545
қойып тыңдаңыздар, тереңнен, ойлап
толғаныңыздар... Су ағысы тартылса,
жас жапырақ қурайды, адамдардан
күш кетсе – жат кісіге бағынады...
«Менің ағам мені адам етті... Аш-
тықта тоқтықты түсінбейсің... «Жа-
қын отырған сыйдың құрметтісін
алады, алыс отырған сыйдың нем-
кеттісін алады», деп келетін сөз тір-
кестерінің психологиялық мәні зор.
Құлпытастарда осы іспеттес жас
жеткіншектерді елін, халқын сүюге,
жақсы, ұнамды әдет-ғұрыптарға бау-
лу, үлкенді сыйлау, зеректік пен ой-
шылдыққа, батылдық пен тапқыр-
лыққа үйретіп, тәрбиелеу жайында-
ғы мәселелер сөз болады. Бұлардың
қазіргі жастарымыз үшін тәлімдік
мәнін жоймайтыны хақ.
ТҮРТКІ
(мотив; франц.
тotif,
лат.
тoveео –
қозғаймын) – субъекттің
өмір сүру жағдайы ықпалымен қа-
лыптасатын және оның белсенділігі-
нің бағыттылығын анықтайтын әре-
кетті туғызушы. Т. термині субьекттің
белсенділігін туғызатын түрлі құбы-
лыстар мен күйлерді білдіру үшін
қолданылады. Т. – адамды түрлі іс-
әрекетке итермелейтін себеп. Кісінің
өз қажетін өтеуі оның түрткілеріне
байланысты. Мысалы, бір оқушы
өзінің тиянақты білім алуын келе-
шектегі өміріне орайластырады,
екінші бір оқушыда түрткі тек баға
алуға бағытталады. Мұндайда екі
түрлі түрткінің нәтижесі екі түрлі
болады. Мақсат анықталмаса, түрткі
дәрменсіз келеді, тек қиялын қозғап
қана қояды.
ТҮРТКІЛЕР КҮРЕСІ
– бұл термин
ерік-жігер, қажыр-қайрат, сезім-эмо-
ция, жан қуаттарының деңгейінде
айтылады. Кез келген түрткі мақсат
қоюдан басталады да алдымен тілек,
одан соң қалау және бұлардың ішкі
күресімен (тілек пен қалаудың бір-
бірімен сәйкес келмегеніне байла-
нысты жағдайда ) көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: