— 1 — dauletten қосымшасындағы баспанаға бағыт ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін



Pdf көрінісі
бет50/114
Дата08.12.2023
өлшемі4,12 Mb.
#195608
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   114
Байланысты:
«Бизнеске бағыт» кітабы.

 — 86 —
Б
аспана жайлы 
Ұ
ланнан жеке ақылы консультация үшін: 
8-700-298-72-83 (W
hats
A
pp
)
Бастысы сан емес, сапа екенін ұмытпағаныңыз жөн. 
Қазір инстаграм арқылы кез келген қызмет түрін, 
тауарды оп-оңай сатуға болады. Тек оны халыққа 
дұрыс ұсына білу керек. «Инстаграм арқылы не 
сатамын?» деп ойланып көрдіңіз бе? Кез келген қызмет 
түрі, (психологтар, дизайнерлер, сұлулық салондары, 
заңгерлер) тауарлар (тағам, киім мен аяқ-киім, гүлдер, 
жиһаз, әшекей бұйымдар) тіпті өзіңіздің хоббиіңізді де 
кәсіпке айналдыруға болады. Егер сіз жиһаз сататын 
болсаңыз, онда парақшада сапалы суреттер басым 
болуы керек. Ал егер заңгер немесе психолог болып, 
мәтінге аса назар аударып, өмірлік тәжірибемен 
бөлісетін болсаңыз, сапалы, тегін ақпаратқа 
оқырмандар да жазыла түседі. Инстаграмдағы 
белсенділігіңіз бен кәсіпкерлік қабілеттеріңіздің 
арқасында алға қойған мақсатыңызға жетіп, өзіңіз 
қалаған пайданы да табуға болады. Бизнесіңіздің 
бағытын нақтылап алсаңыз, «бизнес-профильдің» 
мүмкіндіктеріне кеңірек тоқталайық. 
Неге бизнес үшін Instagram керек?
 
Бұл сұраққа статистика арқылы жауап беруге 
болады. Pew Research Center мәліметтері бойынша, 
18 жастан асқан жандар әлеуметтік желілерді 
пайдаланушылардың жалпы санының 17%-ы 
күнделікті Instagram-дағы аккаунтты тексереді. Бұл 
әлеуметтік желі аудиториясының басым көпшілігі 18-29 
жас аралығындағы жастар. Бұл дегеніміз қазіргі таңда 


 — 87 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы 
видео-сабақтарына жазылу үшін: 
8-747-942-18-76
 (WhatsApp)
жастар – озық ойлы орта буын, яғни миллениалдар, 
әлеуметтік платформалардың ықпалымен сатып 
алу туралы жиі шешім қабылдайтынын көрсетіп 
отыр. Сондай-ақ, бұл желіде әйелдер қауымы басым. 
Instagram әлеуметтік желісінде 57% оқырман 
аккаунтына күніне кем дегенде бір рет кірсе, ал 35% 
оны күніне бірнеше рет тексереді.
Бизнес-профиль 
«Instagram» әлеуметтік желісінде сіздің 
бизнесіңізді тиімді жүргізуге 2016 жылы шілде айында 
арнайы бизнес-профильде көптеген мүмкіндіктер 
пайда болды. Бұл мүмкіндіктің басты қызметі 
«Связаться» тетігі. Яғни сіз байланыс нөміріңізді, 
сайтты, электронды поштаңызды, тіпті орналасқан 
жеріңіздің мекенжайына тікелей сілтеме қоюға 
болады. Сондай-ақ, сіздің оқырмандарыңыздың 
белсенділігі мен қызығушылықтарын қадағалау 
мақсатында арнайы статистика қызметі де бар. 
Парақшаңыздағы постты қанша адам көріп, лүпіл 
басып, сақтап алғандығы жөнінде толық ақпаратты 
тексеріп отыра аласыз. Ал жалпылама статистикада 
тіркелушілердің жалпы санын, оқырмандар арасында 
жас мөлшерін, жігіттер немесе қыздар санын, 
сонымен қатар қай қаладан екенін білуге болады. Ал 
сіз жариялаған посттардың ішінен апталық, айлық, 
жылдық үздік постты да анықтай аласыз. Сіздің 
оқырмандарыңыздың ішінен басым көпшілігінің 
талғамын, сізден қандай ақпарат күтетінін де оңай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет