✓ білім алушылардың білімін толықтыру


Ескерту: 2-4-сыныптарда «есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек



бет2/3
Дата10.09.2023
өлшемі84 Kb.
#180632
1   2   3
Байланысты:
Түсінік хат 2023 (1)

Ескерту: 2-4-сыныптарда «есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек.
«Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
5-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34сағат;
6-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
7-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат;
8-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
9-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34сағат.
10-11-сыныптарда «Информатика» оқу пәнін оқытуға бөлінген апталық жүктеме: - қоғамдық-гуманитарлық бағытта 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат; - жаратылыстану-математикалық бағытта 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағат.
1-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні оқу жылының ІІ жарты жылдығынан бастап аптасына 1 сағаттан оқытылады. Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. 3.Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген № 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына (4- қосымша) өзгерістер енгізілді).
5-9 сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі №334 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» («Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына) бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған Информатика пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы» (№9 қосымша) бойынша жүзеге асырылады.
5-9 сыныптағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша
жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді;
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 6, 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады.
10-11 сыныптарда «Информатика» оқу пәні «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына 171 өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасымен қоғамдық-гуманитарлық бағытта 15- қосымшаға және жаратылыстану-математикалық бағытта 14-қосымшаға сәйкес оқытылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет