Қ азақ спорт және туризм академиясы Казахская академия спорта и туризма/ The Kazakh Academy Of



Дата14.05.2022
өлшемі34,3 Kb.
#143266
түріСабақ
Байланысты:
1. Билет жауабы




Қ азақ спорт және туризм академиясы
Казахская академия спорта и туризма/ The Kazakh Academy Of
Sports And Tourism
Емтихан билеттері/ Экзаменационный билет/ Examination Ticket


Гимнастика және жүзу кафедрасы
Пән: Гимнастика


1.Билет.

1. Гимнастикалық терминдердің мағанасы және оған қойылатын талаптарды атап көрсетіңіз


2. Гимнастикамен шұғылданудың (гимнастика сабақтарының) түрлерін атап көрсетіңіз


Билетті құрастырған Ракишев Т.К, Кожаков Н.К.
Кафедра меңгерушісі доктор PhD _____________________Ермаханова А.Б.
Кафедра отырысында бекітілген ___________ хаттама № ___
Сейсенәлі Дарын


Жауабы

Гимнастика – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған. Гимнастика спортшыларының халықаралық одағы (FІG) 1897 ж. Ұйымдастырылған. Қазақстан оған 1994 жылдан мүше.


Гимнастика – дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары – спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз – адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.
Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі – гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика – денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.

Ырғақты гимнастика – негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.


Атлетикалық гимнастика – жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен – жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.




Екіншісі – спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары – керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары – бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет