Α + β + γ = 180⁰;P = a + b + c; p =;P периметр; р жарты периметр


§2.5. Үшбұрыш тақырыбына берілген тапсырмалар



бет2/2
Дата30.01.2022
өлшемі171,2 Kb.
#130184
1   2
Байланысты:
11с Үшбұрыштар

§2.5. Үшбұрыш тақырыбына берілген тапсырмалар.

1. Сымнан қабырғасы 16 см тең қабырғалы үшбұрыш құрастырылды. Егер осы сымды жазып, одан квадрат жасаса, онда оның ауданын табыңыз.

A) 144 см2 B) 100 см2 C) 81 см2 D) 36 см2 E) 64 см2

2. Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығы натурал санмен өлшенеді. Оның периметрі 12 см. Берілген сандардың қайсысы осы үшбұрыштың ауданы болуы мүмкін?

A) 6 B) 12 C) 24 D) 4 E) 16

3. Сымнан қабырғасы 3 см болатын шаршы құрастырылған, егер осы сымды жазып, одан тең қабырғалы үшбұрыш жасаса, онда оның ауданы нешеге тең?

A) 9 B) 2 C) 4 D) 16 E) 2

4. Гүл алаңының пішіні тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалынған. Қабырғасының ұзындығы 9 метр. Осы гүл алаңына 90 гүлді, 10 гүлден тең бөліп отырғызу үшін қабырғалыры неше метр үшбұрыштарға бөлу керек?

A) 1,5 B) 4 C) 3,5 D) 4,5 E) 3

5 . Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері берілген: а = 7 см , b = 4 см.

Үшбұрыштың ауданын табу керек.

A) 14 см2 B) 28 см2 C) 11 см2 D) 56 см2 E) 16 см2

6. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің біреуі 12 см тең, ал екіншісі 3 см-ге кем. Гипотенузаны табыңыз.

A) 15 см B) 11 см C) 13 см D) 9 см E) 17 см

7. Жерге лентамен бекітілген батпырауық ауада 60 метр биіктікте қалықтап тұр. Лента жер бетімен 30⁰ бұрыш жасаса, онда лентаның ұзындығын табыңыз.

A) 60 м B) 90 м C) 100 м D) 120 м E) 30 м

8. Жерге 20 лентамен бекітілген батпырауық ауада қалықтап тұр. Лента жер бетімен 30⁰ бұрыш жасаса, онда батпырауық қанша метр биіктікте қалықтап тұр?

A) 10 м B) 50 м C) 20 м D) 25 м E) 30 м

9. Үшбұрыштың қабырғалары 4:5:6 қатынаста, периметрі 30см. Үшбұрыштың кіші қабырғаласын тап.

A) 6 см B) 8 см C) 10 см D) 12см E) 15 см

10. Үшбұрыштың бір қабырғасы 5 см, екіншісі 8 см, үшіншісі х см. Сандардың қайсысы х-тің мәні болуы мүмкін?

A) 2 B) 3 C) 12 D) 13 E) 14

11.Үшбұрыштың бір қабырғасы 7 см, екіншісі 9 см, үшіншісі х см. Сандардың қайсысы х-тің мәні болуы мүмкін?

A) 2 B) 3 C) 16 D) 17 E) 18



12.Үшбұрыштың бір қабырғасы 5 см, екіншісі 8 см, үшіншісі х см. Сандардың қайсысы х-тің мәні бола алмайды?

A) 13 B) 12 C)11 D) 4 E) 5

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет