* Қалдыбай Қ.Қ., Абдрасилов Т.Қ



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата08.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#98513
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
318-1-591-1-10-20180421

Интеллектуалды тұлға бойынша.
Қазіргі 
таңдағы адамзаттық өркениет «адам ресурсы», 
«адам капиталы» деген сияқты тұлғаның таза 
прагматикалық тұрғыдан құрылған қоғам үшін 
маңызды субъект екендігін паш етуде. Бұнда 
тұлғаға қажетті аса маңызды сапалардың бірі 
– интеллектуалдылыққа қарай беталыс басты 
орынға шығарылады. Бұл үрдіс бүгінгі Қазақстан 
қоғамында интеллектуалды ұлт қалыптастыру 
саясатымен келіп ұштастырылады. Әйтсе 
де, осы тұста, діннің орны, дінге деген сенім 
дəрежесі, білім мен дінді ұштастырудың тым 
болмаса жалпы бағдарлары толық арнайы 
тұжырымдама ретінде қарастырылмаған деуге 
де болады. Жалпы алғанда, «интеллектуалды 
тұлға» ұғымының мазмұнына көп жағдайда, 
интеллект, ақыл, зиялылық, білімділік, ғылыми 
пайымдаушылық т.б. енгізілгенмен, руханилық, 
оның ішінде діни жағы қарастырылмаған деу-
ге де болады. Себебі, зайырлы қоғамда дін 
мемлекеттен бөлінгендіктен, діниден басқа 
əлеуметтік институттар діни сана мен сенім 
мəселесімен шұғылданбайды. Бірақ, діннің 
мемлекеттен бөлінуі, зайырлы қоғам дінді алас-
тататын «жасырын атеизм» де емес екендігі 
белгілі жайт. Олай болса, тəжірибелік жəне осы 
өмірге лайықталған, заман талабына сай келетін 


ISSN 1563-0307 KazNU Bulletin. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №4 (58). 2016
69
Қалдыбай Қ.Қ., Абдрасилов Т.Қ.
интеллектуалды тұлғаға келесі кезекте, діни 
сенім қырын қалай кіріктіруге болады деген 
маңызды сауал туындайды. Өйткені, рухани-
адамгершіліксіз дайындалған интеллектуалды 
тұлға жалпы қоғам үшін аса қолайлы емес, тіпті 
кей жағдайда қауіп те тудыруы ықтимал. Бір 
қарағанда бұл мүмкін емес модель сияқты бо
-
лып көрінеді, бірақ осы тұста, орта ғасырдағы 
түркі ойшылдарының дін мен білімді, дін мен 
ғылымды, дін мен өмірлік мақсаттарды кіріктіре 
білген нұсқаларын қайта еске түсіруімізге бола
-
ды. Бұдан, дəл сол орта ғасырдағыдай нұсқаны 
ұсыну қажет деген ұғым тумайды, рухани 
интеллектуалды тұлғаны қалыптастырудың 
үлгілері болуы тиіс екендігі жəне бар екендігі 
туралы пайымдаулар жасауға болады. Жалпы 
əлемдік руханияттық кеңістігіне шолу жасасақ, 
дүниежүзілік ғалымдар мен философтардың 
көпшілігі дінді жоққа шығармаған екен. «Фило
-
софия адамды бақытты қылатын іс-əрекеттен 
тұрады. Егер де дəрі денеміздегі жараны 
жақсартпағанға дейін оның ешқандай пайдасы 
болмағаны сияқты, рухымыздағы қайғы-қасірет 
пен ауруларды жоқ етпегенге дейін фило
-
софия еш нəрсеге жарамсыз болмақ», – деп 
пайымдалған пікірлерді назарға алсақ, бұл тұста 
философияның, оның ішінде біз талдап отырған 
дін философиясының ролінің зор екендігін 
бағамдай аламыз [5].
Осыдан интеллектуалды тұлғаның қандай 
діни сенімді таңдау керектігіне, оның көп 
мүмкіндіктерінің бар екендігіне байланысты 
дінаралық толеранттылық бойынша тұлға 
мәселесі
туындайды. Тұлға мəселесімен айналы
-
сатын гуманитарлық ғылымдар да, барлық діндер 
де пайда болғаннан бастап, тұлға мəселесін на
-
зардан тыс қалдырған жоқ. Дегенмен, жалпы 
адамзатқа идеал ретінде ұсынылатын жəне бар
-
шамен келісілген тұлға келбеті бүгінгі күнге 
дейін жасалған жоқ деуге де болады. Оның дінге 
қатысты себептерінің бірі – көп түрлі діннің 
болуы жəне олардың канондарында тұлғаны 
əр түрлі сомдау. Түптеп келгенде, қазіргі 
адамзаттық діни руханияттық əр түрлі сенімдегі 
тұлғаға қатысты – діни толеранттылық туралы 
түйінге келді. Бұл үлгі бүгінгі таңда Қазақстанда 
мультикультурализм аясында өрбіп келеді [6].
Бірақ бұл бір қырынан нақты, əрі оңтайлы, 
конвенционалистік ұстаным болғанмен, екінші 
бір қырынан алғанда, абстрактілі болып келеді. 
Себебі, толеранттылық қай кезде төзу керек
қай кезде төзбеу керек екендігінің үлгісін айтып 
бере алмайды. Сондықтан да ол, кей сəттерде 
этиканың өзіне қайшы келеді. Мысалы, «намыс» 
пен төзімділіктің кей тұстарда қайшы келетін 
жақтары да бар. Бұл дінге қатысты айтқанда да 
қылаң беретін ахуал.
Бірақ «Түсіністік философиясы» бойын
-
ша толеранттылықтан басқа жол жоқ болып 
табылды. Әрине, қазіргі өркениетті қоғамда 
тарихтағыдай крест жорығы сияқты іргелі 
қақтығыстар жоқ деуге де болады, бірақ діннің 
жат бағытта тармақталуынан əлеуметтік 
қақтығыстар туындап отырғандығы жасырын 
емес. Бұл дінаралық толерантты тұлға бейнесін 
оның өкілдерінің мойындай бермейтіндігіне 
алып келеді. Осыдан, біз, қандайма болмасын 
дінге деген бетбұрыс басталған сəттен-ақ, ал
-
дымен, тіпті ең алдымен, діни толеранттылық 
қасиетке ие болуға басымдылық беруіміз 
қажет екендігін көре аламыз. Бұдан мынадай 
логикалық түзілім алынады: «діни тұлға – діни 
толеранттылыққа міндеттелген тұлға». Яғни, 
шеткі тəртіппен айтқанда, толеранттылықты 
үнемі ұстануға өзіне-өзі бұйрық бере алмаған 
дінге бет бұрған болашақ сенім иесі – сенім иесі 
ретінде мүлде мойындалмауы тиіс немесе ол 
сенім иесі емес. Демек, болашақта дінге деген 
сенім күшейген сайын, дін қоғамда қуатталған 
сайын, соғұрлым діни толеранттылық да 
қуатталатындай қатар жүріп отыруы тиіс, бір-
бірінен ажырағысыз ұстанымдарға айналуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет