Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университиті



Дата07.02.2022
өлшемі22,46 Kb.
#90571
Байланысты:
зейнова нурай 8 аптаocx


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университиті

ӨСӨЖ

Тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі жас топтарында денсаулықты сақтау және ынталандыру заманауи технологиялары

Орындаған:Зейінова Нұрай
Тексерген:Аманжол Марина

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғыртудың басым бағыттарының бірі – оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық және денсаулық сақтау технологияларын енгізу болып табылады.
«Денсаулық сақтау білім беру технологиялары» ұғымы педагогикалық практикада соңғы жылдары ғана пайда болды. Бұл тақырып балалардың денсаулық жағдайына байланысты өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселесін бала мектепке барғанға дейін, яғни балабақшада шешу маңызды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес «Денсаулық» білім беру саласының мақсаты – балаларды салауатты өмір салтына баулу, денсаулық сақтау технологияларын қолданып, ойындар мен жаттығулар арқылы дене шынықтыруға қызығушылықты қалыптастыру.
Осы міндеттерді шешу мақсатында ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына (2014 жылғы 3 шілдедегі № 228 - V) сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына өзгерістер енгізілді. «Денсаулық» білім беру саласында «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметінің оқу жүктемесі ерте жастағы, I кіші, II кіші және ортаңғы топтарда – 3 сағатқа дейін, ал ересек топта – 2,5 сағатқа дейін ұлғайтылды.
Қазақстанда денсаулық сақтау технологиясы мәселесі салауатты өмір салтының түрлі аспектілері бойынша балалардың денсаулығын сақтау теориясы мен тәжірибесіне елеулі үлес қосқан Г.Д.Әлімжанованың, Р.Р. Амангелдиевтың, З.К.Дунаеваның, С.А. Жампеисованың еңбектерінде ашып көрсетілген.
Қазіргі уақытта ғалымдар «денсаулық сақтауды» арнайы ұйымдастырылған дене шынықтыру-сауықтыру, білім беру, санитарлық-гигиеналық, емдік-профилактикалық және т.б. іс-шаралар жиынтығын қамтитын, яғни мектепке дейінгі ұйым қызметінің балалар денсаулығын сақтау мен нығайту, қалыптастыру бойынша барлық бағыттарын біріктіретін процесс ретінде қарастырады
Міндеттері:
- дамытушы ойын ортасын құру;
- ұйымдастырылған оқу қызметінде денсаулық сақтау технологияларын қолдану;
- салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру;
- мектеп жасына дейінгі балаларда салауатты өмір салтын қалыптастыруда ата-аналарды ынтымақтастыққа тарту.
Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулықты сақтау жүйесі қамтиды:
- түрлі сауықтыру сәттерін (таңертеңгі гимнастика, «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметі, сергіту сәттері, қимылды ойындар, серуендер, спорттық мерекелер мен сауықтар, музыкалық-ырғақтық сабақтар);
- нәрлі тамақтануды ұйымдастыру;
- балалармен медициналық-профилактикалық жұмыс жүргізу;
- шынықтыру шараларының кешені (сауықтыру гимнастикасы, өзіне-өзі массаж жасау, түзету, тыныс алу жаттығулары, салқын тиюден болатын ауруларды, жалпақ табандылықты болдырмау үшін алдын ала емдеу; жалаң аяқ жүру, тамақты және ауызды шаю).
Әдістемелік ұсынымдардың құрылымы келесі бөлімдерді қамтиды:
- «Денсаулық сақтау технологияларының маңызы мен ұстанымдары»;
- «Оқытудың денсаулық сақтау білім беру технологиялары мақсатына қол жеткізудің негізгі құралдары»;
- «Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтау және ынталандыру заманауи технологиялары».
Білім беру процесіне денсаулық сақтау технологияларын енгізу педагогтерге мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығы мен психоэмоционалдық көңіл-күйін, дене дайындығын жақсартуға, ауру-сырқаудың азаюына және салауатты өмір салтын саналы түрде ұстану сұранысына қол жеткізуге мүмкіндік береді

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет