Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет321/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚАзАҚ
ҚАзАҚ


308
дамуына негіз болатын қасиеттің бі-
рі – зерделілік пен зейінділік. Оның
пікірінше, саналы іс-әрекет зейінсіз
іске аспайды. Осы еңбекте зейін кө-
бінесе «мәнділік аңғарым» деген
ұғым мағынасында беріліп, оның 
адамның мақсатты қызығуына бай-
ланысты қалыптасатыны біраз сөз 
болады. Ойлау процесінде адам сезім
мүшелері арқылы әр затты, нәрсені
жан-жағынан қарап, бір-бірімен са-
лыстырады, одан соң барып толға-
нады, өйткені толғану сараланбаса, 
ойлау дараланбайды дейді. Ойлау, 
сөйлеу қызметіне байланысты екен-
дігін баса айтады. Ойдың сөз арқы-
лы бейнелеуінің арқасында адам 
өзінен бұрынғылардың ілім-білімде-
рін есінде сақтап қалады, оларды 
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. 
Айтар ойымызды шимайлап қағаз-
ға түсіргенде ғана оны түгелдей есте 
сақтай аламыз.
Ойды басқа адамға жеткізу үшін оны 
сараптап, толғана талдау қажет. Ай-
тар ойыңды алдымен өзің түсініп
ал, алдамшы сезімге беріліп үстірт 
ойлау – үлкен қателік, жақсылап тү-
сіну үшін көзбен көріп, құлақпен 
естіп, қолмен ұстай білу қажет. Ғұ-
лама ғалым сөз саптау, сөйлеу мәне-
ріне де ерекше мән берген. Оның 
пайымдауынша, жұмсақ, байыпты, 
сыпайылықпен сөйлеу кімге де бол-
са жарасымды қасиет («Жақсы сөй-
лемелік, Жанға шырай бермек»). 
Сөйлеу әдебі дегеніміз ойды бүкпей 
ашық айту, яғни ой жинақтылығы,
оның мазмұнды болуымен байланыс-
ты. Бала түйсігінің дұрыс қалыпта-
суы үшін сезім мүшелерін таза ұс-
тап, оның түрлі сырқаттарын дер 
кезінде емдеп отырған абзал. Бала-
ның өң мен түсті, тәтті мен ащыны 
дұрыс ажырата алуын, алыс-жақын-
нан келетін дыбыстарды дәл естуін
ата-аналар мұқият қадағалауы тиіс, 
мұның өзі әр затты жан-жақты түйсі-
ніп, оның сыр-сипатын түсіне білуге 
жәрдем етеді. Еңбекте жантануға 
байланысты бұдан басқа деректер 
жеткілікті. Мәселен, мінезге батырлық 
пен батылдықты, қайсарлық пен ша-
пағаты болмайтындығын айта оты-
рып, ондайларды барынша шенеп-
мінейді. Адам өмірге келген соң, 
белсенді өмір сүруге, «сегіз қырлы, бір 
сырлы» болуға ұмтылуы тиіс дейтін 
тұжырым аталмыш еңбекте кеңінен 
орын алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет