Зияткерлік сайыс 5 6 сыныптарға арналған тарих апталығында өткен «Кім білгір ?» сайысы Дайындап өткізген чиющалинова карлыгаш елюбаевна сайыстың мақсаты



Дата02.07.2018
өлшемі301,2 Kb.
#45887
ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС 5 - 6 сыныптарға арналған

тарих апталығында өткен «Кім білгір ?» сайысы

Дайындап өткізген ЧИЮЩАЛИНОВА КАРЛЫГАШ ЕЛЮБАЕВНА
Сайыстың мақсаты:

  • Оқушылардың сабақтан алған білімдерін пысықтау.

  • Оқушылардың өз білімдерін жеткізе білу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  • Ортада өзін ұстауға, сабырлылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.
    Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, шарлар
    Түрі: жарыс сабақ Әдісі: сұрақ – жауап /логикалық сұрақтар, суретті сұрақтар, терминдік сұрақтар/
    Сайыстың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
    Жүргізуші сөзі: - Армысыздар, қадірменді оқушылар! - Армысыздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар! Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихы, шежіресін білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. «Кім білгір?» зияткерлік тарихи танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер. Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі сайысымызға 5-6 сынып оқушылары арасындағы «Кім білгір ?» атты сайысқа қош келдіңіздер.

Жүргізуші:

Ғылымның сырын ұғына


Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Білімнің нәрлі сырына

Сайыс 5 кезеңен тұрады / тақтаға сайыс шартары кезеңдері жазылып ілінеді/

  • 1. Біліміңді сына / шарты: сұраққа тез жауап беру/ 

  • 2. Тарихқа саяхат /шарты: тарихи хронологиямен жұмыс./ 

  • 3.Тұлғаны таны / шарты көрсетілген фотосуреттегі тұлғаның өмірбаянына тоқталу.

  • 4.Тарихи терминдер.

  • 5. Сұраққа жауап беру
    Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Олар: аты жөндері айтылады

Сайысымызға қатысушыларды анықтау үшін іріктеу кезеңі өткізіледі ең көп ұпай санын жинаған оқушылар сайысқа қатысады

Бір-біріңді тексер.

1.Қазақстанның астанасы болған қалалар. (Орынбор, Қызылорда,

   Алматы, Астана)

2. Кез-келген мемлекеттің тұрғындары қалай аталады? (халық)

3.«Невада-Семей» қозғалысының ұйымдастырған қоғам қайраткері?   

     (Олжас Сүлейменов)

4. БҰҰ «Қазақстан қай жылы БҰҰ-ның құрамына енді? (1992ж)

5. ҚР-дың жер көлемі? (2717 ш/м)

6. Қазақстан қандай елдермен шекаралас? (Ресей, Қытай,

    Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан)

7. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы заң қашан 

    қабылданды? (16.12.1991ж.)

8. Желтоқсан құрбандары. (Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,

     Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова)

9. Әл-Фараби кім?

10. Астана қаласының символы? (Бәйтерек)

11. Ең тұщы көл? (Марқакөл)

12. Қаһарман – жазушы? (Б.Момышұлы)


13. Көшпелілердің жазда мал жаю орындары ЖАЙЛАУ
14. "Тат" сөзінің мағынасы ҚҰЛ
15. Қарахан мемлекетінің астанасы БАЛАСАҒҰН
16. Бізге жазба деректерден белгілі сақ патшасы ТОМИРИС
17. Әл - Фараби (870 - 950 жж.) дүниеге келген қала ОТЫРАР
18. Отырар апаты болған жыл 1218
19. Ахмет Иассауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынды? ӘМІР ТЕМІР
20. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан қала? ТҮРКІСТАН
21. Х ғ. ислам дінін алғаш рет мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекет ҚАРАХАН
22. Таза малмен айналысатын шаруашылық? КӨШПЕЛІ
23. Ұлы Отан соғысы аяқталды 1945ЖЫЛЫ
24. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша АННА ИОАННОВНА
25. Абылай ханның өмір сүрген жылдары 1711 - 1781
26. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК
27. 16 желтоқсан – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
28. Тәуелсіз Қазақстанның Әнұранының жаңа мәтіні қабылданды? 1992 ЖЫЛЫ ЖЕЛТОҚСАНДА
29. Астана Ақмолаға көшірілді? 1997 ЖЫЛЫ
30. Астана қаласының 1998 жылға дейінгі атауы АҚМОЛА
31. 1993 ж. 28 қаңтарында қабылданған Конституциядағы қазақ тілінің мәртебесі МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ
32. 1999 ж. жарық көрген Н. Назарбаевтың еңбегі ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА

Сайысымызға қатысушыларды анықтау үшін іріктеу кезеңі өткізілді ең көп ұпай санын жинаған оқушылар сайысқа қатысады, оларды қол соғып ортаға шақырайық. Сайысымызды бастаймыз!!!
Сайысымыздың І- кезеңі
Біліміңді сына / шарты: сұраққа тез жауап беру/ 
1. Өзіміздің рәміздерді ата және олардың авторлары : /ту ,елтаңба ,гимн /

Елтаңба: Шотаман Уалиханов. Жандарбек Мәлібеков.


Ту: Шәкен Ниязбеков.
Гимн : Жүмекен Нәжімеденов.Н.Назарбаев.Ш.Қалдаяқов
2.Тарих сөзі қандай мағына береді? / зерттеу, өткен оқиғалар жайлы әңгіме/
3.Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді? / 4 .

Ежелгі Қазақстан тарихы. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы.Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы /


4. Қ Р тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қай жылы президент болып сайланды? / 1991 жылы 1 желтоқсанда/
5.Карта қандай мағына береді? / немісше түпнұсқа, ал грекше «жазу папирусы» деген мағына береді /
6.Тарихта ең ұзаққа созылған кезең? / ежелгі тас дәуірі палеолит. Б. з.б 2,6 млн жылдан –б.з.б .12 мың жыл аралығын қамтыды /
7. Ғалымдар алғашқы адамды қалай атады ? / епті адам. Африкада Кения Олдувай шатқалынан ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын пайда болған. /
8.Қазақстан аумағында алғашқы адамдар шамамен қашан пайда болды? / 1 млн-дай жыл бұрын/
9.Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? / 1941-1945 жж /
10. Ежелгі сақтардың ел билеген атақты әйел патшаларының бірі? / Тұмар.Томирис

ІІ кезеңі .Тарихқа саяхат /шарты: тарихи хронологиямен жұмыс. / 
Сайысымыздың ІІ бөлімі «Тарихқа саяхат». /шарты: тарихи хронологиямен жұмыс./ 
1.Ежелгі тас дәуірі (палеолит) уақытына ата: / б.з.б. 2 млн 600 -12 мың жыл / 
2.Орта тас ғасыры (мезолит): / б.з.б.12-5 мың жыл бұрын/
3.Жаңа тас ғасыры (неолит): / Б.з.б. 5-3 мың жыл бұрын/
4. Мыс-тас ғасыры (энеолит): / б.з.б 3 мың-1800 жыл/
5.Қола дәуірінің уақыты: /б.з.б. 2 мың жыл-8 ғасыр/
6.Ерте темір дәуірі: / б.з.б 8 ғасыр-б.заманымыздың 5 ғасыры /
7.ҚР ұлттық валютасы қай жылы енгізілді? / 1993 жылы 15 қарашада /
8. ҚР жаңа Конституциясы қашан қабылданды? / 1995 жылы 30 тамызда /
9.Алматыдағы желтоқсан көтерілісі қай жылы болды? / 1986 жылы 17-18 желтоқсанда
ІІІ кезеңі: Тұлғаны таны / шарты көрсетілген фотосуреттегі тұлғаның өмірбаянына тоқталу, сұраққа жауап беру.

Мысалы: 7 . Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова
Дүниеге келгені: 1924 ж. 15 маусым Бұлақ ауылы, Қобда ауданы, Ақтөбе облысы
Қайтыс болғаны: 1944 ж. 14 қаңтар Казачиха деревнясы,Новосокольники ауданы, Псков облысы
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), снайпер, ефрейтор. Кеңес Одағының Батыры 54-атқыштар бригадасының мергені Ленинградты қорғаған



Сайыс алдында бұл туралы мағлұмат алдын ала беріледі, оқушылар дайындалады, ал кімге қай сұрақ келеді бұл сол сәтте кездейсоқ шешіледі.

Ұпай саны үнемі саналып баяндалып отырады әділ қазы мүшелері

ІVкезеңі: жартылай финал . Тарихи терминдер
1. Нумизматика нені қандай ғылым? / тиындар, құйма ақшалар .тиындар ақша айналымын зерттейді./
2. Геральдика ұғымы : / елтаңбатану ғылымы, елтаңбаларды арнай деректеме ретінде зерттейтін ғылым/
3.Антропология қандай ғылым: / адам қаңқасын зерттеу арқылы адамның дене

бітімін , сипатын анықтайтын тарихтың бір саласы /


4. Иероглиф- жазудың бңр түрі . оның таңбалары ретінде заттың , өсімдіктің, жануарлардың ,құстың суреті қолданылған.
5.Этнография- / халықтардың шығу тегін,рулық-тайпалық және әлеуметтің құрамын, тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрпын ерекшелігін зерттейтін ғылым/
6. Топономика-/ жер-су атауларының шығу тарихын зерттейтін ғылым саласы. /
7.Этнос-белгілі бір аумақта тұратын, тілі мен ділі, шығу тегі ортақ ұлт.
8.Теология-дін ілімін зерттейтін ғылым.
9.Археология-заттай дерек бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым.

ИРКШ-КИР                                       Ш

ИСИРМТОЫ-ТОМИРИС                Ы

ПАСПАРГР-СПАРГАП                  Р

АИРИАД-ДАРИЙ                          А

ҚРДЛАЕНАСК-АЛЕКСАНДР    Қ

V кезеңі: Сұраққа тез жауап беру.

1. Мемлекеттің негізгі заңы? (Конституция)

2. Адамдардың бір-бірін түсіну құралы? (Тіл)

3. Конституцияда қанша бөлім бар? (9)

4. Қазақстан қашан өз егемендігін жариялады? (25.10.1990ж)

5. ҚР азаматтары қандай білім алуға міндетті? (Орта білім)

6. Қазақстанның әрбір азаматының ең басты құқығын ата. (Әркімнің өмір сүруге құқығы бар)

7. Қазақстанның премьер-министрі кім? (Серік Ахметов)

8. Заң бойынша бала деп кімді атайды? (18 жасқа толмаған адам)

9. Заң шығарушы орган қалай аталады? (Парламент)

10. Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы. (Бостандық)

11. Ақан серінің сүйікті тұлпары. (Құлагер)

12. Қозы Көрпеш Баян Сұлу эпосының 2 кейіпкері – бай? (Қарабай, Сарыбай)

13. «Сарыарқа» күйінің авторы. (Құрманғазы)

14. Қазақ мемлекетін құрған хандар. (Жәнібек, Керей)

15. Қазақстан валютасы. (Теңге)

16. Біздің Елбасы? (Н.Ә.Назарбаев)

17. Қазақстан Елтаңбасында қандай жануар бейнеленген? (Жылқы)

18. 16 желтоқсан тойланатын мереке? (Тәуелсіздік күні)

19. Қазақстанның ең үлкен көлі? (Балқаш)

20. Қазақстандық тудың түсі. (Көк)

21. Тудағы бейнеленген құс. (Бүркіт)

22. Қазақ халқының ертегілеріндегі сақалсыз алдамшы адам. (Алдар Көсе)

23. Ақмола облысының облыс орталығы. (Көкшетау)



24. Қарағай ормандары, қай курорттың әшекейі болып есептелінеді. (Бурабай)

  • 25. Алматыдағы биік таудағы сырғанағы. (Медеу) 
    Әрі қарай 5 - кезеңнің қорытындысы бойынша нәтижелер шығарылып, жеңімпаздар анықталады, салтанатты түрде марапатталады. Қадірменді оқушылар! - жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар! Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихы, шежіресін білуге ұмтылған жас шәкіртер. «Кім білгір?» зияткерлік тарихи танымдық ойынын аяқтауға рұқсат етіңіздер. Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі сайысымызға 5-6 сынып оқушылары өз білімдерін көрсетті жеңімпаздарын құтықтаймыз!!!




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет