№ исх: 11-2/350 от: 30. 06. 2017 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет11/14
Дата20.03.2020
өлшемі3,12 Mb.
#60602
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

«Көркем еңбек» пәнінің оқу бағдарламасын бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімі сабақ бере алатындай құрастырған. Бұл пәнді оқытуға аптасына 2 сағат берілгенін ескерсек, осы пәндерді жетекшілік жасайтын мұғалімдер сағаттарын жоғалтуы негізсіз болып табылады.



«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Дене шынықтыру.

5,7-сыныптарға арналған «Дене шынықтыру» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының басты мақсаты – ағзаның бүкіл жүйелерін дамыту, оқушылардың физикалық қасиеттерін және олармен байланысты қабілеттерін жетілдіру болып табылады.

Дене шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ол оқушының дене дамуына, әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептің білім беру жүйесінде дене шынықтыру оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

«Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты – оқушыларды өз денсаулықтары мен психикаларын нығайтуға ынталандыру болып табылады. Оқушылардың дербес және жас ерекшеліктерін ескеріп, бойда қалыптасқан арнайы спорттық дағдылар мен сапаларды қолданып, сол арқылы олардың дене қабілеттерінің дамуларына ықпал ету.

Оқу бағдарламасы:

- дене тәрбиесі және спорттың даму тарихы туралы білім деңгейін қалыптастыруды;

- негізгі дене сапаларын жетілдіруді, арнайы спорттық біліктіліктер мен дағдыларды дамытуды;

- түрлі деректер арқылы ақпараттарды қолдану, оның мән-мағынасын түсіне отырып, коммуникативті дағдыларды дамытуды;

- идеялық және зерттеу дағдыларын дамытуды;

- адамгершілік-жігер қабілеттерін қалыптастыру міндеттерін шешуді көздейді.

Оқу бағдарламасы оқу жылы көлемінде бөлімдердің оқытылу ретін көрсететін ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тақырыптарға сағат санының үлестірілуі және тоқсан көлемінде тақырыптардың оқытылу реттілігін мұғалім анықтай алады. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі бола алады.

«Дене шынықтыру» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:



  1. 5-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;

  2. 7-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

Негізгі мектептің 5-сыныбынан бастап дене шынықтыру сабақтары ер балалар және қыз балалар топтарына бөлу негізінде жүргізіледі.

«Дене шынықтыру» оқу пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны оқытудың бөлімдері арқылы ұйымдастырылған. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтиже түрінде берілген оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.

Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады:

1.«Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттері» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

- түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және үйлесімділікті дамыту;

- түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану реттілігі;

- арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қимыл-қозғалыс дағдыларын және олардың орындалу ретін түрлендіру;

- қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындауды жақсарту үшін өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалау;

- бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегиялары мен құрылымдық идеяларын қолдану және бағалау;

қиындықты жеңе білу және қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қауіп-қатерлерге жауап қайтара білу.

2. «Шығармашылық қабілеттер және қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы сыни көзқарасты қалыптастыру» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

- қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы өзгермелі жағдайға жауап қайтара білуге бейімделу; көшбасшылық, сондай-ақ команда құрамында жұмыс істей білу дағдыларын дамыту және қолдану;

- қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету;

- дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалау;

- өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін сыни тұрғыдан бағалау және оны шешудің балама жолдарын ұсыну;

- жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін білу;

- жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету;

-түрлі қимыл-қозғалыстармен шарттастырылған рөлдерді орындау және олардың айырмашылықтарын сезіне білу.

3. «Денсаулық және салауатты өмір салты» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

- жеке бас денсаулығы және салауатты өмір салты туралы білімді қалыптастыру;

- қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын құру мен орындау;

- түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын зерттеу;

- денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану;

- басқалардың дене жаттығулары тәжірибесін байыту масқатында білім, біліктілік және дағдыларды қолдану.

Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары мұғалімге оқушыларды дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

5 «ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы
15 шілдедегі №281 бұйрығына сәйкес 2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерге «Дінтану негіздері» факультативтік курсының орнына «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы енгізілді.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі 9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

9-сыныпта үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын міндетті түрде оқыту үшін аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат бөлінеді. Курсты «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы бойынша біліктілікті жетілдіру курсынан өткен, сертификаты бар «тарих» пәнінің мұғалімдері жүргізеді.

Осы факультативтік курс сыныптың оқу журналына жазылады.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мәні және маңызы оның қазіргі қоғам қажеттілігі мен тұрақтылығының ғылыми тұғырнамасы ретіндегі өзектілігінен, қоғам тарихы, мәдениеті мен рухани құндылығын анықтайтын бастаулардан тұрады. «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы жалпы орта білім жүйесіндегі әлеуметтік-гуманитарлық және қоғамтанулық білімнің құрамдас бөлігі болып табылады.



«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын оқытудың мақсаты:

- білім алушыларды «зайырлылық» принципін құндылық, яғни мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету;

- діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білім беру;

- білім алушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру.

Оқытудың міндеттері:

1) білім алушыларға діннің мәні, тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде жүйелі білім беру;

2) зайырлылықты мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізі ретінде таныта отырып, осы бағытта білім беру;

3) зайырлылық тұрғысынан діни сана, діни сенім, діни таным және діни тәжірибе негіздерін салыстыра білу дағдысын қалыптастыру;

4) діннің дүниетанымдық, мәдениеттанымдық және адамгершілік мәнін түсіндіру;

5) білім алушыларды діни сенім бостандығын құрметтеуге, толеранттылыққа баулу арқылы қазіргі қоғамдағы діни ағымдарға зайырлылық принципі негізінде баға беру дағдысын қалыптастыру;

6) Қазақстандағы этносаралық, конфессияаралық келісімді зайырлылық нәтижесі ретінде таныта отырып, білім алушылардың бойында азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу;

7) экстремизм, терроризм, діни радикализм секілді жаһандық жағымсыз құбылыстардың теріс идеологияларының ұлттық қауіпсіздікке, зайырлылық принципіне, қоғам тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатерінтүсіндіре отырып, зайырлы мемлекет принципіне құрмет сезімін тәрбиелеу;

8) құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, осы тұрғыдағы білімін арттыру.

Бағдарламада берілген оқу материалын меңгеру аясында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Қазақ әдебиеті» пәндерімен және «Абайтану» курстарымен пәнаралық байланыс пен сабақтастық принципін орнату қарастырылған.



«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мазмұндық желісі

Бағдарламада дін тарихын, оның жекелеген бағыттары мен ағымдарын егжей-тегжейлі сипаттау міндеті қойылмайды, тек жалпы мәліметтер беріледі.

Бағдарламада діни нанымдар мен діндердің пайда болуы, нығаюы және дамуы бойынша тарихи шолумен қатар: Зайырлы мемлекет және дін, зайырлық этикасы негіздері, адамның рухани өмірі мен қоғамдағы діннің рөлі, діни бірлестіктер мен ағымдар, жаңа діни ағымдар мен дәстүрлі діни жүйелердің танымдық, психологиялық, тұрмыстық деңгейдегі қарама-қайшылықтар диллемасы тақырыптары қамтылған.

Білім алушылардың жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яассауи, Абай, Ыбырай, Шәкәрім сияқты көрнекті ағартушылар мен ойшылдардың мәдени және рухани мұраларын оқыту айрықша маңызға ие.

Деструктивті ағымдардың, тыйым салынған діни ұйымдардың, бірлестіктердің белгілері мен салдарларын танып білуіне, діни экстремизм мен терроризмнің ұлттың қауіпсіздігі үшін қатерлілігін білім алушылардың ұғынуына айрықша назар аударылған.

«Қазақстан – дінаралық бейбітшілік пен келісім елі. Қазақстан Республикасының дін туралы заңнамалары. Зайырлылық – ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік жүйенің іргетасы» мазмұндық желілері курстың басты жолы болуы тиіс.

Курстың мазмұнында білім алушылардың өзіндік зерттеу әрекеттерін ұйымдастыратын шығармашылық жобалар қарастырылған. Шығармашылық жобаларда, түрлі нысандағы ұйымдастырылған өздігінен жасалынған зерттеу жұмыстары барысында діндер мазмұнындағы рухани құндылықтар мен Қазақстанның дінге қатысты саясатының мәні мен мақсатын, діни бірлестіктер мен ағымдардың қызметі, мүддесі мен мақсатын ашып көрсетеді.

Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда білім алушылар өмірге қажетті Қазақстан аумағындағы діндер мен діни бірлестіктердің мақсаты мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты мен мәнін түсінетін мағлұматтар мен білімді меңгереді. Сонымен, жүйелі түрде игерілген білім білім алушыға Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға, өз халқының рухани мәдениетін деструктивтік, радикалды діни бірлестіктердің зиянды әрекетінен сақтау және қорғау мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүмкіндік алады, екінші жағынан, адамның қандай дінге жататынын анықтау, діни сана-сезім, басқа діндерге көзқарас және ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады.

Бұл қурс білім алушылардың гуманистік дүниетанымға, жалпыадамзаттық құндылықтарға және толеранттыққа қайшы келетін ұстанымдар туралы ұғымдарын қалыптастырады.
Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу процесін келесі дидактикалық принциптерге сәйкес ұйымдастыру ұсынылады: ғылыми негізділік және қолжетімділік; жүйелілік мен сабақтастық; көрнекілік және абстрактылық; зерделілік және танымдық белсенділік; білімді меңгерудің орнықтылығы; пәнаралық және пәнішілік байланыс; табиғи сәйкестілік принципі; проблемалық принципі; саралау және даралау; оқу тапсырмалары деңгейінің әртүрлілігін қамтамасыз ету.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының оқу процесін ұйымдастыру барысында пікірталас, дөңгелек үстел, топпен талқылау, шағын жобаларды қорғау, рөлдік ойын және т.б. оқыту формаларын қолдану тиімді.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы аясында алған білімдерін бекіту мақсатында білім алушыларға қызықтыратын тақырыптары бойынша шығармашылық-жобалық жұмыстар жасауға болады.

Жобаларды жеке және ұжыммен орындай алады. Олардың саны алған білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек.

Жобалар:

- дін мәселелері бойынша ғылыми-көпшілік басылымдар, журналдар, газет мақалаларына талдау жасау, таңдап алынған тақырыптары бойынша ауызша және жазбаша хабарлама дайындау, жағдаяттармен жұмыс жасау;

- діннің айрықша ерекшеліктерін анықтау;

- дәстүрлі діндердің біртұтас платформалары мен жалпы тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру;

- еліміздегі және өңірлердегі діни жағдайларды сараптау;

- Қазақстандағы қасиетті жерлер туралы ақпараттық шолу дайындау;

- толеранттылық және дінаралық келісім орнаған еліміздегі зайырлылықты дәлелдейтін мысалдар дайындауды қамтуы керек.

Оқу барысында:

- мәдени-тарихи, өркениеттілік мәніндегі, дін саласындағы Қазақстанның қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;

- пәнді оқыту барысында қандай да бір діни бағыттарға артықшылықтар бермеу;

- жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;

- ақпарат, дін, рухани құндылықтар, мәдениет саласына қатысты заңнамалар талаптарын сақтауға ерекше көңіл бөлу қажет.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуда білім алушының құбылыстарды бүтіндей тұтас қабылдауын қалыптастыру үшін білім алушының келесі пәндерді зерделеудегі пәнаралық білімін кіріктіріп қолдану ұсынылады:

«Қазақ тілі», «Орыс тілі»:


  • білім алушылардың сөздік қорын зайырлылық және дін саласына қатысты терминдермен толықтыру;

  • ұлттық мәдениетке және басқа халықтардың рухани - мәдени қайнар көздеріне құрмет пен ашықтыққа тәрбиелеу.

«Әдебиет»:

  • дін қайраткерлерінің шығармаларын -қосымша көркем әдебиеттерді зерделеу, олардың жұмыстарын қазіргі рухани құндылықтар мен зайырлылық тұрғысынан бағалауды іске асыру;

«Тарих»:

  • зайырлылық пен діндердің пайда болуы, таралуы және даму процестерін тарихи негіздеу;

  • қоғамдық қатынастарға тарихи талдау жасау арқылы адам мен қоғам өмінідегі зайырлылық пен діндер рөлінің мәнін түсіну;

«География»:

- діндердің таралуының тарихи-географиялық кеңістігін дұрыс анықтау.



Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқу нәтижесінде білім алушылар:

  • ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды;

  • зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын;

  • мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-қатынас мәнін;

  • діндер тарихы мен діни сенім ерекшеліктерін;

  • қазақ мұсылмандығының танымдық ойларын;

  • «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;

  • әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Яассауидің, Абайдың, Шәкәрімнің, Ыбырай Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын;

  • республикадағы мемлекет, мәдениет және діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастың жайын;

  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың конфессияаралық келісімді, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты сақтау, елдегі және халықаралық қауымдастықтағы адамдардың шынайы діни сенімдеріне деген сыйластық көрсету саясатын;

  • экстремистік, террористік, теріс сипаттағы ұйымдардың ерекшеліктерін, қауіптілігін біледі.

Сонымен бірге білім алушылар :

  • зайырлық, діни сана-сезім, діни сенім, діни тәжірибе, діни ой-сана ұғымдарының ара жігін ажырату,

  • экстремистік, террористік сипаттағы діни топтар мен ағымдар идеологиясы мен практикасына қарсы тұра білу иммунитетін қалыптастыру;

  • діни, рухани маңызды мәселелер бойынша әртүрлі ой-талқы жасау, пікір-таластыра білу, осы саладағы маңызды оқиғалар мен құбылыстар, тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты жеткізе білу;

  • өз бетімен зайырлық және діни шығармалар туралы қажетті ақпараттық деректер нұсқасында тауып және оларды сараптай отырып қолдана біледі.

Оқыту барысында мұғалім оқушыда экстремистік, террористік діни топтар және ағымдар идеологиясы мен тәжірибелеріне қарсы имунитет қалыптастыруға қол жеткізуі тиіс.

6 ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Шағын жинақты мектептерде білім беру қызметін ұйымдастыруда «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы (3-қосымша) (бұдан әрі – Үлгілік қағида) басшылыққа алынады.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шағын жинақты мектепті білім алушылар контингенті шағын, біріктірілген сынып жиынтықтары және оқыту сабақтарын ұйымдастырудың арнайы формасы бар жалпы білім беретін мектеп ретінде анықтайды.

Шағын жинақты мектептер мен тірек мектептерінің (ресурстық орталық) қызметі Үлгілік қағидаларға және өзінің жарғысымен үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

«Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес, шағын жинақталған мектепте:

жекелеген пәндерді оқыту кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы болған жағдайда кіші топтарға бөлуге жол беріледі;



  • сыныптарды бір сынып-жиынтыққа қосу және біріктіру кезінде әртүрлі жастағы білім алушылар саны 10 адамнан аспауы тиіс;

  • сыныпты 3-10 адам аралығындағы және одан артық адамға толықтыруға рұқсат етіледі;

  • үш немесе төрт сыныпты біріктірген кезде оқыту сабақтарын ұйымдастырудың сырғымалы кестесі қолданылады;

  • бірінші және бітіруші сынып білім алушыларын біріктіріп оқытуға жол берілмейді.

  • түрлі жастардағы оқыту әдістемелерін қолдану кезінде 2-ші және 3- сыныптарды; 3-ші және 4-сыныптарды, немесе 2-ші және 4- сыныптарды; 5-ші және 6-сыныптарды, 6-шы және 7-сыныптарды; 7-ші және 8-сыныптарды біріктіруге рұқсат етіледі.

Шағын жинақты мектептегі оқу іс-әрекетін ұйымдастыру дамытушы педагогикалық орта құруды талап етеді, оның негізінде әртүрлі жастағы білім алушылардың өзара өнімді іс-қимылдарын және өз білімін жетілдіру идеясын жүзеге асыруға болады. Шағын жинақты мектеп өзінің білім беру әрекетінде келесі ұстанымдар мен тәсілдерді басшылыққа алады:

- білім алушылардың әртүрлі жаста екендігін ескеру;

- бір пәндік және бір тақырыптық ұстанымдарға негізделген кіріктіре оқыту сабақтарын ұйымдастыру;

- біріктірілген сыныптар үшін өзгермелі сабақ кестесін құрастыру;

- даралап және саралап оқыту;

- оқу процесінің технологиясы мен мазмұнын бейімдеу және вариативтілігі;

- білім алушылардың өздігінен білім алу қабілетін дамыту;

- тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда мәдени орталықтардан шалғай орналасқандығын ескеру;

- білім алушылардың оқу барысындағы бір-біріне өзара көмектесуі және ынтымақтастығы.

Өз кезегінде, түрлі жастағы топтарда сабақты ұйымдастыру келесі қағидаттарға негізделеді:



  • түрлі жастағы білім алушыларды оқыту құралдарын, оқыту мазмұнын, тапсырмаларды кіріктіру және саралау;

  • өзара оқыту;

  • әртүрлі жастағы білім алушылардың өзара әрекеттерін басқару;

  • балалардың психологиялық қорғанысын қамтамасыз ету;

  • оқу сабағындағыбілім алушылар құрамының жас ерекшеліктік ауқымын оңтайландыру. Білім алушылардың тиімді өзара әрекеттестігі үшін кеңес берілетін жас ерекшелік ауқымы – 3-4 жастан артық емес.

Сыныптарды біріктіру екі есе дайындалуды, сондай-ақ екі сабақ жоспарын бір жоспарға біріктіруге және сабақ барысында барлық білім алушылардың толық әрекеттілігін қамтамасыз етуге негізделген арнайы жоспарлауды талап етеді. Бұл жағдайда білім алушылардың өзіндік жұмысы, сондай-ақ топтық немесе жұптық жұмысы сабақтағы білім алушылар әрекетінің міндетті және жүйелі түріне айнала отырып, мұғалімге бір немесе екінші білім алушылар тобына кезек-кезек көңіл бөлу мүмкіндігін ұсына отырып, маңызды мәнге ие болады.

Бұл жұмыстар бағдарламаның талаптары мен білім алушылардың қабілетіне қарай, олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, саралап жүргізіледі. Әртүрлі жастағы білім алушыларға өзіндік жұмыс ұйымдастыру оқу материалының мазмұнын тиянақты саралауды талап етеді. Әр сыныптың бағдарламасына сәйкестік деңгейін, білім алушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, қосымша үлестірме материалдар әзірленеді.

Шағын жинақты мектептің ерекшелігі – сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізілуі мүмкін күн сайынғы білім алушылардың өзіндік жұмысына негізделеді. Бір сабақтағы өзіндік жұмыстар саны реттелмейді.  Жаңартылған білім мазмұнына көшу барысында білім алушылардың өз бетінше білім алу қабілеттерін арттыру маңызды орын алады. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, өмір жолын өзі болжай алатын тұлғаны қалыптастыруда өзіндік жұмыстардың құрылымын, мұғалім ізденіске бағыттайтын жетекші позициясын ұстанатын, жүйеленген дамытушылық бағыттағы іс-әрекетке айналдыру қажет.

Сонымен қатар, бастауыш мектеп білім алушыларының өзіндік жұмысы үшін уақыт шектеулері белгіленген: 2-сыныптағы жазу сабағында – 20 минуттан артық емес, 3-ыныпта – 25 минуттан артық емес; 2-сыныптағы математика сабағында – 15 минуттан артық емес, 3 сыныпта – 20 минуттан артық емес.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты шағын жинақты мектепте оқу іс-әрекетін ұйымдастыру уақытты дұрыс бөлу және пайдалануды, сабақтарды білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың дербес жұмыс істеу дағдылары ескере отырып, өзіндік жұмыстармен тиімді алмастыру арқылы жоспарлауды және тікелей педагогтың қатысуымен жүргізілетін жұмыстарды қамтиды. Мұғалім үшін білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жеке іріктеліп алынған, балалар үшін қызықты және әртүрлі қажетті дидактикалық материалдардың көлемін анықтауға, дайындауға, қорытынды жүргізуге байланысты өзіндік жұмысты жоспарлау кезінде қиындық туындауы мүмкін.

Түрлі жастағы білім алушыларға білім беруді ұйымдастыру кезінде күнтізбелік жоспарды жасаудың да өзіндік ерекшелігі бар: бір пәндік сабақтарда сабақтарды бір тақырыпта өткізу мақсаты айқындалып, екі немесе одан да көп күнтізбелік жоспар салыстырылады. Сабақ кестесіне сәйкес білім алушылар, мысалы 2-ші және 4-сынып білім алушылары сабақты бір уақытта бастамайды. Әдетте мұғалім бір сынып білім алушыларымен жұмыс істейтін алғашқы бір-екі сабақ жаңа оқу материалын түсіндіруге бөлінеді. Екінші немесе үшінші сабаққа жиынтыққа кіретін басқа сыныптың білім алушылары келеді және мұғалім екі-үш сабақ екі сыныппен бір уақытта жұмыс істейді. Бір тақырыптық сабақтарды жоспарлау кезінде күнтізбелік-тақырыптық жоспар екі сыныптың бірлескен жұмысын қамтуы мүмкін. Сонымен бірге бір тақырыптық сабақтарды өткізу үшін бөлімдердің тұтастығына нұқсан келтірмей, кейбір тақырыптарды өту мерзімі бойынша жылжытуға болады.

Ол үшін барлық сыныпқа ортақ оқу мақсаттарын біріктіріп және әртүрлі жастағы топтар үшін оқыту міндеттерін нақтылау қажет; топтың барлық жас ерекшелігіндегі білім алушыларының бір мезгілде оқып, қабылдауына болатын білім мазмұны тақырыптан іріктеліп алынады; әр жастағы білім алушыларға оқу әрекетінің әдістері таңдалады; оқу мазмұнында әр жастағы білім алушылардың топтарына тән сұрақтар бөліп алынады; оқу материалының мазмұнының ерекшелігін ескеру арқылы топтық және жеке сабақ формаларының түрі таңдалады.

Мысалы, биологияны оқыту кезінде зертханалық жұмыстарды тақырыптары бойынша біріктіру ұсынылады (мысалы, 6-сыныптағы 35 зертханалық жұмыстың кейбіреулерін «Өсімдік жасушасының құрылысы» бөлімі бойынша; «Тамыр», «Өркен», «Гүл, жеміс», «Гүлді немесе жабықтұқымды өсімдіктер», «Даражарнақтылар класы» тараулары бойынша, «Саңырауқұлақтар дүниесі» бөлімі бойынша біріктіруге болады).

Пәнішілік байланысты жүзеге асыруға болмайтын жағдайда пәнаралақ кіріктіре оқыту мүмкіндігін қолдануға болады. Салалас пәндерді кіріктіре оқытуды ұйымдастырғанда пәндерді келесідей кіріктіре оқытуды: тіл - әдебиет, тарих-әдебиет, химия-биология, тарих-география, география-биология, математика-информатика және т.б. ұсынылады.

Кіріктірілген сабақтардың негізіне білім беру мазмұнының басты элементтерін бөлуге мүмкіндік беретін, жүйені құрайтын идеяларды, түсініктерді, оқу әрекетінің тәсілдерін дамытуды қарастыратын пәнаралық байланыстар салыну керек. Кіріктіру, бір жағынан «әлемді біртұтас» көрсетуге мүмкіндік береді, басқа жағынан бейінді саралау үшін қолдануға болатын оқу уақытын босатады.

Біріктірілген сыныптарда пәнішілік кіріктіре оқытудың мұғалімдер мен білім алушылар үшін төмендегідей артықшылықтары бар:


  • білім беру саласындағы пәндердің мазмұнын әртүрлі деңгейде тұтастай игеру;

  • білім алушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарды білім, білік дағдылар негізінде кешенді игеруге бағыттау;

  • ұжымдық оқыту әдісін тиімді қолдану және білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

  • жоғарғы сынып білім алушылары өзінің білімін кіші жастағы сынып білім алушыларын оқыту және бағалау кезінде қолдану.

Шағын жинақты мектепте оқу процесін ұйымдастыруда тиімді педагогикалық технологиялар: деңгейлеп оқыту, саралап оқыту, ұжымдық оқыту, дидактикалық бірлікті ірілендіру, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану, дамыта оқыту, модульдік оқыту, сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу және т.б. қолданылады.

Шағын жинақты мектепке электронды оқыту жүйесін енгізу жеке және өздігінен оқытуды кеңінен қолдану арқылы әртүрлі жастағы ұжымдарда педагогикалық әрекеттегі қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді. Қашықтықтық технологияларды қолданатын электронды оқыту бейіналды дайындық пен бейінді оқытудың бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын құру үшін қосымша мүмкіндіктер береді. Физика, химия және биология бойынша виртуалды зертханаларды пайдалану арқылы, мұғалімдер аталған пәндерді меңгеруге қажетті оқу жабдығының жеткіліксіздігі мәселесін шеше алады. Бұл бағытта физика, химия, биология, математика және жаратылыстану пәндерінен bilimland (www.bilimland.kz) білім беру платформасының виртуалды зертхана жұмыстарын пайдалану ұсынылады.

Сандық білім беру ресурстарын (бұдан әрі – СБР) базасын техникалық талаптары сәйкес келетін процессорге немесе ноутбукке орнатуға болады. Сондай-ақ, педагог әрекеті ақпаратты жаңғырту емес, білім алушыны оқу-танымдық процесте психологиялық-педагогикалық қолдаушы, ұйымдастырушы рөлінде болады. Мұғалімнің көмекшісі рөлінде оқу материалын өздігінен игеру дағдылары мен іскерліктерін меңгерген білім алушы да бола алады.

Шағын жинақты мектептегі оқыту процесі келесі принциптерге құрылады: нәтижелілік, үздіксіздік, кіріктірілу, икемділік, жеке тұрғыдан қарау, вариативтік, өзінділік, интерактивтік, ынтымақтастық және т.б. Мұғалімге көрсетілген мәселелерді шешуде баға жетпес көмекті электронды ресурстар және әртүрлі жас ерекшеліктердің өзара сабақтастығының барлық аспектілерін және пәнаралық кіріктіруді ескеретін бейнесабақтарды дайындау көрсете алады. Оқу процесінде бейнересурстарды пайдалану талаптарын жасау кезінде шағын жинақты мектептегі оқытудың жекелеген ерекшеліктерін ескеру қажет.

Бейнесабақтар мектептегі, әсіресе ауылдық шағын жинақты және шалғайдағы мектептердегі оқу процесінің сапасын қамтамасыз ететін бірден-бір педагогикалық құрал болып табылады. Аталған мектептер, ұқсас байланыс желісі бола тұрып, біртұтас ақпараттық-білімдік ортадан, оның қазіргі техникалық-инновациялық шешімдерінен бөлектеніп қалады. Сондықтан мектептік СБР қорын құру осы мектептердегі білім сапасын арттытуға және мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселесін едәуір ілгері жылжытуға, жекелеген жағдайда, тіпті пән мұғалімдерінің жоқтығының орнын толтыруға қабілетті өзекті мәселенің шешімі болып табылады. Бүгінгі таңда әзірленген оқу бейнесабақтары мектеп бағдарламасының негізінде әзірленген, оқу материалын толықтыратын қосымша ақпараттар енген, ол оның тартымдылығы мен маңызын арттыра түскен. Сонымен бірге шағын жинақты мектептің өзіндік ерекшелігіне байланысты бейнесабақтарды оқыту процесінде қолданудың тәсілдерін ескеру керек.

Білім алушылардың бір жас тобы үшін сыныптарды біріктіру кезінде бейнежазба пайдалану екінші топ білім алушыларының сабақтан көңілін бөледі. Демек жаңа тақырыпты игеру үшін сабақтарды жеке жүргізу қажет. Мұндай жағдайда өзгермелі сабақ кестесіне деген қажеттілік туындайды, мысалы математика пәнінде бейнесабақты пайдаланып жаңа тақырыпты игеруге аптасына жеке жүргізілетін 2 сағат бөлінеді, ал 3 сағатты материалды бекіту мен есептер шығаруға дағдыландыру үшін сыныптарды біріктіру жағдайында пайдалануға болады. Әрбір нақты жағдайда (пән, сынып) сабақтарды мұқият жоспарлау қажет.

СБР пайдалану оқытушыдан үйлестірушіден бағдар берушіге дейінгі білім алушыларға өздігінен оқу дағдыларын игерту кезіндегі рөлін түпкілікті түрде өзгертеді. Сондай-ақ, топтық жұмысты ұйымдастыруда, психологиялық қолайлылық және өзара көмек, бәсекелестік, шығармашылық ізденіс және әртүрлі ортада қарым-қатынас жасау атмосферасын құруда мұғалімнің тәрбиелеушілік рөлі артады, ол білім алушылардың танымдық белсенділігінен көрініс табады.

Меңгерілетін пән ерекшеліктері және оқытушы тәжірибесі есебімен СБР пайдаланудың және материалдарын іріктеудің өз тәсілдері қалыптасуы тиіс. СБР қолданып сабақ жүргізу әдістемесі – оқыту процесі қосындыларының бірі, ал бағдарлама – негізінен мұғалімнің ақпарат беру функциясын орындайтын сабақтың бір бөлігі екендігіне негізделуі тиіс. Және оның тиімділігі өте жоғары дәрежеде педагогтың білім алушылардың танымдық қызметін ұйымдастыруына тәуелді. Сондықтан мұндай ұйымдастырудың келесі принциптерін бөліп көрсету қажет:



- Белсенді қабылдауға дайындау.

Пайдаланылатын бейнематериалдарды мақсатсыз пассивті қабылдау қарапайым сабақпен салыстырғанда пайымдауын төмендетеді, себебі бұл жағдайда білім алушылар негізгі қорытындылардан және жалпылаулардан тыс қосалқы болса да әсерлі эпизодтарды еріксіз есте сақтайды. Білім алушылар бейнематериалдардан барлық қажетті ақпаратты алуы үшін бейнежазбаны қарағанға дейін олардың алдына негізгі танымдық міндеттерді анық қойып, алда тұрған оқу тапсырмалары туралы хабарлауы қажет. Бұған білім алушыларға бейнежазбаны қарағаннан кейін олар жауап беруі тиіс болатын сұрақтарды қою, осы сұрақтарды тақтаға жазу жолымен қол жеткізіледі. Егер оларға шығармашылық жұмыс орындау қажет болса, онда ертерек, бағдарламаға дейін бірнеше сабақ бұрын білім алушыларға ескертіп, қосымша әдебиет оқуға кеңес беру қажет. Сыныпта жалпы қызығушылық атмосферасын тудыру үшін түйінді мәселеге назар аудартатын қысқаша кіріспе сөз қосуға болады.



        • Бейнематериалдарды пайдалану кезіндегі білім алушылардың оқу қызметін бақылау және басқару.

Барлық білім алушылар назарын пайдаланылатын материалға аударғанына көз жеткізу, білім алушылар өздеріне қажетті қысқаша мәліметтерді жазып отырады (INSERT-түртіп алу тәсілін пайдалануға болады, барлық білім алушылардың аталған тақырыпта қарастырылған жұмыс пен тапсырма түрлерін орындауын қадағалау қажет). Сондай-ақ бейнематериалдарды қолдану барысында сыныптың назарын ең маңызды фактілер мен түйіндерге аударып отырған пайдалы.

        • Сабақта бейнематериалдарды пайдаланғаннан кейінгі білім алушылардың оқу әрекетін басқару.

        • Мұғалімнің педагогикалық міндеті – бейнематериалды пайдаланғаннан кейін, сабақты баяндалған ақпарат желісінің логикасына сәйкес жалғастыру. Аудиовизуалды құралдармен көрсетілетін материал мұғалім пайдаланатын ақпараттың бөлігі болып табылады. Бейнематериал мұғалімді алмастыру үшін емес, оған көмекші ретінде қолданылады, сондықтан мұғалім сабақта кері байланыстың орнын толтыруы тиіс: мысалы, бейне материал көрсетілімі аяқталғаннан кейінгі аудиториядағы пікірталаспен ұластыру. Материалды әдістемелік құралдар мен ұсынымдарға, арнайы оқулықтарға сүйене отырып, шығармашылық дамыту және толықтыру ұсынылады.

Оқытуда білім алушылар бойындағы танымдық қызығушылықты, оқу әрекетіне ынтаны дамыту әдістері жақсы танымал және кеңінен қолданылады. Аудиовизуалды технологияны пайдалану барысында оны өздігінен білім алу қызметін ынталандыру жолымен, мысалы, тапсырма таңдау мүмкіндігі арқылы жоспарлы түрде толықтырып отырған дұрыс.

Ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында электрондық оқытудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ЭОАЖ) құрылды: білім беру ұйымдарының порталы, электрондық кітапхана, білім беру ұйымын басқару жүйесі және электрондық оқытудың басқа да құраушылары. Берілген электрондық оқытудың ақпараттық жүйесі https://e.edu.kzсайтында қолжетімді. ЭОАЖ-нің маңызды құраушысы 7511 СБР орналасқан электрондық кітапхана болып табылады.

Мұғалімдерге көмек ретінде СБР қолдану бойынша оқу-әдістемелік құралдар әзірленген. Олар ҚР БҒМ порталының (https://e.edu.kz/98) «Педагогтерге арналған басшылық» бөлімінде, сондай-ақ Ұлттық ақпараттандыру орталығының сайтында: http://nci.kz орналасқан және ашық қолжетімді.

Вilimland.kz білім платформасын (www.imektep.kz; www.bilimland.kz;  www.itest.kz), «Bilim Media Group» инновациялық компаниясы жасаған, «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы №515 бұйрығына сәйкес қолдану ұсынылған.

Платформа үш тілде берілген: қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде, барлық жастағы балаларға арналған курстар топтамасынан тұрады:

Бастауыш білім беру

Бастауыш математика – бастауыш мектептегі математиканың барлық негізгі тақырыптық бөлімдерін қамтитын кең көлемдегі интерактивті оқу материалдарының топтамасынан тұрады.

Орта білімберу

Математика және жаратылыстану-ғылыми бағыты бойынша

Математика, физика, химияны оқудың онлайн-курстары - Математика, физика, химияны оқудың интерактивті кешені, республикадағы жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес барлық пәндердің мектеп бағдарламасының мазмұнын қамтиды.

Физика, химия, биология, математика және жаратылыстану пәндерінен виртуалды зертхана - қазіргі электрондық тренажёрлар жиынтығы және физика, химия, биология, математика және география пәндерінен жаттықтырушы құрал болып табылады.

Биология, информатика, дүниежүзі тарихы, география, жаратылыстану, дүниетану пәндерінен онлайн-сабақтар қамтылған.



Гуманитарлық пәндер циклы бойынша

Қазақ тілінің онлайн-курсы – кең көлемдегі интерактивті сабақтар топтамасын қамтиды, қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту бағдарламасының негізінде әзірленген.

Ағылшын тілінің онлайн-курсы – кең көлемдегі интерактивті сабақтар топтамасын қамтиды, ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытудың халықаралық бағдарламасының негізінде әзірленген.

Француз тілінің онлайн-курсы – тілді меңгерудің бастапқы сатысындағы және аралық кезеңіндегі жасөспірімдерге арналған курс..

Неміс тілінің онлайн-курсы – тілді меңгерудің бастапқы сатысындағы және аралық кезеңіндегі жасөспірімдерге арналған курс.

Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы – ҚР БҒМ бекітілген мектеп бағдарламасына сәйкес келетін, шығармалардың барлық аудиожазбалары.

Бейнетоптама - 5 минутқа созылатын бейнероликтер топтамасынан тұрады, тақырыпты түсіндіруде визуалды материал болып табылады, оқыту процесінен бөлек тәрбие жұмыстарына да пайдаланылады.

Қосымша ресурстар

iTest – тест жұмыстарына дайындалуға арналған виртуалды жаттықтырушы.

iMektep – қазақ бастауыш мектебіне арналған толық бағдарлама курсы. 

Оқу процесінде әртүрлі білім құралдарын және педагогикалық технологияларды пайдалану келесі міндеттерді шешуге бағытталады:

- МЖМБС талаптарына сәйкес оқу пәндерінің мазмұнын игеру, білім алушылардың білім сапасын арттыру;

- белгілі практикалық іс-әрекеттер түрлеріне білім алушылардың қабілеттерін дамыту;

- оқу процесінде интерактивтік, электрондық, ақпараттық қорларды тиімді пайдалану;

- оқыту деңгейі мен қарқынын, мазмұнның түрін кең таңдау;

- белгіленген білім саласын тереңдетіп оқуға білім алушылардың білім қажеттілігін қанағаттандыру;

- білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын ашу және дамыту;

- қашықтықтан оқыту.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2019 жылға дейін еліміздің жалпы білім беру мектептерін толығымен жаңартылған білім беру мазмұнына көшіру жоспарланған.

Жаңартылған білім мазмұны жүйесін енгізу шағын жинақты мектептердегі білім алушыларды оқытудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді, себебі оқыту процесінде жаңа тәсілдерді қолдану, мұғалімнің жаңашыл көзқарасын қалыптастырады және оның оқыту процесіндегі бағыттаушы рөлі барлық оқу процесін технологияландыруға ықпал етеді. Білім беру құрылымын жаңарту, дәстүрлі репродуктивті стильден шығу және мектеп білім алушыларының танымдық белсенділігін және тәуелсіз ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы жаңа конструктивистік білім беруге көшу болып табылады. Білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы оқыту белсенді болуын, коллаборативті орта қалыптастыру жағдайында жүргізуді, саралап оқытуды, оны іске асыруда пәнаралық байланысты қамту арқылы жүзеге асыруды ұсынады. АКТ қолдану міндетті болып табылады, диалог арқылы оқыту, білім алушылардың зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу әдістемесі қолданылады. Жаңартылған білім мазмұнына көшу оқу процесін дараландыру жағдайында жұмыс істеуге дайын болуды талап етеді.

2016-2017 оқу жылында 1-сыныптар толығымен жаңартылған білім мазмұны бағдарламасымен оқытуға көшірілді. Шағын жинақты мектепте оқу процесін ұйымдастырудың типтік ережесіне сәйкес 1-сынып біріктіріліп оқытылмайды.

2017-2018 оқу жылында республикадағы жалпы білім беретін мектептердің, соның ішінде шағын жинақты мектептердің 2,5,7-сыныптарын жаңартылған білім мазмұны бағдарламаларымен оқытуға көшіру жоспалануда.

Осыған байланысты, алдағы оқу жылында жаңартылған және қолданыстағы бағдарламалар бойынша шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу бағдарламаларын бейімдеу қажет.

Сондықтан біріктірілген сыныптарда оқу процесін ұйымдастырудың келесі механизмі ұсынылады: ұзақ мерзімді және күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды талдау негізінде жаңартылған және қолданыстағы бағдарламалар бойынша оқытатын шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарына ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларын әзірлеу.

Жаңартылған және қолданыстағы бағдарламалар бойынша оқитын біріктірілген сыныптарға ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларын әзірлеудегі алғашқы қадам - біріктірілетін сыныптардың ұзақ мерзімді және күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын талдау.

Сыныптарды бірпәндік біріктіруде біртақырыптық сабақтар белгіленеді, бақылау жұмыстары, сынақ, мүмкіндігінше зертханалық жұмыстардың мерзімдері сәйкестендіріледі. Бағдарлама бойынша оқу материалының мазмұны іріктеліп, біріктірілетін сынып үшін модульдерге бөлінеді. Тақырыптар сәйкес келмеген жағдайда біріктіру бірпәндік болып қала береді және оқу процесін ұйымдастыру барысында бірнеше сыныппен қатар жұмыс жасауға мүмкіндік беретін белсенді педагогикалық тәсілдерді таңдауды қажет етеді.

Тақырыптарды іріктеу және сәйкестендіру жолымен алынған бейімделген оқу материалының негізінде, оқу мақсаты анықталады, жаңартылған және қолданыстағы бағдарламалар бойынша оқитын біріктірілген сыныпқа арналған ұзақ мерзімді жоспар әзірленеді. Ұзақ мерзімді жоспардың негізінде орта мерзімді жоспар құрылады. Жаңартылған және қолданыстағы бағдарламалар бойынша оқитын ШЖМ біріктірілген сыныптарына ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің көрнекі алгоритмі келесі сызбада көрсетілген.

1-сызба – ШЖМ біріктірілген сыныптарына орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды әзірлеу схемасы.



Орта мерзімді жоспар тақырыптан, оқу мақсатынан, оқыту нәтижесінен және мұғалімнің тізбектелген сабақтар топтамасын өтіп болғаннан кейінгі рефлексиясынан тұрады. Орта мерзімді жоспар немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау келесі жолмен жүзеге асырылады:

- жұмыс кезеңділігінің ретін анықтау;

- жаңа тәсілдердің жеті модулін сыныптағы сабақ беру практикасына енгізу;

- тізбектелген сабақтар топтамасындағы әр сабақтың оқу мақсаттарын нақтылау (төрт сабақтан кем емес);

- нәтижені өлшеудің әдістері мен тәсілдерін анықтау;

- болжанған нәтижеге жету мақсатында оқытудың міндеттерін нақтылау;

- оқытудың барлық кезеңінде тұрақты оң динамиканы қамтамасыз ету;

- оқытумен барлық білім алушыларды түгел қамтамасыз ететін стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру;

Жаңартылған және қолданыстағы бағдарламалар бойынша бір мезгілде біріктірілген сыныптарда оқу процесін ұйымдастырып және сабақты жүргізу үшін орта мерзімді жоспардың оқу мақсаттары толықтырылады және түзетіледі. Орта мерзімді жоспар бойынша екі сыныптың оқу модульдерін біріктіру кезінде сағат сандарының сәйкестігі салыстырылады және бекіту, қайталау, білім алушылардың білімдерін тексеру сабақтарының есебінен қайта қаралады. Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарының тақырыбы пән бойынша оқу бағдарламасының бөліміне сәйкес келуі қажет. Бұл жағдайда тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімді жоспарлаудың мақсаты, біріктірілген сыныпта оқытудың барлық кезеңдерінде мақсатты оң өзгерістерді қамтамасыз ететін жүйелі-әрекеттік және оқу бағдарламасына сәйкес білім алушылардың жекелеген нәтижеге жетуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Оқу мақсаттары тізбектелген сабақтар топтамасын құруға бағдар болып табылады. Орта мерзімді жоспар мұғалімге мақсатты жұмыс жасауға және оқыту объектілерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бұрынғы күнтізбелік-тақырыптық жоспардағыдай, әрбір келесі сабақ бөлек сабақ болып табылмайды, керісінше алдыңғысының жалғасы болып табылады. Белгілі бір бөлімді оқыту барысында сын тұрғысынан ойлау тәсілі арқылы бағалап және нақтылай отырып, біртіндеп мұғалім өзінің болжау дағдыларын дамытады.

ШЖМ біріктірілген сыныптарының мұғалімдеріне сабақтың орта мерзімді жоспарын әзірлеу кестесінің тірек сұрақтарымен жасалған алғашқы нұсқасын пайдалану ұсынылады, жаңартылған білім мазмұнын енгізудің алғашқы кезеңінде бұл нұсқа мұғалімдерге көмек құралы ретінде өңделіп берілген.


67-кесте – Орта мерзімді жоспардың тірек сұрақтарымен берілген нұсқасы





Сабақтың тақырыбы және оқытудың негізгі мақсаттары

(Блум таксономиясы бойынша)



Сіз қандай белсенді жұмыс түрін пайдаланасыз? Бағдарламаның Модулдерін қосуды қалай жоспарладыңыз?

Оқытумен барлық баланы қалай қамтисыз, соның ішінде фокус топтағыларды)?

Сіз бағалауды қалай жүргізесіз

(қалыптастырушы және жиынтық бағалау)?



Оқытуда қандай нәтижеге жетуді жоспарладыңыз?

Қандай ресурстарды пайдаланасыз?

1

1.Білу және түсіну
















2.Қолдану/талдау /жинақтау
















3.Бағалау




































Физика пәнінен 7-8-ші біріктірілген сыныптарға арналған сабақтарды біріктірудің үлгілік схемасын және орта мерзімді жоспардың үлгісін ұсынамыз.


68-кесте – Тоқсан бойынша оқу бағдарламасының сағат сандарын сәйкестендіру үлгісі шағын жинақты мектептің біріктірілген 7-8-сыныптарындағы физика пәнінің мысалында алынған.


Сыныптар

І

ІІ

ІІІ

IV

7 сынып

2+2+3+5

4+8

11+7

2+5+3+5(қайталау)

8 сынып

7 + 5

6+5+1

11+7

10+5 (қайталау)

Біріктірілген сыныптардың оқу бағдарламасының негізінде біріктірілген жұмыс жоспарын дайындауда мұғалім тақырыптарды оқытудың жаңа реттілігін қалыптастыра алады (қисыны), кейбір тақырыптардың мазмұнын толықтыра алады (түсініктерін кеңейту, оқу материалының мазмұнын тереңдету), жекелеген тақырыптарға бөлінген сағат сандарын өзгерте алады (реттеу), тақырыптар аясын кеңейтіп, практикалық, өзіндік жұмыстарының саны мен ұзақтығын реттейді, білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды толықтыра алады.


69-кесте – Физика пәнінен 7-8-сыныптарға арналған біртақырыптық орта мерзімді жоспар үлгісі


Тақырыбы

Негізгі мақсаты және оқыту міндеттері

Белсенді оқытуда пайдаланылатын жұмыс нысандары

Сабақтағы жұмыс түрі

Бағалау

Оқыту нәтижесі


Ресурс

тар


Жұмыс және қуат.

7.2.3.1 – механикалық жұмыс (7сын.) және электр тогының жұмысы (8 сын.) түсініктерінің физикалық мағынасын ұғыну

7.2.3.7 - механикалық қуат (7сын.) және электр тогының қуаты (8 сын.) түсініктерінің физикалық мағынасын ұғыну

7.2.3.8 –жұмыс және қуаттың формулаларымен есеп шығару, білімін практикалық есептерді шығаруға қолдана алу


Жеке және топтық жұмыс түрлерінде:

1.Эмоционалдық көңіл-күй қалыптастыру

2. «Миға шабуыл»

3.«Динамикалық шеңбер».

4.«Әуе шары» т.б.


1.Теориялық шолу.

(Жеке жұмыс)

2.Зерделенген материалды талдау.

(Топтық жұмыс)

3.Қорытындылау. (біріктірілген)

4. Қысқаша қорытындыны дәптерге түсіру (Жеке жұмыс)

5.Формуласымен жұмыс және қуатты есептеп шығару.

6.Алған білімдерінің өмірде қолданылуына мысалдар келтіру.



Ынталандыру және мадақтау түріндегі ФБ.

Критерийлері:

1.Анықтамасын біледі.

2. Шамаларды есептеу формулаларын біледі.

3.Шамалардың жазылуын, айтылуын, өлшем бірліктерін біледі.

4.Жұмыс пен қуатты есептей алады.

5. Алған білімін өмірде қолдануға мысал келтіреді.


1.Шамалардың физикалық мағынасын түсіндіре алады.

2. Жұмыс және қуаттың формулаларын есеп шығаруға, практикалық есептерді шығаруға қолдана алады.

3 Алған білімдерін өмір жағдайында қолдана алады.


Оқулық, жұмыс дәптері, есептер жинағы, үлестірме материалдар, СБР

Біртақырыптық біріктіру және ортақ мақсат қою мүмкіндігі болмаған жағдайда, бірпәндік біріктіру сабақтарының жоспарын әзірлеуде білім алушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес нақты оқу міндеттері қажеттілігінше бөлек қойылады, бірақ оқу процесін ұйымдастыру барысында бірнеше сыныппен қатар жұмыс жасауға мүмкіндік беретін ортақ белсенді педагогикалық тәсілдерді таңдауға болады.

Сонымен бірге ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларды әзірлеуде жаңартылған бағдарламада ортақ тақырыптардың барын ескеру ұсынылады, оқытудың жүйелілігін сақтай отырып, оқу материалының мазмұнын модулдерге бөлуде пайдаланылады.

Біріктірілген сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспарда сабақты ұйымдастыру және өткізу кезеңдерін құрылымдау үлгісі келесі кестеде көрсетілген:


70-кесте – Сабақты ұйымдастыру және өткізу кезеңдерін құрылымдау үлгісі.


  1. Біріктірілген бөлім

Бағдарлау-мотивациялық кезең

Екі сыныппен қатар жүргізіледі

  1. Сараланған бөлім

Операциялық-орындаушылық кезең

Әр сыныппен жеке жүргізілетін жұмыс

Білім алушының өзіндік жұмысы

Мұғалімнің нұсқаулығымен орындалатын тапсырмалар

Мұғалімнің нұсқаулығымен орындалатын тапсырмалар

Білім алушының өзіндік жұмысы

  1. Біріктірілген бөлім

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

Екі сыныппен қатар жүргізіледі

Қазіргі кезеңде шағын жинақты мектеп мұғалімдері үшін «Қолданыстағы және жаңартылған бағдарламалар бойынша ШЖМ біріктірілген сыныптарында білім алушыларға оқу процесін ұйымдастыру механизмі»әдістемелік ұсынымдары әзірленуде, бұл құрал 2017-2018 оқу жылы басталғанға дейін Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылады (http://nao.kz/).

Қазақстан Республикасының әрбір өңірінде құрылған тірек мектептері (ресурстық орталықтар) шағын жинақты мектептерде білім сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда жұмыс жасайтын мектептер базасында 160 ресурстық орталық құрылған, оған 488 магниттік шағын жинақты мектептер бекітілген.

Тірек мектептер (ресурстық орталықтар) базасында шағын жинақты мектеп білім алушыларына жылына үш рет (оқу жылының басында, ортасында және соңында) 10 күннен оқу сессиялары (бастапқы – қазан айының бірінші онкүндігінде, сессияаралық – ақпан айының бірінші онкүндігінде және қорытынды сәуір айының үшінші онкүндігінде) ұйымдастырылады.

Сессия басталғанға дейін магнитті мектеп білім алушыларынан кіріспе сынама алынады, оларды оқытудың жеке маршруттары анықталады, сессияаралық кезеңдегі жұмыс жоспарланады. Шағын жинақты мектеп білім алушылары сессия кезінде оқу процесіне белсенді қатысады. Олар физика, химия, биология сабақтарында толық жабдықталған кабинеттерде зертханалық жұмыстарды орындауға және ақпараттық технологияларды белсенді қолдануға мүмкіндік алады. Сессияаралық кезеңдегі шағын жинақты мектеп білім алушыларының оқу-танымдық әрекеті тірек мектебі (ресурстық орталық) мұғалімдерінің қашықтан оқыту технологияларының көмегімен қолдауы арқылы жүргізіледі.

Тірек мектебінде (ресурстық орталық) қазақ, орыс, шет тілдерін, информатика пәндерін оқытқанда, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық, технология сабақтарында, сондай-ақ, бейінді пәндер бойынша зертханалық және практикалық жұмыс жүргізгенде кіші топтарға бөлуге рұқсат етіледі. Пәндер бойынша кіші топтарға бөлу сынып толымдығы – 20-25 адам, ал 8-11-сыныптарда – 15-20 адам болғанда тірек мектебі (ресурстық орталық) Үйлестіру кеңесінің шешімімен жүргізіледі.

Тірек мектептерінде магниттік мектептердің оқу-тәрбие жоспарын ескере отырып келесі жұмыс жоспарлары әзірленеді және жүзеге асырылады:

- оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жоспары;

- бірыңғай оқу жұмыс жоспарлары;

- бірыңғай күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар;

- бірыңғай әдістемелік жұмыс жоспары;

- сессия аралық кезеңнің жұмыс жоспары;

- күндізгі сессияларды жүргізу жоспарлары;

- қашықтан оқыту сессияларын жүргізу жоспарлары;

- жобалау, зерттеу, кәсіби бағдар бағытындағы арнайы курстардың бірыңғай бағдарламалары;

- сабақтардың өтілу күнімен қатаң сәйкестікте жүргізілетін жеке-дара оқыту.

Оқу-тәрбие жұмысы тірек мектептері мен магниттік мектептердің тығыз байланысын талап етеді, бұл үшін педагогикалық ұжымның жұмысын ұйымдастырудағы міндеттері көрсетіліп, мектептердің әкімшілік корпустарынан Кеңейтілген Педагогикалық кеңес (бұдан әрі - КПК) құрылады, ол оқу процесін, сонымен бірге тәрбие жұмысын ұйымдастыруды, сессия және сессияаралық кезеңдердегі кәсіби бағдарлау іс-шараларын қоса алғанда, тірек мектебі мен магниттік мектептердің стратегиялық бағдарын орындауға бағытталған. КПК жұмысының маңызды бағыты – сессия және сессияаралық кезеңдердегі тірек мектебі мен магниттік мектептердің жұмыстарына мониторинг жүргізу және бақылау, білім алушыларының сессия кезеңіндегі сапалы білім алуына және сессияаралық кезеңнің тапсырмаларын орындатудағы ШЖМ педагогтерінің жауапкершілігін реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеу.

Магнитті мектеп білім алушылары білімінің жоғарылауы мен кемшіліктерін айқын көруі үшін салыстырмалы талдау, мониторинг, графиктер салынады, шағын жинақты мектеп білім алушыларының оқу қиындықтар аймағын жою бойынша дербестігін белсендету мақсатында түзету жұмыстары жүргізіледі. Жеке оқыту маршрутын жүзеге асыру бойынша қорытынды сессияда білім алушының негізгі пәндер мен таңдау курстары бойынша түйінді қиындықтары анықталып, олардың дайындық деңгейі бағаланады.



Магнитті мектептердің білім алушыларының тірек мектебінде оқыту деңгейіне байланысты білім беру процесін келесідей ұйымдастыру ұсынылады:

1) Магнитті мектептердің 1-4-сыныптары сырттай оқиды, яғни шығармашылық, зерттеушілік жобаларды орындайды, сайыстарға дайындалады. Жылына бір рет тірек мектебіндегі конкурстар мен конференцияларға қатысу үшін бара алады.

2) 5-7-сыныптар магнитті және тірек мектептеріндегі пән мұғалімдерінің жетекшілігімен қашықтан оқытылады (магнитті және тірек мектептерінде материалдық-техникалық базасы жеткілікті, интернет болған жағдайда). Кафедралар немесе мектептің әдіс бірлестігінің отырыстарында жұмыс жоспарлары, сынама тапсырмалар әзірленеді. Сонымен қатар, магниттік мектептің мұғалімдеріне, білім алушыларына арналған онлайн семинарлар ұйымдастырылады.

3) 8-11-сыныптар тікелей оқытылады және сессияларға шығады (бейіналды және бейінді дайындықтың ұйымдастырылуымен). Сессияаралық кезеңді сессиялық кезеңмен сабақтастықты сақтай отырып жүргізу қажет. Берілген жұмыс тірек және магнитті мектептердің даму бағдарламасы мен шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылуы керек.

Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану, білім ресурстарын пайдалану арқылы сессияаралық кезеңде тірек мектептерінің (ресурстық орталықтардың) шағын жинақты мектептермен байланыс жасауына мұмкіндік береді. Білім алушының жан-жақты дамуына жағдай туғызатын және белсенді тұлғаны тәрбиелейтін дамыта оқыту әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылады. Шағын жинақты мектептер тірек мектептерге (ресурстық орталықтарға) бекітілген магниттік мектеп ретінде қызмет еткен жағдайда, бейнесабақтар немесе қашықтықтан оқытуды қолдану арқылы бейіндік оқыту бағдарламасын тиімді ұйымдастырудың төмендегідей шешімдері ұсынылады:



  1. Бейне ресурстар пайдаланылатын сабақтарда білім алушыларды бағыттарға бөлмей, пәндердің базалық (міндетті) мазмұнын қамтамасыз ете отырып, магниттік мектептерде және тірек мектептерінде бір уақытта көрсетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда мұғалімдері оқыту жоспарларын мұқият біріктіруге тиіс болатын магниттік және тірек мектептердің оқыту процестерін үйлестіру маңызды мәнге ие болады.

  2. Сессия кезеңінде магниттік мектеп білім алушылары бейіндік (жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық) бағыттар бойынша тірек мектептерінде оқиды.

Модуль мазмұнына 1-модульге кірмей қалған әр бағыт үшін ерекше инварианттық бөлім сұрақтары енгізіледі. Мұнда СБР банкі, сонымен қатар жеке тақырыптарды тереңдетіп оқығанда да, сондай-ақ тәжірибелік сабақтарды, зертханалық жұмыстарды, өзіндік жұмыстарды, жобалар, презентациялар және т.б. дайындауда қолданылуы мүмкін.

  1. СБР банкін үлгілік оқу жоспарының мектептік компоненті есебінен жүзеге асатын қолданбалы курстарды өткізуде қолдану.

  2. СБР банкін таңдау курстарын өткізуде қолдану (үлгілік оқу жоспарының білім алушы компонентінің сағаттары).

Жаңартылған білім мазмұны жүйесіне көшкен шағын жинақты мектептердің және тірек мектептерінің (ресурстық орталықтардың) мұғалімдері келесі жұмыстарды жүргізе білуі керек:

- нәтижеге жету үшін оқу мақсаттарын тұжырымдай білу;

- оқыту процесінде оқу материалын меңгеруді ұйымдастыру;

- оқу материалдарын оқу мақсаттарына сәйкестендіріп дайындау;

- оқыту процесіне ақпараттық орта әлеуетін пайдалану;

- білім алушылардың тұлғалық-белсенділік бағытта ілгері дамуына жағдай жасау;

- психологиялық жайлылық және қолдау атмосферасын қалыптастыру;

- білім алушыларды өз білімін жетілдіруге, өз қабілетін ашуға және өз мүмкіндіктерін пайдалануға дайындау;

- қойылған мақсатқа жетуге бағытталған аралық нәтижені бағалау.

7 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Дарынды балалармен жұмыс істеудің теориясы мен практикасы аясында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік ұсыныстарында мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері мен бағыттары, принциптері мен мәнінің жалпы көрінісі баяндалған.

Әдістемелік ұсыныстар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қаралды және мақұлданды.

Қоғам өмірінің барлық салаларындағы жаһандық өзгерістер, ақыл-ой қабілеттері жоғары балаларды тиімді оқытуды ұйымдастыру мәселесін білім беру жүйесінің алдына қоя отырып, жаңа заман талабына жауап бере алатын, шығармашыл, дарынды адамдардың қажеттілігін күшейтіп отыр. Қазіргі мамандандырылған мектептер балалардың әлеуетін барынша ашу үшін оларға жағдай туғызу, білім берудің барлық сатыларында балалардың табиғи дарынын анықтау және дамытуды көздейді. Оқушылардың әлеуетін ашу үшін жағдай жасау, шығармашыл тұлға тәрбиелеу және дарындылығын ересек өмірде іске асыру, білім мазмұнын жаңарту жағдайында мамандандырылған білім беру ұйымдарының кезек күттірмес міндетіне айналады.

Дарынды балалармен атқарылатын жұмыс мазмұны әрбір оқу пәндері аясында анықталады, алайда бұл мазмұнды айқындайтын оқу бағдарламаларын іріктеудің жалпы талаптары, мектептің ерекшелігіне бағдарламаның сәйкестігі болып табылады. Жарияланғандар арасында мұндай бағдарлама болмаған жағдайда қолданыстағы бағдарламаларға түзетулер енгізілуі немесе авторлық бағдарламалар жасалуы мүмкін. Оқу материалының мазмұны оқушыларды үздіксіз оқуға бейімдеуі тиіс, мұндай балалар үшін таным процесі өзіндік құнды болуы керек. Ең бастысы, одан әрі өзін-өзі жетілдіру және өздігінен білім алуға бағыттаушы, өз бетімен жұмыс істеуге талаптандырушы, ойды дамытушы идеялар мен тәсілдер, әдістер сияқты фактілерге емес біртіндеп оқытуға көшу керек, оған жету үшін қаншама рухани, интеллектуалдық және физикалық күш-жігер жұмсалатын мақсатты бірте-бірте көрсету қажет.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарындағы жұмыс формалары мен әдістері: интеллектуалды дарынды оқушыларды оқытуға қолданылатын, әрине, шығармашылық сипаттағы әдістер жетекші және негізгі болып табылады – жеке және топтық жұмыс формасы негізіндегі проблемалық, ізденушілік, эвристикалық, зерттеушілік, жобалау жұмыстары.

Оқушылардың өз ойын іске асыру мен шығармашылығын таныту үшін кеңістік беретін және даралап оқыту идеясын іске асыратын технология, технологялардың ең тиімдісі болып табылады. Бұл проблемалық оқыту технологиясымен үйлесетін жобалап оқыту технологиясы және «шағын топтармен жұмыс» оқыту әдістемесі.

1. Проблемалық оқыту технологиясы. Бұл технология базалық ретінде қарастырылады, себебі, оқушының өзгертушілік іс-әрекеті проблемалық сипаттағы тапсырмаларды орындау процесінде неғұрлым тиімді іске асырылуы мүмкін. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, проблемалық мазмұндағы міндеттерді шешу оқушылардың танымдық белсенділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Проблемалық оқыту процесінің құрылымы өзара байланысты және күрделенген жағдайлар кешенін білдіреді. Проблемалық оқыту технологиясын іске асыра отырып, мұғалім танымдық (проблемалық) міндет түрлерінде проблемалық сұрақтарды жиі қолданады.

Проблемалық міндетті шешу алгоритмі төрт кезеңді қамтиды:

1) проблеманы түсіну, сұрақтың ішіндегі қарама-қайшылықты анықтау, себеп-салдарлық байланыстар тізбегіндегі үзікті анықтау;

2) гипотезалар қалыптастыру және болжамдарды дәлелдеу жолдарын іздеу;

3) гипотезаны дәлелдеу, оның барысында оқушылар сұрақты немесе тапсырманы қайта тұжырымдайды;

4) зерттелетін себеп-салдарлық байланыстар - тереңдетілетін және танымдық объектінің немесе құбылыстың жаңа тараптары анықталатын жалпы қорытынды.

Осылайша, проблемалық жағдай туғызатын мақсатты түрде құрастырылған міндеттер жиынтығы, өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктер деңгейінде ойлауды дамыта білуді дамыту сияқты проблемалық оқытудың басты функциясын қамтамасыз етуге арналған. Бұл мектеп оқушыларына оқушылық зерттеулер процесіне қажетті шығармашылық іс-әрекетте белгілі бір тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді.

2. Шағын топтарда оқыту әдісі. Бұл әдістеме семинарлық сабақтарда неғұрлым тиімді қолданылады. «Шағын топтарда» оқытудың мәні, сыныптың 3-4 шағын топтарға бөлінетіндігінде. Олардың әрқайсысына 5-7 адамнан кіргені орынды, өйткені мұндай мөлшерде оқу барысында өзара қарым-қатынас жасау неғұрлым тиімді.

3. Жобалап оқыту технологиясы. Жобалап оқыту жүйесінің негізі, өзіндік іздестіру әрекеті процесінде оқушылардың білімді шығармашылықпен игеруі болып табылады, яғни жобалау. Маңыздысы, өзінің мәні бойынша жобалап оқыту тұлғалық бағдарланған болып табылады, демек оқушыларға өз тәжірибесінен және басқалардың тәжірибесінен үйренуге мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады, оқудағы жетістігін түсінуге, өз еңбегі нәтижелерінен қанағаттанарлық сезім алуына мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта жеке және топтық жобалар, нақты практикалық міндеттерді шешуге бағытталған жобалар және жаратылыстану-математикалық пәндердің мазмұнын кіріктіруші жобалар үлкен маңыздылыққа ие болуда. Мысалы, математикада – «Көпжақтар және ежелгі философтардың Ғалам мен кеңістік туралы түсініктері», физикада – «Физика және ғарыштық зерттеулер», химияда – «Су проблемасы және ынтымақтастық стратегиясы», «Шылым шегушілердің бойында липидтердің еркін-радикалды тотығу реакциясының жүруіне шылым шегудің әсері», биологияда – «Тірі ағзалардағы симметрия», «Тірі табиғаттағы көпжақтар» және басқалар.

4. Білім беру процесін ұйымдастыру түрлерінің бірі ретінде арнайы курстар, мазмұндары оқушыларға өздерін қызықтыратын салалар бойынша білім алуға немесе мектеп бағдарламасының жекелеген бөлімдерін тереңдете зерттеуге, өздерінің зерттеу жобаларын орындауға мүмкіндік беретін мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқу сабақтары жүйесін білдіреді.

Арнайы курстың ерекшелігі, оның мазмұнының негізін сабақтарда қарастырылмайтын, бірақ балалардың оқып білуі үшін түсінікті және қызықты тақырыптар құрайтыны болып табылады; ақпарат көзі ретінде мұғалімнің ауызша баяндай отырып жұмыс істеуін, проблемаларды өз бетінше ұғынуды, қосымша әдебиетпен белсенді жұмыс істеуді талап етеді.

Мектепте оқу процесін ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып қала береді. Жекелеген сабақ аясында түрлері, әдістері мен тәсілдері саралау және даралауға бағытталғандығы және әртүрлілігімен ерекшеленуі тиіс. Оқушыларды өзіндік танымдық әрекеттерге, пікірталас, диалогтерге тартудың алуан түрлері, түрлі шығармашылық тапсырмалар, топтық жұмыс түрлері кеңінен таратылуы керек. Аталған жұмыс түрлері мен іс-әрекеттер түрлі практикумдарда, зерттеу сабақтарын жүргізуде және бейінді пәндерді оқу кезінде сыныпты шағын топтарға бөлу жағдайында зертханалық сабақтар өткізуде, семинар түріндегі жұмыстар аясында кеңінен қолдау табады.

Әрбір оқу пәні қолданылатын формалар, әдістер мен тәсілдерді анықтайды, мысалы химия бойынша «Мыс тауының ғажайып құпиясы» эксперименттік тапсырмаларды орындау, стандартты емес есептерді шешу, интеллектуалды-шығармашылық ойындар, экскурсоводтар мен журналистер ретінде экскурсияларда оқушылардың жұмысы және т.б.

Сабақтан тыс жұмыс түрлері мен әдістері арасында оқушылардың сабақтан тыс зерттеушілік жұмыс жүйесі, оқушыларды түрлі олимпиадаларға және конкурстарға қатысуға тарту, интеллектуалды марафон, сайыстар, мектептік ғылыми қоғамдар, кіші ғылым академиясы, үйірмелер, түрлі факультативтер дарынды оқушыларды анықтау және дамытуда кең мүмкіндіктерге ие.

Мамандандырылған білім беру ұйымы дарынды балалардың ғылым негіздерін, мәдениет, өнер, спорт, әскери істі терең меңгеруіне бағытталған, элиталық біліммен қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламасын жүзеге асырады. Алға қойылған мақсаттарға байланысты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 19 шілдедегі №289 бұйрығымен бекітілген Мамандандырылған мектептері қызметтерінің үлгілік ережелерінде қосымша сағаттар анықталып, белгіленген. Атап айтқанда, саралап және жекелеп оқыту міндеттерін шешу, оқушылардың зерттеушілік қызығушылығын дамыту үшін әрбір бейіндік пән бойынша әр сыныпқа аптасына 4 сағат есебінен қаражат, оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту бойынша жеке сабақтан тыс жұмыстар үшін әр сыныпқа 0,25 ставка бөлінеді.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарының ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды балалар үшін мектепке жылына 1500 сағат есебінен жоғары білікті мамандармен шарттық негізде жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін қаражат бөлінеді. Ерекше дарынды оқушылармен бағдарламаларды жеделдетіп өткізуді ұйымдастырған жағдайда әр міндетті пән бойынша 0,25 ставка мөлшерінде қаражат бөлінеді.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру, білім беру саласының уәкілетті органы бекітетін, мамандандырылған білім беру ұйымына арналған үлгілік оқу жоспарлары негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарының жұмыс оқу жоспары мен мамандандырылған оқу бағдарламаларын әзірлеуді дербес жүзеге асырады.

Мамандандырылған мектептердің оқу жұмыс жоспарларын білім беру ұйымдарының әкімшілігі бекітеді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарымен келістіріледі.

Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт негіздерін терең меңгеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Мамандандырылған мектептер оқу жоспарының вариативті бөлігі құрамына кіретін және бағыт ерекшелігін сипаттайтын оқу пәндері бойынша жұмыстың оқу жоспары мен бағдарламаларын дербес жүзеге асырады.

Мамандандырылған білім беру ұйымдары олардың жарғысында белгіленген нысандар, құралдар және оқу әдісін өздігінен таңдай алады.

Кіріктірілген білім беру бағдарламалары пәнаралық, деңгейаралық, халықаралық болып бөлінеді. Кіріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін білім беру саласындағы ғалымдар, академиктер, шетел мамандары тартылады.

Мамандандырылған білім беру ұйымы ішкі бейіндік пәндері, сондай-ақ кадр әлеуеті мүмкіндіктері мен білім алушылардың сұраныстарына сәйкес қолданбалы курстар мен факультативтер саласындағы білімдерін анықтайды.

Мамандандырылған білім беру ұйымының әрбір деңгейінде сынып-комплект саны және сыныптағы білім алушылар саны тиісті жағдайлар бар болғанда қалыптасады.

Мемлекеттік (орыс тілінде оқитын сыныптар үшін) және орыс тілін (қазақ тілінде оқитын сыныптар үшін), ақпараттық-есептеу техника негіздерін, ритмика, хореография, музыка, дене шынықтыру, технологияны зерделеу, сондай-ақ, зертханалық жұмыстарды жүргізу, бейінді пәндер бойынша практикалық жұмыстарды жүргізу барысында сыныптар 2 топқа бөлінеді; шет тілін және шет тіліндегі пәндерді оқу барысында – 3 топқа бөлінеді.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарынан сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативті сабақ кестесі, деңгейлеп оқыту жүйесі, кеңес беру және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейінді саралауды жүзеге асыру толық күн тәртібінде жұмыс істеуді талап етеді.

Білім алушылардың оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін 10 сынып-комплектіге психологтің 1 ставка есебінен психологиялық қызмет құрылады, егер сынып-комплектінің саны көбейтілсе психологтің ставка мөлшерінің саны тиісті жылға қарастырылған жалақы қорына байланысты көбейтіледі.

Мамандандырылған мектептер оның бейініне сәйкес жоғары оқу орындарымен және басқа да ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Гимназиялардың вариативтік және кәсіптік бағдарланған арнайы курстарының оқу бағдарламалары жоғары оқу орындарының тиісті кафедраларымен келісіледі.

Мамандандырылған мектептер ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді. Ақылы білім беру қызметтерін айырбасқа және бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі аясында жасалмайды.



8 КЕШКІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Кешкі мектеп және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдер жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары және факультативтер бойынша негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырады.Кешкі мектепте және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдерінде білім беру күндізгі оқу нысаны бойынша (сыныпта 15 бен 18 жас аралығында 20 білім алушы), сырттай оқу нысаны (10-15 білім алушы) және сырттай жеке оқу тобы (сыныпта 9 білім алушы) бойынша жүзеге асырылады.

Ерекше жағдайларда және талапқа сай шарттар болған жағдайда, кешкі мектепте қашықтықтан оқыту технологиясы жүзеге асыруы мүмкін.

Оқытудың барлық нысандары бір білім беру ұйымының шеңберінде жүзеге асырылады.

Кешкі мектептегі оқу жылының ұзақтығы күндізгі оқу нысаны бойынша – 34 апта, сырттай оқу нысанында – 36 аптаны құрайды.

Күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларды аттестаттау тоқсан сайын, сырттай оқу нысаны бойынша жарты жылдықтар бойынша жүзеге асырылады.

Сыныпта 20 және одан да көп білім алушы болған жағдайда тек күндізгі оқу нысаны бойынша орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін, қазақ тілді мектептерде орыс тілі мен әдебиетін, шет тілдері және информатиканы топтарға бөліп оқыту жүргізіледі.

Қатаң және ерекше тәртіптегі жабық мекемелер жанындағы кешкі мектептерде сыныптағы оқушы саны 10 адамнан аспайды, топқа бөліп оқыту жүргізілмейді.

Мектепте білім беру процесін ұйымдастыру жалпы білім беретін оқу бағдарламаларымен, оқу жұмыс жоспарымен реттеледі.

Кешкі мектептің оқу жоспарында тек негізгі пәндерді сағат санын қысқарта отырып (міндетті апталық жүктеме (Инвариантты компонент) 22 сағат) оқыту қарастырылады. Кешкі мектепте технология, бейнелеу, дене тәрбиесі, АӘД сабақтарын оқыту қарастырылмаған.

Вариативтік компонент бойынша әр сыныпқа аптасына 3сағаттан артық қарастырылмайды.

Кешкі мектеп, негізгі оқу пәндері бойынша (қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, орыс әдебиеті, алгебра, геометрия, Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, құқық негіздері, география, биология, физика, химия, шет тілі, информатика (Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін (қазақ және орыс оқыту тілі) ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына қосымша)жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ұсынылған Үлгілік оқу бағдарламаларын өзінің білім беру қызметінің ерекшелігіне қарай бейімдеп алуға мүмкіндігі бар.

Әр сыныпта оқыту аптасына 3-4 күнде жүзеге асырылады. Сырттай оқыту нысаны бойынша білім беруді сессиялық тәртіпте жүргізуге болады.



Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу пәндерін оқыту ерекшеліктері
Оқу пәндерінің мазмұндық ерекшеліктері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет