— 94 —
Б
аспана жайлы
Ұ
ланнан жеке ақылы консультация үшін:
8-700-298-72-83 (W
hats
A
pp
)
жауап нұсқасы болмаса, сұрақтың жауабын
алғысы келеді.
• сторителлинг әдісін қолданыңыз. Қазіргі
таңда оқырмандардың басым көпшілігін қы-
зықтыратын әдіс. Дәл осы нұсқаулықпен бел-
гілі бір оқиға арасында әңгіме өрбітіп мәтін
жазатын болсаңыз, қаралым сапасы, лүпіл
саны да көп болады.
Бұл сөйлемдердің бастамасы оқырман үшін
әрқашан қызықты. Түрлі мәтін жаза келе, өзіңіз
де түрлі амалдар ойлап тапсаңыз болады. Ол тіпті
сіздің көңіл-күйіңізден бастап, соңғы болып жатқан
елдегі жаңалықтармен байланысты болуы мүмін. Ал
мәтіннің құрамына келетін болсақ, сапалы, сауатты
болу шарт. Неғұрлым мәтіндегі сөйлеміңіз қысқа болса,
оқырманға да тез әрі жылдам қабылданады.
Зерттеу
нәтижесі бойынша 8 сөзден тұратын сөйлемді
оқырман 100%-ға, 14 сөзден тұратын сөйлемді оқы-
рман 90%-ға, 40 және одан да көп сөзден тұратын
сөйлемді 10% ғана қабылдайды.
Студент кезіңізде
жазған реферат пен дипломдық жұмысыңызды
еске түсіріп көрсеңіз, бір сөйлемді 10 есе ұзартуға
тырысқан шығарсыз. Ал инстаграмда керісінше
оны жеңіл, әрі жылдам оқылатындай жазғаныңыз
абзал. Сөйлемді қысқарту үшін қыстырма сөздерді
алып тастауға болады. Сондай-ақ, жазған мәтініңізді
бірнеше қайтара оқып, ішіндегі артық сөздерді алып
тастаңыз. Бастысы сөйлем мағынасын жоғалтпаса
болғаны. Бір ойдан екінші ойға ауыспаңыз. Ойсыз,
мағынасыз мәтін жазыңыз демейміз. Тек әр
сөйлеміңіз бір ойдың қорытындысы болсын. Ал екінші
— 95 —
Достарыңызбен бөлісу: |