§ 41. Құтты жерді қорғау мен сақтаудағы ата-бабалардың рөлі
1.XVI ғасырдың 2-ші жартысында шығыстан шапқыншылық жиіледі? Ойраттардың
2.Жоңғар хандығының бірінші ханы? Эрдени батур
3.Жоңғар қоңтайшысының бастамасымен мемлекеттік дін етіп жарияланды? Буддизм
4. XVIІ ғ.соң мен XVIІІ ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығының басты жауы болған хандық? Жоңғар
5.1643 жылы бар-жоғы 600 адаммен таулы жердің артықшылығын пайдалана отырып, ойраттардың саны басым әскеріне төтеп берген шайқас? Орбұлақ
6.Орбұлақ шайқасында Жәңгір ханға 20 мыңдық әскермен көмекке келген Самарқан әмірі? Жалаңтөс баһадүр
7.Шамамен 1680 жылдары қазақтардың аға ханы ретінде танылып, 1715 жылы қаза тапқан қазақ ханы? Тәуке
8.Тәуке ханның маңызды реформаларының бірі? «Жеті жарғы» заңдар жинағы
9.Тәуке ханның заңдар жинағында құқықтары едәуір кеңейтілді? Билердің
10.1681-1684 жылдары Жетісуды басып алып, ол жерге өз ордасын көшірген жоңғар қоңтайшысы? Галдан Бошокту
1715 жылы Тәуке ханның өлімінен кейін Қазақ хандығы бөлініп, әрбір жүздің өз хандары пайда болды.
Ұлы Жүзде – Жолбарыс, Орта жүзде – Қайып, Кіші жүзде - Әбілхайыр
11.1723 жылы ойрат әскері Талас өзеніндегі қазақтардың қонысына соққы беріп, майдан шебіне шабуыл бастады? Ертістен Шуға дейін
12.1723 жылы қазақ даласына жойқын жорықтар жасаған Цеван Рабданның ұлдары? Галдан Церен мен Шоно-Лоузан
13.1724-1725 жылдары Қазақтардың бір бөлігі оңтүстікке, Ферғана мен Хорезмге, басқа бір бөлігі қашты? Жайыққа
14.Қазақ елін аштық пен қайғы-қасіретке, күйреуге душар етіп, жүздеген мың адамд туған жерін тастап кетуге мәжбүрлеген жылдар? Ақтабан шұбырынды
15.1726 жылы Түркістан қаласына жақын жерде үш жүздің құрылтайы өтіп, екінші халық жасағын құруға шешім қабылдаған жер? Ордабасы
16.1726 жылы біріккен әскер ойраттарға Бұланты өзенінде соққы берген шайқас аталды? Қалмақ қырылған
17.1729-1730 жылдары қазақ әскері Балқаштан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде ойраттарды жеңіліске ұшыратқан шайқас? Аңырақай
18.Аңырақай шайқасының тарихи маңызы? Жетісу жері азат етілді
19.Галдан Церен Ұлы жүз жеріне соққы берген жыл? 1735
20.1739-1741 жылдары ойраттар жорықтар жасады? Орта жүзге
21.1755-1757 жылдары Цин әскерінің бірнеше дүркін шабуылынан кейін толықтай жойылған хандық? Жоңғар
22.Көшпелілер өркениетінің соңғы «жанайқайы» болды? Жоңғар шапқыншылығы
Орыс ғалымдарының басым көпшілігі көшпелі малшаруашылығы қалыптасуын табиғи жағдайға тәуелділіктен туындағанын негізге алады (И.Ф. Бларамберг, А.Н. Макшеев, Л.Л. Мейер, Г.Н. Потанин, И.И. Завалишин, А.И. Добросмыслов және т.б.).
Дәстүрлі малшаруашылығы ХІХ ғасырдың соңына дейін сақталынды.
Достарыңызбен бөлісу: |