Таралуы: Батыс Африкада .
Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 6 ай шамасында тек бір ғана төл туады.
Винтмүйізді (Бұралған мүйізді) бөкендер тұқымдас тармағы (Tragelaphinae). Сипаттамасы: орташа және ірі көлемді жануарлар мүйізі спираль етіп оралған. Тұқымдас тармағы 10 түрлі 4 туысты біріктіреді.
Үлкен куду (Tragelaphinae strepsiceros).Бұл сымбатты ірі бөкен, ашык көгілдір немесе сарғыш сұр түсті жанында жіншке ақ жолақтары болады. Басты әдемілігі мүйізінде спиральды мүйізі 1,5 метрге дейін жетеді.
Таралуы: Африкада және Онтүстік Азияда.
Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 7- 8 ай шамасында.
Халық шаруашылығындағы маңызы: Европалық және Американдық аншылардың басты олжасы
Төр мүйізді бөкен (Tetracerus quadricornis): Сипаттамасы: Озінің атауының, аталығында 2 жұп мүйізінің болуымен қатар маңдай бөлігінің алдынғы жағында тағыда 2 жұп қысқа мүйізі болады. Үлкен емес сымбатты жануар бұрыл түсті, құрсақ бөлігі ақ түсті.
Таралуы: орманның жайылымды жерлеррі қалың бұталы ормалдармен ауысып отыратын орындарды қалайды .