23
бақтастыра баяндалатындығында. Мә-
селен, автор өз тұжырымдарын сол
кездегі белгілі орыс психологі А.Ф.Ла-
зурскийдің (1874-1917), сондай-ақ ат-
тары әлемге әйгілі неміс және амери-
кан психологтарына (Джемс, Мюнс-
терберг, Штерн, т.б.) сілтеме жасап,
бұларға өзіндік пікір білдіріп, осы
мәселенің анық-қанығына, ұңғыл-
шұңғылына ой жүгіртіп, сайып кел-
генде, күні кешегі көшпелілер психо-
логиясының жаңа жағдайдың әсері-
мен біртіндеп өзгеріске түсе бастаға-
нын паш етеді.
Ж.Аймауытов психологияның жеке-
леген мәселелерін өзінің соңғы еңбе-
гі «Комплексті оқыту жолдары» (Ал-
маты, Қазақ» баспасы, 1929 ж.) атты
кітабында да жол-жөнекей сөз етеді.
Кітап 9 тараудан тұрады, ол педаго-
гикалық курсты тыңдаушылар мен
педтехникум студенттеріне арналып
жазылған. Онда оқу бағдарламасы-
ның жекелеген түрлеріне талдау жа-
салынады, оның негізгі үш тірегі (жа-
ратылыс, еңбек, қоғам мәселелері)
туралы айта келіп, оқудың түп қазы-
ғы – еңбек екендігін, мұны шәкірт
психологиясына орайластыра жеткізу-
дің қажеттігіне баса назар аударады.
Автор «Комплексті оқыту не?» деген
сауалға былайша жауап береді: «...бұл
өмірдегі сан алуан құбылыстарды,
нәрселерді бір тақырып пен пікірдің
төңірегіне жинап, қосып, түйдектеп,
біріктіріп оқыту».
Автор оқыту барысында шәкірттер-
дің эстетикалық (сұлулық) талғамы-
ның ерекшеліктерімен санасу қажет
дейді. Халық әндерінің психология-
лық жақтарына талдау жасай келіп,
ол былай дейді: «Жер, тұрмыс жағдайы-
на қарай, әр елдің сазы (ән-күйі) да әр
алуан, Түркістан елінің әні бұлтары-
сы жоқ, тік тартар айқай, қайырмасы
жоқ, келте немесе бірыңғай болып
келеді, түйеге, атқа, есекке мінген адам
болып, ауылдан былай шыға беріп:
«Ауылың сенің белде еді, аридай»,-
деп қозғайды. Арқаның әні толқын-
ды, ырғақты, айқайлы, зарлы, қайтала-
малы, қайыруы ұзын болып келеді.
Теріскейдің, батыстың әні мұңды,
зарлы, шерлі, желдірме, көй-көй болып
келеді». Ж.Аймауытов бұл жерде ұлт-
тық (этностық) психологияға ерекше
мән беріп отыр. Автор тәлімгер қауым-
ға арналған тұжырымдарын: «ізденсе,
талаптанса, қолдан жасалмайтын шарт
жоқ. Құнтталмаған, ізденбеген, соңы-
на түспеген адамның жұмысы еш
уақытта берекелі болмақ емес», – деп
психологиялық тұрғыдан түйіндейді.
Біздегі ұлттық психологиялық термин-
дердің алғаш жүйеге түсуі де Айма-
уытов есімімен байланысты. Кей кез-
де де термин сөздерге ауыр жүк жүк-
телген, олардың жекелеген ғылым-
ның өзіндік ерекшелігін бажайлап
көрсете алуы абзал. Ғылыми ұғым-
дардың ана тілімізде дұрыс түйінде-
луі аса мұқияттылықты қажет етеді,
сондықтан да біз әрбір терминнің
тұрақты орын алуына, біртіндеп ши-
рай түсуіне қамқор болғанымыз жөн.
Жасыратыны жоқ, біздер осы күнге
дейін терминдік олқылықтан шыға
алмай келеміз. Осы айтылғандарға
жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ
Аймауытовтың ерекше назар аударға-
ны құптарлық жәйт. Ұлттық ерекше-
лікпен санасуды термин жасаудың
негізгі принципі етіп ұстау
Достарыңызбен бөлісу: