Тақырыбы: ‘‘ Биология әлемінде”
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, өткен тақырыптарды еске түсіру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, дарындылыққа жол сілтеу.
Армызыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі “Биология әлемінде” атты кешімізге қош келдіңіздер!
Биология-түпсіз терең зор ғылым,
Қамтитұғын тіршіліктің барлығын.
Адам менен өсімдік, жануарлар дүниесін,
Зерттейтұғын тарауымен әр бірін.
Зерттей білсең әр ғылымның саласын,
Тауып тұр ғой табиғатпен жарасым.
Оқысаңдар бұл ғылымды тереңдеп
Зор біліммен үлкен ләззат аласың!
‘‘ Биология әлемінде” атты сайысымызда 4-топ өздерінің білімдері мен біліктерін ортаға салып, тапқырлығы мен қасиеттерін көретпекші. Қошеметпен сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
8 сынып оқушылары: Баянова Диана, Джандауов Нұрдәулет, Ғалымжан Милана
9-сынып оқушылары: Үмбет Арман, Мұзаппарова Жансая, Бауеденова Снежана
10сынып оқушылары: Тасқалиев Ғаділбек,Ғалымжан Венера, Ұзақбаев Мақсат
11 сынып оқушылары:Мұханбетқалиев Медет, Ибатова Асем, Қаленов Ғаламат
Осы сайыскерлерімізге әділ баға беретін әділ қазы мүшелерін сайлап алайық.
Бүгінгі сайысымыздың бөлімдерімен таныс болайық.
I кезең “Бәйге’’
II кезең “ Ғажайып төрттік”
III кезең “ Кімнің еңбегі”
IVкезең “Жұмбақтар әлемі”
V кезең “Зерттейтін ғылымдар”
VI кезең “Көрермендер көмегі”
Ұпайы көп топ жеңіпаз атанады.
Білімді мыңды жығады,
Білікті бірді жығады.
Алдағы білім шыңына
Ең білімді топ шығады- дей, келе I кезең “Бәйге’’ бөлімін бастаймыз.
“Бәйге’’ кезеңінің шарты: Әрбір топ берілген әріптердің ішінен әріп таңдайды. Сұраққа сол әріптен басталатын жауап берулері қажет. Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. 5сұрақ қойылады. Ф Х Э Т
“Ф”
Мечнков ашқан құбылыс (фагоцитоз)
Күн сәулесінің әсерінен жапырақта болатын құбылыс. (фотосинтез)
Өсімдіктер әлемі (флора)
Тарихи даму (филогенез)
Витаминді ашқан ғалым (Функ)
“Х”
Бір жасушалы балдыр (хлорелла, хламидомонада)
Гендерді тасымалдап,тұқымқуалау қасиетін тасымалдайтын органоид (хромосома)
Желілілерді басқаша қалай атайды? (хордалылар)
Өсімдіктерге жасыл түс беретін пластид (хлоропласт)
Виноградский ашқан процесс (хемосинтез)
“Э”
Жасуша ішіне қоректік заттардың енуі (эндоцитоз)
Жануарлардың мінез-құлығын зерттейтін ғылым (этология)
Тұқымның қоректенуі ненің арқасында жүреді?(эндосперм)
Тауық балапанының ұлпасынан табылған органод (эндоплазмалық тор)
Тироксиннің құрамындағы иод жетіспеушілігінен туындайтын ауру (эндемиялық зоб)
“Т”
Қанның ең кішкентай, түссіз,ядросыз формалық элементтері (тромбоциттер)
Ер адамдарда кездесетін бұл аурудың себебі:хромосомалардың соңғы 23-жұбында артық бір жыныстық Х-хромосома болады ХХУ (клайнфельтер ауруы)
Жорғалаушылар класы 4 отрядқа бөлінеді. Сол отрядтың бірі (тұмсықбастылар)
Палеозой заманының бір кезеңі (таскөмір)
II кезең. “ Ғажайып төрттік”
Бұл кезеңде биология ғылымының әр саласы бойынша сұрақтар берілген. Оқушылар қалаған ұяшықтарын таңдап, жауап береді. Ұпай саны ұяшықтың сыртында жазулы. Сұрақ таңдаған топ жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беруге болады.
Өсімдіктер (5 ұпаймен бағаланады)
5-ұпай. 1920-1930 ж өсімдіктану оқулығының авторы? Ж. Күдерин
10-ұпай. Өсімдік мүшелерін кеуіп кетуден жарақаттанудан сақтайтын ұлпа қалай атайды? Жабын ұлпасы.
15-ұпай. Тамыр жүйесінің құрамына қарай құрылысы әр түрлі тамырлар қалай жіктеледі? негізгі, жанама, қосалқы
20-ұпай. Месикалық құтырған қияр қалай аталады? Чайот
Жануарлар. (5 ұпаймен бағаланады)
5-ұпай. Құйрықты қосмекенділер саламандра
10-ұпай. Ұрпағын сүтпен асырайтын жануарлар қалай аталады? Сүтқоректілер
15-ұпай. Өрмекшілерді зерттейтін ғылым арахналогия
20-ұпай. Тамақ өнеркәсібінде пайдаанылатын микроорганизмдер қалай аталады? Ашытқы бактериялар
Адам ағзасы. (5-ұпаймен бағаланады)
5-ұпай. Қалқанша безінен бөлінетін гормон? Тироксин
10-ұпай. Қан топтарын ашқан ғалым К. Ландштейнер
15-ұпай.Құрсақ қуысында орналасқан асқорыту жолының кеңейген жері қалай аталады? Асқазан
20-ұпай. Донордан қан алатын адамды қалай атайды? Рецепиент.
Жалпы биология (5-ұпаймен бағаланады)
5-ұпай. Полисахаридтерді ата. Крахмал, целлюлоза, гликоген
10-ұпай. ДНҚ-ның екі еселенуі редупликация.
15-ұпай. Құрылыс қызметін атқаратын нәруыз Гистон
20-ұпай. Неоарктикалық аймақта өсетін ағаш текті өсімдік Юкка
III кезең. “Кімнің еңбегі”
Әр топқа 2 сұрақ және бір сурет беріледі. Кімнің еңбегі екенін табу керек және 3ші тапсырмада тұлғаны тану қажет. Әр жауап 10ұпаймен сурет 5 ұпаймен бағаланады.
I топқа. 1) Адам мүшелерінің 800 ден астам суретін салған ғалым. Леонардо да Винчи
2) «Биология» терминін алғаш ғылымға енгізген ғалым кім? Ж.Б. Ламарк
3) Тұлғаны таны Карл Линней
II топқа. 1) Көмірсу терминін ашқан ғалым К.Шмид
2)Тұяқты жануарлардың тарихын зерттеген ғалым В.О. Ковалевск
3) Тұлғаны тану. Чарльз Дарвин
III топқа. 1) Тұңғыш рет 1736 ж бидай ұнынан нәруыз алған ғалым Я. Беккори
2) Эндоплазмалық торды тапқан ғалым кім? К.Портер
3) Тұлғаны тану Иван Петрович Павлов
IV топқа. 1) «Жасуша» деген терминді енгізген ғалым Роберт Гук
2)Генетика ұғымын ғылымға енгізген австриялық табиғат зерттеушісі Иоганн Грегор Мендель
3) Тұлғаны тану Илья Ильич Мечников
IVкезең “Жұмбақтар әлемі”
Мұнда жұмбақтар жасырылады. Бірінші қол көтерген топ жауабын айтады. Шешімін тапқан топқа 5-ұпай қосылады.
Неге қоян жазда қоңыр, ал қыста ақ? Жауабы: Бүркеніш рең, жасырынушы рең.
Түйе неге шөлдемейді? Жауабы: түйе өркешінде май жинайды, 120кг май болады.
Бақалар қыста су қатқанда немен қоректенеді? Жауабы: қоректенбейді,себебі олар ұйқыға кетеді.
Арқалаған сөмкем бар,оқуға ерінемін.Түнде қоректенемін, күндіз ұйықтаймын.Үлкен ағам Михаил Москвадағы олимпиадада болды.Мен кіммін? Қайда тұрамын? Жауабы: қалталы аю коала, Австралияда тұрады.
Қай жануарларға арналған? Ихтиология, Герпетология, Серпентология, Орнитология. Жауабы: Балықтарды,жорғалаушыларды, жыландарды,құстарды зерттейтін ғылым.
Неліктен құстардың тұмсықтары әртүрлі? Жауабы: әртүрлі қорекпен қоректенуге байланысты.
Қай жануардың тісі өмір бойы өседі? Жауабы: кемірушіілер
Жыландар неге ұйқыдағы адамдар мен жануарларға үйір? Жауабы: жылынуға келеді, себебі олр салқынқандылар.
V кезең “Зерттейтін ғылымдар”
Бұл кезеңде әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. Әр топқа 2 сұрақтан беріледі.
I топқа. 1)Қосмекенділерді зерттейтін ғылым. (батрахналогия)
2) Қартаюды зерттейтін ғылым. (этология)
II топқа 1) Өрмекшілерді зерттейтін ғылым (арахналогия)
2) Көзді зерттейтін ғылым (офтальмология)
III топқа 1)Сүйектердің байланысуын зерттейтін ғылым (синдесмалогия)
2) Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым (микология)
IV топқа 1) Құстарды зерттейтін ғылым (орнитология)
2) Бұлшықетті зерттейтін ғылым (микология)
VI кезең “Көрермендер көмегі”
Бұл кезеңде әрбір дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады. Дұрыс жауабын тапқан оқушы таңдаған тобына өзінің ұпйын береді.
Ең биік ұшатын құс (ұлар)
Өте тез өсетін өсімдік (бамбук)
Ең ежелгі астық дақылы (бидай)
Ең жуан ағаш (боабаб)
Ең ұзақ ұйықтайтын (кірпі)
Ең тісі көп (ұлу25000)
Ең үлкен кемііруші (капибара)
Генетика атасы (Мендель)
9) Вирус қазақша не деген мағынаны білдіреді?(У)
10)Жасушаны ойлп тапқан (Р.Гук)
Осымен сайыс аяқталды. Әділқазы мүшелері есептеп болғанша залдағы оқушылармен және қатысушылармен жеті жоқты шеше отырайық.
Таста ..............жоқ. (тамыр)
Тасбақада..............жоқ (талақ)
Аққуда.............жоқ (сүт)
Жылқыда .................. жоқ (өт)
Итте .............жоқ (бұғана сүйек)
Бақада......... жоқ (қабырға)
Балықта.......... жоқ (қабақ)
Жыланда.............жоқ (аяқ)
Құста... жоқ (тіс)
Акулада............ жоқ (торсылдақ)
Сиырда......... жоқ (күрек тіс)
Осымен бүгінгі ‘‘ Биология әлемінде” атты сайысымыз аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |