрігерді уролог деп атайды.

Қорытынды

Адамның Зәр шығару жүйесі зәрді өндіретін бүйректен, зәрді шығаратын бүйрек тостағаншалары мен бүйрек астауларынан, несеп (зәр) ағардан, қуықтан, несеп түтігінен тұрады. Бүйрек экскреторлық орган ретінде организмнен []азоттық зат алмасу өнімдерін – мочевинаны, креатинді, мочевина қышқылын, артық тұздар мен суларды, т.б. бөтен заттарды шығарады. Бүйректің басты қызметі – организмдегі су-электролиттік алмасуды реттеу. Су-электролиттік алмасу реттелген жағдайда, организмдегі қанның көлемі мен осмостық қысымы және денедегі сұйықтық өз қалпын сақтайды. Сондай-ақ, бүйрек организмдегі қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің негізгі реттегіші болып саналады. Организмнен шығуға тиісті зәр бүйрек астауларынан несеп ағарға, одан біртіндеп қуыққа түседі.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет