№ басылым орнына



бет7/11
Дата08.07.2018
өлшемі3,42 Mb.
#48346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Балық аулағыш мысық - Felinae viverrina негізгі азығы балық. Денесінің ұзындығы 100-120 см. аралығында толқиды,оның сұр түсті жүні қара ірі дақтармен бейнеленген, ал маңдай бөлігі жолақты.

Систематикасы (жүйеленуі): Оцелот – Felinae padalis мысық тұқымдасының ішіндегі көлемі жағынан ең кішісі. Сипаттамасы: Дене тұрқы 135-150 см-ге дейін жетеді, бұның 30-40 см құйрығы алады. Бұл басы үлкен, күшті және сымбатты жануар. Қызыл кітапқа енгізілген.

Таралуы: Оңтүстік Америкада.

Көбеюі мен өсіп дамуы: буазы болу ұзақтығы 70 тәулікке созылады. 2-4 бала туады.

Леопард
Систематикасы (жүйеленуі): Дымчатый леопард – Felinae nebulosa. Дене көлемі бойынша кіші және орташа мысықтардың ортасындағы жануар.



Сипаттамасы: дене тұрқы 62-106 см. құрайды, құйрығы 60-90 см., салмағы 16- 23 кг. Денесі ұзыншақ, майысуға икемді, аяқтары қысқа жалпақ табанды, жалаңаш қаты сүйелдері бар. Ағашқа шығуға бейімді, ыңғайлы. Қалың жүнінің түсі сұр немесе сарғыш түсті.

Таралуы: Оңтүстік Азияда, Қытайда, Непалда. Нулы тропикалық орманда мекендейді.

Көбеюі және өсіп-дамуы: буаз болу мерзімі 86-92 тәулікке созылады. Балаларын кеуекте (қуыста) 2-5 –еу етіп туады. Қызыл кітапқа енгізілген.

Әдебиеттер: 7.1.1-7.1.9 (негізгі), 7.2.10-7.2.12 (қосымша)

Сұрақтар:

1. Жыртқыштар отряды, мысық тәрізділер тұқымдасына сипаттама беріңдер.

2. Систематикасын (жүйеленуін)

3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?

4. Көбеюі мен өсіп-дамуы қалай өтеді?
11 - тақырып. Ескекаяқтылар отряды. Итбалықтар тұқымдасы PINNIPEDIA.

Ескекаяқтылар отрядына қысқаша сипаттама. Ескекаяқтылар — орташа және ірі көлемді жыртқыш жануарлар, сулы ортада мекендейді, бірақ өмірінің белгілі бір кезеңдерінде (көбею және түлеу кезінде) қатты субстратты (организм қоректеніп тіршілік ететін орта) (мұз, құрлық) және ұзақ уақыт бойы ауада болуды қалайды. Ескекаяқтылар- көп емес 30 түр шамасындағы топ. Қысқа мойны бірітіндеп біліктей денеге білінбей ауысады. Алдыңғы және артқы аяқтары жүзу ескектеріне өзгерген. Белгілі бір тұқымдастың артқы ескектері денесінің артына қарай қайырылады және құрлықта жануарлардың қозғалуына ықпал етеді. Кәдімгі итбалықтардікі алдыға қарай қайырылмайды, үнемі артқа қайырылып жүреді және қатты субстратта қозғалуға көмектеспейді. Көбінесе ескекаяқтылар ірі немесе орташа көлемдегі жануарлар, денелерінің ұзындығы 1.2-ден 6,0 м-ге дейін., салмағы 20 кг-нан 20 т-ға дейін болады. Көп түрдің жүн (котиктерден басқасы) қысқа, қатты, аздап түбітті, ал кей түрінде тіптен редукцияланған (морждар). Тістері қоректену ерекшеліктеріне қарай құрлықта өмір сүретін жануарлармен ұқсас, бірақ аздар дифференцияланған. Морждардың жоғарғы күрек тістері үлкен, кескіш тістерінің және азу тістерінің беткей жағы тегістеу келеді. Жануарлар тірі балықпен, моллюскалармен, шаянтәрізділермен және т.б. қоректенеді. Енскекаяқтылар суық және қалыпты жылы солтүстік пен оңтүстік жартышарда мекендейді. Тұқымдастың үшеуінен ТМД фаунасында, Қазақстанда тек бір түрі ғана нағыз итбалықтардың (Phocidae) —каспийлік итбалығы (Phoca caspica) мекендейді.




Нағыз итбалықтар тұқымдасы PHOCIDAE



Орташа және кішкентай көлемдегі, біліктей денелі, денесінің астына қарай қайырылмайтын артқы аяқтары бар жануарлар. Ересек жануарлардың түкті жамылғысы қысқа, қатты, түбіті жоқ. Көп түрдің жаңа туған балаларының жүні үлпілдек жәнеқалың болады. Бұл тұқымдастың 10 түрінен қазақстанда тек біреу-каспийлік итбалық (Phoca caspica ) ғана.

Систематикасы (жүйеленуі): каспийлік итбалықтың байкал итбалығымен (Phoca sibirica) және Шығыршықты нерпамен ортақ ұқсастықтары көп.

Каспийлік итбалық Каспий теңізінің бассейніндегі жалғыз түр және географиялық басқа пішіні жоқ.

Сипаттамасы: бұл итбалықтың суда өмір сүруге бейімділігі және құрлықты қаламайтыны сыртқы пішініне көп өзгерістер әкелген. Сыртқы пішіні бойынша ұршық тәрізді формалы, денесінің алдыңғы жағы жуандау. Басы үлкен емес, денесі сияқты тығыздалған. Мойны қысқа және денесіне қарай бірқалыпты ауысады, қозғалысы шектелген. Алдыңғы аяқтары редукцияланған, ескектерге өзгерген және де қатты субстратта қозғалу мақсатында қолданылмайды. Олар алдыға, артқа және төмен жоғары қарай бүгілу қабілетін сақтап қалған. Алдыңғы аяқтарындаңы бармақтарының мықты тырнақтарымен мұз бетіндегі тыныс алу үшін, мұз бетіне шығу үшін тесіктерді кеңейтеді, қоректерін жұлмалау үшін пайдаланады. Артқы аяқтары денесінің астына қарай қайырылады, Аяқ-қол бөлімдерінің үлкен бөлімі кожно - бұлшық етті қапта орнында болады; дистальді олардың бөлімі ұзартылған және көлденеі еркін иіледі - оңға және солға .

Артқы аяқтарының бірінші және бесінші бармақтары ұзындығы бойынша үлкен емес, ал ортаншысы қысқарақ. Барлық бармақтарының арасы жарғақпен қосылған, бұл ескегінің көлемін үлкейтіп тұрады. Итбалықтың артқы аяқтарының табаны жоғарыға қаратылған. Құрлықта өмір сүретін жануарлармен салыстырғанда суда өсім сүруге бейімделгендіктен қаңқасының және бұлшық ет массасы аз болады: дене салмағының 7—10%, тері асты майының — 34—52, қаңқасының — 4,03—7,31, бұлшық етінің— 27,7—30,3%. Итбалықты су астында жүзу кезінде оттегімен қамтамасыз етіп туратын көптеген механизмдері бар. Бұл олардың сыртқы демалысын уақытша тоқтатып қоюға мүмкіндік береді, бұл дельфиндерде 3-4 реттен аспайды. Жануарлардың қоректену ерекшеліктеріне қарай тістерінің жүйесі тек қоректі ұстап тұруға бейімделген. Азу тістері 3 қырлы, төртінші қыры кейбір особьтерде ғана кездеседі. Тістері астыңғы үстіңгі жақ тістері бірбіріне қосылған кезде құлып сияқтанып жабылып қалады. Бұндай жабылу кезінде көлемі тіптен кішкентай азықтарын да ұстап тұра алады. Каспийлік итбалықтың бас сүйегі жіңішке, созылыңқы. Тұмсық сүйектері маңдайы сүйегіне бекітіледі. Оның алдыңғы қырларында үш шығыңқы екі ұзын (шеткі) және қысқалау-орташа жақтары болады. Есту көпіршіктері сәйкесінше үлкен емес және үшбұрыш пішінді. Жыны жағынана жетілген жануарлардың дене тұрқы 125—160 см-ді құрайды, сонымен қатар аналықтары аталықтарынан едәуір кішкентай болады. Салмағы 100 кг болатын жануарларда кездеседі. Жыл мезгілдеріне байланысты жануарлар ең көп салмақты терең күзгі уақытта және қыс мезгілінің басында жинайды. Итбалықтардың барлық жас мөлшеріне қарай ең аз салмағы приплодтан басқасы, түлеу аяқталар шақта көктемде және жаз мезгілінің бастапқы кезінде байқалады.



Түлеу: ересек жануарларда түлек бір – ақ рет болады. Кейбір особьтерің түктерінің толығымен ауысуына 2-3 аптадан 1 айға дейінгі уақыт кетеді. Негізінде түктерінің түсуі көз айналасынан, басының бекі жағынан, ескектерінің алдыңғы жағынан, құйрығының маңайы және артқы ескектерінен басталады. Кейін арқа тұсында басынан құйрығына дейін домалақ және сопақша пішінде дақтар пайда бола бастайды. 7-10 күн ішінде ескі жүннен босаған аймақтары жоғарыдан төмен арқасынан ескектеріне қарай ауыса береді ол кезге дейін басқа жеріндегі ескі жүндері толығымен түсіп үлгереді. Ең ақырғы жандарындағы жүндер түседі. Итбалықтар қысқы ұзын жүндерін тастап жаңа қысқа сирек жүндермен қапталады. Бұл кезде жүннің көптеген реңдері болады, және бүкіл денсіндегі бұл реңдер оларды өте сүйкімді, әдемі етіп көрсетеді. Бірақ бұндай әдемі болып жүруі тек 2-3 аптаға ғана созылады.

Таралуы: каспийлік итбалық тек Каспий теңізінің маңын ғана мекендейді. Жануар сонымен қатар аз мөлшерде Иран территориясындағы өзен-суларда мекендейді.


Шығыршықты нерпа Тевяк





Хохлач Узделла итбалығы



Көбеюі және өсіп дамуы: аналық итбалықтар жыныстық жағынан 5 жылы ғана жетіледі. Аталықтары да осы кезде шағылысуға түседі. Каспийлің итбалықтың буаз болу мерзімі 11 ай. Халықшаруашылығындағы маңызы: ұзақ жылдар бойы итбалық өндіріс көзінің шикізаты болып келеді. Өйткені құнды шикізат-май береді. Бұл май парфюмерияда және медицинада пайдаланылады. Ірі жануарлардың терісін тері шикізаты ретінде қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет