* жбмқЖ. Транзиторлы ишемиялық шабуылдар 1


* Паркинсон ауруы және симптоматикалық паркинсонизм *3*9*1*



бет5/11
Дата25.05.2020
өлшемі328,92 Kb.
#71150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ига невро тест

* Паркинсон ауруы және симптоматикалық паркинсонизм *3*9*1*

#172


*!Ер адам , 64 жаста, жүрудің және сөйлеудің қиындауына, тыныштықтағы треморға шағымданады. Объективті: амимия, брадилалия, дауысының баяулауы, бұлшық еттердің ригидтілігі, тонустың пластикалық түр бойынша жоғарылауы, брадикинезия анықталады.

Қандай дәрілік затты тағайындау қажет:


#173

*!Ер адамда, 60 жаста, тексеру кезінде: амимия, сөйлеудің баяулауы, монотонды тыныш дауыс,"бүгілген " поза, пластикалық түр бойынша бұлшық еттің тонусының жоғарылауы, аяқтарында көбірек, тыныштықтағы қолдың треморы, майда қадамдармен жүру анықталды.

Қандай зерттеу әдістерін тағайындау қажет?
#174

*!Ер адам, 67 жаста, тексеру кезінде амимия, сөйлеудің баяулауы, монотонды тыныш дауыс, "бүгілген" поза, пластикалық тип бойынша бұлшық ет тонусының жоғарылауы байқалады; тұрақты іш қату анықталады.

Моторлы емес көріністерді түзету үшін емдеудің қандай әдістері ең дұрыс:

#175


*! Ер адам 65 жаста, амимия, баяу сөйлеу, монотонды тыныш дауыс,"бүгілген" поза, пластикалық тип бойынша бұлшық ет тонусының жоғарылауы анықталды. Когнитивті бұзылулар жоқ, бірақ орташа дәрежедегі қозғалыстың шектелуі анықталады.

Алдымен қандай препараттарды тағайындау оңтайлы:


#176

*!Әйел, 70 жаста, қозғалыстың баяулығына шағымданады, соңғы бес жыл бойы ауырады, емді тұрақты қабылдайды, алғашқы жылдары емнің әсері жақсы болған, соңғы жылы жағдайының нашарлауын атап өтеді. Объективті: брадикинезия, тыныштық кезіндегі тремор, бір қалыптағы, бұрылыстағы тұрақсыздық, микрография.

Бұл пациентте қандай нейромедиатор тапшылығы болуы мүмкін?
#177

*!Ер адам , 68 жаста, жүрудің және сөйлеудің қиындығына, тыныштықтағы треморға шағымданып кедіп отыр. Объективті: амимия, брадилалия, тыныш дауыс, бұлшықеттердің ригидтілігі, тонустың пластикалық тип бойынша жоғарылауы , гипокинезия анықталады.

Тексеру кезінде қандай симптом болуы мүмкін ?

#178


135.Ер адам, 74 жаста, зейнеткер, емханаға есте сақтау мен назар аударудың төмендеуіне, түнгі уақытта күрделі сипаттағы галлюцинацияларға, қозғалыстың бәсеңдеуіне, шектелуіне шағымданады. Неврологиялық статуста: гипокинезия, сол жақта басым, бұлшық еттердің ригидтілігі, "сұраушы" кейіпі, жүргенде – сол жақтан ахейрокинез, сол аяқты сілтіп басады, қадамдары кішірейген.

Емдеу жоспарына қандай препаратты енгізу керек?


#179

*! Паркинсон ауруының ұзақтығы 5 жылдан асқан 66 жастағы емделушіде постуральді тұрақсыздығы түріндегі аурудың моторлы белгілері байқалған, бірақ өздігінен қозғалуы шектелмеген.

Хен және Яр шкаласы бойынша аурудың моторлы көріністерінің айқындығын анықтаңыз:
#180

*!Ер адамда 48 жаста, бет терісі мен бастың майлылығының жоғарылауы, амимия, конвергенцияның әлсіздігі, барлық аяқ-қолдың қозғалысының күрт шектелуі, бұлшық еттің тонусы "тісті дөңгелек" типі бойынша жоғарылауы, аяқтарында көбірек, қолдың треморы, баяу сөйлеу, монотонды тыныш дауыс, ұсақ қадаммен жүру анықталады.

Қандай топтың препараттын қолдану қажет?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет