№ басылым орнына


-Такырып.Жыртқыштар отряды



бет19/81
Дата06.02.2022
өлшемі3,42 Mb.
#48603
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81
7-Такырып.Жыртқыштар отряды.
Жанат тәрізділер тұқымдасы (PROCYONIDAE).
Жыртқыштар отрядының және жанат тұқымдасының сипаттамасы:
Жануарлар әр түрлі көлемді, салмағы 0,8 ден 160 кг ға дейін болады. Сыртқы келбеті жақсы ерекшеленеді: кейбір түрлері мысықты, түлкіні, жанат тәрізді итті, аюды еске түсіреді. Мұндай жануарлардың ерні және мұрны қозғалмалы тұмсық (хобот). Тұқымдастың ең ірі өкілі гиганттық панда – денесінің құрылысына қарай орташа көлемді, аюға ұқсайды. Басы әр түрлі формалы, болек түрлерінің беткі бөлігі созылынқы басқаларыныкі қысқа. Құлақтары қысқа сәл домалақ келген, аяқтарында 5 бармақ болады. Табаны кобінесе жалаңаш. Үшінші бармағы ұзыншақ келеді. Тырнақтары қысқа, бүктелген және жанынан қысылған. Көп түрлерінде тартылмыған. Түкті жамылғысы жақсы дамыған қалын және биік. Түсі бір қалыпты сары немесе бұрыл ашық жирен және қара түс аралас болып келеді. Бас сүйегі әр түрлі формалы, ми қорабы және бет бөлімі жақсы жетілген қысқадан ұзынға дейін. Жыртқыш тістері кішікентай және ірі болады. Азу тістері өткір емес. Көп түрлері (гиганттық пандадан басқалары) ағашқа жақсы өрмелейді, ал кинкожу өзінің өмір сүру кезенің ағашта өткізеді. Тұқымдас ареалы 2 бөлімшеден тұрады: бірінші бөлігі солтүстік. Американың үлкен бөлігін, орталық және Онтүстік Американы, ал екінші бөлігі онтүстік Шығыс Азияның Гималай ауданыны, Непал және Сикким, жоғары Бирманы, Юньань, Гань-Су шекарасына дейінгі аумақты қамтиды. Тұқымдас 8 туыс және 15 түрді құрайды, олардың 2 туысы онтүстік шығыс Азияны мекендейді.
Жанат туысы— PROCYON STORR.
Жанат туысы орташа көлемді жануарлар. Денесінің ұзындығы 41-60, құйрығы 20-40 см , салмағы 15-22кг. Денесі сәйкесінше қысқа, аяқтары ұзын, басы, бет бөлігі жалпақ, құлағы сәл домалақтау, көздері үлкен, азу тістері жалпақ. Аяғы бес бармақты, бармақ арасы жарғақпен қосылған. Білегі мен табаны қысқа, түкпен қапталған бұл түктер денсіндегі түктерден қатты еркшеленеді. Түкті жамылғысы қалың үлпілдек келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет