Уақыт – 45 минут.
Сабақ өтетін орын – АӘД кабинеті.
Әдіс - Әңгіме.
Көрнекті құралдар – АӘД оқулығы.
Сабақтың жүргізу тәртібі
Кіріспе – 5 мин.
Оқу сұрағы – 35 мин.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі қызметтік іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс.
Ол:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;
әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ерлікпен, Қазақстан Республикасын қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;
өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;
адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;
командирлерге (бастықтарға) сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;
әскери кәсіптік білікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;
өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;
әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар-намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс-қылықтардан тежеуге;
әскери әдептілік, мінез-құлық пен әскери сәлесдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір-қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;
қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |