12 айдан 2 жасқа дейінгі бала 12 айдан 2 жасқа дейінгі бала -Баланы емізуді жалғастыра беріңіз. -Балаға өздеріңіз ішетін тағамдардан беріңіз, оның ішінде: Ұсақтап туралған немесе тартылған (майсыз) ет, бауыр, балық, піскен жұмыртқа, бұршақ; -Түрлі жеміз жидектер, көкөніс, жаңғақ; -Сүт және сүт тағамдары (ірімшік, айран, сүзбе, сыр); -Балаға берілген әрбір қосымша тағамның көлемі 300 мл-ден (1,5 стакан) кем болмауы керек. -Балаға күніне 5 рет тамақ беріңзі. 3 рет өздеріңіз ішетін тамақты, 2 рет қосымша берілетін тамақтар (жемістер, нанға май жағып, еттен жасалған бөліш, қаймақ қосқан ірімшік); -Баланы жақсылап, көңіл бөліп, тамақтандыруға тырысыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |