298
гендей. Осы сұраққа жауапты бей-
жай, сондай-ақ сергек сезіммен ай-
татындар да баршылық. Енді бізге
нық бағыт ұстайтын, өмірде біржақ-
ты болатын кез келді. Еліміздің та-
биғи байлығы, өлшеусіз молдығы
арқылы тану бұдан бұлай жеткілік-
сіз. Таяу аралықта Қазақстанның ба-
қуатты елге, күшті державаға айна-
луына сеніміміз мол. Оған ұлт бірлі-
гі, ел тұтастығы, қажырлы еңбегі
нәтижелі іс-әрекеттері керек.
Жас өскін, енді сен өзіңнің туған же-
ріңде, сол азаматтық кемелетке ену-
десің. Сен жаңа ортада нарықтық
қоғамда жаңа талап пен сұранысқа
лайықты қауымдаса біліп, өсіп-өр-
кендеуің қажет. Десек те, азаматтық
сатыға, тұлға болуға әркім өзінше
көтеріледі. Адами қасиеттерін өзінше
дәйектеп, көрсетеді. Ұрпақтың ұла-
ғаттылығы мен үлгілері олардың са-
бақтастығында. Қазақ жері мен елі-
нің иесі болу үшін қазақ болу қажет
десек, қателесе қоймаспыз. Кім осы-
лайша ойлайды, осы дәстүр-салтты
қабылдайды, гәп осында. Бұл жерде
алдымен өз елі мен жерін сүйетіндер
соған қызмет ететіндер, Отанның
ұлы мұрат-мақсаттарын жоғары тұ-
татындар бірінші сапта тұратындары
хақ. Ердің естілігі, елеулі ортаның
берекесі, елдің бірлігі секілді құн-
дылықтар мен іс-әрекеттер арқылы
осы айтылғандар біртіндеп қалып-
тасады да кейіннен өз бағасын алады.
«Отан – елдің анасы, ел – ердің ана-
сы» деген қағидаға сүйенеді. Сол
ережені орындайтын да, жүзеге асы-
ратын да – сіз бен біз. Осынау үрдіс-
тің ережесін батыр ағаларың Бауыр-
жан Момышұлы: «Ежелден ер тіле-
гі – ел тілегі. Адал ұл ер боп туса – ел
тірегі», – деп түйіндеген. Қазақ бо-
лу – өзгеден жіктеліп, бөліну немесе
оған қарсы болу емес. Керісінше, өз-
гемен, өнері, өнегесі басқа жанмен
танысып, тіл табысуына жарасу. Бұл
адамзаттың да, төл халқымыздың да
үйреткені мен үйретері. Үйренеріміз –
Қазақстанның мемлекеттігін, ұлттың
дербестігін және тұтастығын, халқы-
мыздың имандылығы, әділдігі мен
инабаттылығын нығайтуға келіп ті-
реледі. Адамның жеке басының жеті-
луі, оның күш-қуатының әлеумет-
тенуіне жету үшін жеке болмыстың
бейнесі мен белсенділігін қалыптас-
тыру керек. Үзеңгінің осындай екі
жағына табан тіреген адам азамат-
тығын арттырады, өмірге сеніммен
қарайды, жақсылық пен жақындық-
қа жарайды. Қазақ өзін де, өзгені
де ойлау адамдықтың белгісі дейді.
Адамдықтың сырын ұғар, қырын
қабылдар озық ой, тіпті ұлттық дәс-
түрді сараптайтын, ұлттық тәрбиені
баптайтын білім керек.
Білім саласында озық ойға тоймай-
тын, одан ұлттық салт-дәстүріміз өр-
кендей берсін. Бұл орайда біреулер
дүние жалған, құбылмалы деп, оның
тұтастығын ескеруді мақсат тұтады,
енді бірі – жеке қыры мен сырын
қарастыруды жөн санайды. Тұтастық-
тұрақтылық, жеке қырға шығу – жақ-
сы қасиет. Жас ұрпақтың ел-жұрты,
ұлт намысы туралы түсінігі әрқалай
болса да, осы жолдағы ізденіс пен
бағытының тұрақты болуы шарт.
Әлеуметтік және жеке бастық тұрақ-
тылықты бүгінде ұлттық болмыстан,
ұлттық тәрбиеден, ұлттық тілден
іздестірудеміз. Ол дегеніміз шәкірт
атаулының көкірек көзін ашатын
адамдық және ұлттық тәрбиені же-
Достарыңызбен бөлісу: