* ЖБМҚЖ. Транзиторлы ишемиялық шабуылдар * 1 * 4 * 1
#1
*! Геморрагиялық инсульт кезінде жұлын сұйықтығында байқалады?
#2
*! Геморрагиялық инсульттің даму механизміне жатады
#3
*! Ишемиялық инсульттің жиі кездесетін себебі
#4
*! Ишемиялық инсульттың даму патогенезінде маңызды рөл алады
* ЖБМҚЖ. Транзиторлы ишемиялық шабуылдар*2*18*1
#5
*! 58 жастағы ер адам қабылдау бөліміне он бес жыл бойы гипертензиямен ауырған АҚ жоғары, физикалық күштемеден кейін қатты бас ауруы, қайталап құсу, содан кейін есін жоғалтқан. Неврологиялық статусында: есі жоғалған - II кома, анизокория, сол жаққарашығы оң жақ қарашығынан үлкен, оң жақ мұрын-ерін қатпары тегістелген, оң жақ гемиплегия, Бабинский симптомымен. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 1см, Керниг симптомы екі жағынан 160 °. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
#6
*! 57 жастағы ер адам НҚБ-не (НСО) қан қысымының 220/120 мм-ге дейін көтерілуі аясында таңертең кенеттен пайда болған бас ауруы, құсу, оң жақ аяқтарындағы әлсіздік пен ұю, сөйлеу бұзылыстары шағымымен жеткізілді. Объективті: есеңгіреген, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 3 көлденең саусақ. Оң жақ мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілі оң жаққа ығысқан. Оң жақтан тонус пен рефлекстері жоғарлаған. Оң жағында сезімталдықтың барлық түрлері төмендеген. Мидың КТ - тығыздығы жоғары ошақ, мидың қарыншалары кеңейген. Диагноз қандай?
#7
*! Науқас 35 жаста, эмоционалды күйзелістен кейін есінен танды. Объективті: жағдайы ауыр, кома, беті гиперемияланған. АҚҚ 170/100 мм.сын.бағ. Пульсі - минутына 90 соққы, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 4 көлденең саусақ. Қарашықтары біркелкі, жарыққа реакциясы жоқ. Беті симметриялы. Рефлекстері екі жақтан біркелкі жоғарлаған, Бабинский симптомы оң. ЖМС қысыммен ағады, лайланған, түсі «ет жуындысы», «сілтілі» эритроциттер көп мөлшерде анықталады.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
#8
*! Науқас А., 55 жаста, бөлімшеге қан қысымының 170/100 мм рт.ст. дейін жоғарылауы аясында кенеттен пайда болған бас ауруы, құсу, оң жақтағы әлсіздік және ұю, сөйлеу бұзылыстарына шағымданып түсті. Объективті: жағдайы ауыр, беті гиперемияланған, тахикардия, екі жағынан Керниг және Брудзинский белгілері анықталады. Сол жағында тіл мен беттің мимикалық бұлшықеттерінің орталық парезі, оң жағында гемигипестезия және гемипарез тонус пен рефлекстердің жоғарлағаны анықталды. Диагноз?
#9
*! Науқас 82 жаста. Қан қысымының 190/100 мм.с.б. дейін жоғарылауы аясында сол жақ қол-аяғындағы қозғалыстары біртіндеп жоғалды, сөйлеуі бұзылды. Объективті: сол жағында тіл және бет бұлшықеттерінің орталық парезі, дизартрия, сол жағында сіреспелі гемиплегия және гемианестезия. Қайсы клиникалық диагноз?
#10
*! 30 жастағы науқас, жүкті көтергенде, кенеттен есінен танып қалды. Объективті: АҚ-120/80 мм.сын.бағ. шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзинский симптомдары 2 жағынан анықталды. Рефлекстері патологиялық рефлекстерсіз біркелкі шақырылады. Жұлын сұйықтығының қысымы 300 мм су. түсі- ет жуындысы түстес, эритроциттер көру аймағын толығымен қамтиды.
Науқастың диагнозы қандай?
#11
*! 59 жастағы гипертензиямен ауыратын науқаста, қатты бас ауруы , бірнеше реттік құсу пайда болды. Объективті: сопор, қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ, менингиальды синдром анықталады. Сол жағында сіреспелі гемиплегия және гемигианестезия.
Науқаста қандай диагноз?
#12
*! 53 жастағы науқаста жоғары қан қысымы аясында, күйзелістен кейін құсу, психомоторлы қозу, птоз, оң жақта сыртқа қарай қитарлану мен мидриаз, сол жақта гемипарез, менингиальды белгілер пайда болды.
Диагноз қандай?
#13
*! Науқас С., 20 жаста, кенеттен есінен танып қалды. Объективті: кома, мойын бұлшықеттерінің ригидтілігі, екі жағынан Керниг пен Брудзинский симптомдары анықталды. Рефлекстері біркелкі, екі жағынан Бабабинский симптомының көрінісі анықталды.
Диагноз қандай?
#14
*! 20 жасар жас жігіт жеңіл атлетикадан жарысқа қатысқаннан кейін қатты «қанжар сұққандай» бас ауруын сезінді, жүрек айнуы және құсу пайда болды. Жарты сағат ішінде ауруханаға жеткізілді. Қарап тексергенде: Керниг, Брудзинский симптомдары, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, сол жағында гемипарез анықталды. КТ-да гиперденсивті ауқымды ошақ анықталды.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
#15
*! Науқас бөлімшеге бас ауруы, бас айналу, құсу, жүру кезіндегі тұрақсыздық шағымымен түсті. Ауру қан қысымының 180/100 мм рт.ст. дейін жоғарылауы аясында жедел дамыды. Объективті: есі анық, екі жағынан Керниг, Брудзинский симптомдары анықталады, рефлекстері біркелкі, аяқ-қолдарында тонусы төмендеген. Екі жақтан координаторлы сынамаларын жүргізу кезінде сенімсіздік пен дұрыс орындай алмау анықталады.
Диагноз қандай?
#16
*! Науқас 35 жаста. Кенеттен қатты бас ауруы, бірнеше реттік құсу пайда болып, оң жақ қол-аяқтарында қозғалыстары жоғалды. Объективті: менингиалды синдром, оң жақтан тіл мен мимикалық бұлшықеттердің орталық салдануы мен гемиплегия анықталды. АҚ-200/120 мм.сын.бағ. Жұлын сұйықтығы қанға боялған, эритроциттер көп мөлшерде, жұлын сұйықтығының қысымы жоғары.
Төмендегі диагноздардың қайсысы?
#17
*! 65 жастағы А. науқаста гемипарез, гемигипестезия, тіл мен бет бұлшыеттерінің орталық салдануы анықталды. Ликвор - түссіз, мөлдір, цитоз - 5 лимфоцит. Диагноз?
#18
*! Ер адам, 75 жаста, бірнеше рет ми инфарктын алған. Туыстарының айтуынша, науқаста есте сақтау қабілеті, зейіні, кеңістіктегі және уақыттағы бағдарлану қабілеттері нашарлаған және зәрді жиі ұстай алмайды. Неврологиялық статуста оральді автоматизм рефлекстері айқын, еріксіз жылау, екі жақтан гиперрефлексия, оң жағында басымырақ анықталады.
Науқаста деменцияның қай түрі ЕҢ ықтимал?
#19
*!54 жастағы әйел қан қысымының 200/100 мм рт.ст. дейін жоғарылауы аясында кенеттен пайда болған бас ауруы, оң жақ қол-аяғындағы әлсіздікке шағымданып түсті. Объективті: есі-анық, менингиальды белгілер жоқ, тісін көрсеткен кезде аузының оң жақ бұрышы артта қалады, тілі оңға қарай ығысқан. Оң аяқтың монопарезі. ЖМС: түссіз, мөлдір, жұлын сұйықтығының қысымы - 200 мм су., ақуыз деңгейі қалыпты мөлшерде, лимфоциттер -5 жасуша.
Диагноз қандай?
#20
*! 60 жастағы ер адам қан қысымының 190/110 мм рт.ст. дейін жоғарылауы аясында таңертең кенеттен пайда болған бас ауруына, оң жақ қол-аяғындағы әлсіздік пен ұюына шағымданады. Объективті: есі-анық, менингиальды белгілер жоқ, оң жақ гемипарез анықталды. Көз алмасының қозғалысы толық көлемде, нистагм, оң жақ мұрын-ерін қатпары тегістелген, оң жақта гемигипестезия, оң жақта координаторлы сынамалар жүргізу кезінде атаксия анықталды. ЖМС: түссіз, мөлдір, ми сұйықтығының қысымы - 200 мм су., ақуыз қалыпты мөлшерде, лимфоциттер - 5 жасуша. ЭКГ – жыпылықтаушы аритмия. Мидың МРТ - төмен белсенділіктегі ошақ.
Төмендегі диагноздардың қайсысы дұрыс?
#21
*! 54 жастағы ер адам НҚБ-не таңертең пайда болған бас ауруы, «бетінің қисаюы», сол жақ қол-аяғының әлсіздігі мен ұюына шағымданып түсті. Объективті: АҚҚ 160/100 мм.сын.бағ. оң жақ ішке қарай қитарлану, оң жақ көз алмасының қозғалысы шектелген, оң көзі жабылмайды, оң жақ мұрын-ерін қатпары тегістелген, тісін көрсеткен кезде оң жақ ауыз бұрышы артта қалады, оң жақ ұртына ауа толтырған кеде «желкен» симптомы байқалады, тілі ортаңғы сызық бойымен, сол жағында Гордон симптомы анықталды. Сол жағында ауырсыну сезімталдығы төмендеген. Жұлын сұйықтығы түссіз, құрамы қалыпты.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
#22
*! Әйел, 40 жаста. Қан қысымының 210/130 мм.с.б. дейін жоғарылауы аясында жүру кезінде бас айналу, тұрақсыздық пайда болды. Объективті: шетке қараған кезде нистагм, Ромберг кейпінде тұрақсыздық, саусақ-мұрын және өкше-тізе сынамаларын екі жағынан жүргізгенде атаксия байқалады. 10 минуттан кейін барлық патологиялық құбылыстар қалпына келді.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
* ЖБМҚЖ. Транзиторлы ишемиялық шабуылдар *3*18*1
#23
*! 66 жастағы ер адам. Таңертең ұйқыдан кейін сол аяғының, содан кейін сол қолының ұюы мен әлсіздігін сезінді. Күні бойы олардың әлсіздігі күшейіп, сал болып қалды. Неврологиялық статусында: қарашықтары D = S, сол жақ мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілін шығарған кезде, солға қарай ығысқан. Сол жақ аяқ-қолында белсенді қозғалыстар жоқ, олардағы бұлшықет тонусы сіреспелі түрде жоғарлаған. Сіңір рефлекстері оң жағына қарағанда сол жағанда жоғары. Сол жақта Бабинский мен Оппенгейм патологиялық рефлекстері туындаған. Сол жақтық гемианестезия, гемианопсия. КТ-гиподенсивті ошақ. Жұлын ми сұйықтағанда – өзгеріс жоқ.
Алдымен қандай препаратты қолданған жөн?
#24
*! Әйел, 80 жаста, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне (кәсібиемес), шаршағыштыққа, бас ауруына, бас айналу мен ұйқының нашарлауына, көңіл-күйінің түсуіне, бір әрекеттен екінші әрекетке ауысудың қиындауына шағымданады.
Объективті: көңіл-күйі жоқ, интеллекті өзгермеген, алаңдаушылық, тітіркенгіштік, оральді автоматизм симптомадары, гиперрефлексия анықталды.
Қандай этиотропты терапияны тағайындау керек?
#25
*! 66 жастағы ер адамда 3 сағат бұрын қан қысымының 200/100 мм рт.ст. дейін көтерілуі аясында кенеттен сол жақ қол-аяғында әлсіздік пайда болды. Объективті: сол жақ мимикалық бұлшықеттердің орталық парезі. Сол жақта гемигипестезия және гиперрефлексия, сол жақта Бабинский симптомы анықталады. 10 минуттан кейін барлық белгілер жоғалды. Төмендегілердің қайсысы қажет?
#26
*! Науқас 37 жаста. Кенеттен қатты бас ауруы пайда болды, бірнеше реттік құсу, оң жақ қол-аяғында қозғалыстар жоғалды. Объективті: менингиалды синдром, оң жағында тіл мен беттің мимикалық бұлшықеттерінің орталық салдануы анықталды. АҚ-200/120 мм.сын.бағ. Жұлын ми сұйықтығы қанға боялған, эритроциттер көп мөлшерде, жұлын ми сұйықтығының қысымы жоғарлаған.
Алдымен қайсы препаратты тағайындаған жөн?
*! 55 жастағы ер адамда қан қысымының 160/100 мм рт.ст. дейін көтерілуі аясында, жүру кезіндегі тұрақсыздық, сөйлеу қабілетінің бұзылуы пайда болды. Объективті: жан-жағына қараған кезде нистагм, буын-буынға бөліп сөйлеу, рефлекстері біркелкі шақырылады. Ромберг кейпінде атаксия, координаторлы сынамаларды жүргізу кезінде интенция байқалады. 30 минуттан кейін барлық белгілер жоғалды.
Төмендегілердің қайсысын тағайындаған жөн?
#28
*! 45 жастағы артериалды гипертензиямен ауыратын науқаста, қан қысымы 200/120 мм рт.ст. дейін көтерілу аясында, кенеттен эмоционалды күйзелістен кейін оң жақ қол-аяғындағы әлсіздік пен ұю, сөйлеудің қиындауы пайда болды. Неврологиялық статусында: моторлы афазия элементтері, оң жақ мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілдің оңға қарай ығысуы, жеңіл оң жақ гемипарез анықталды. Осы белгілердің барлығы үш сағат ішінде қалпына келді.
Қандай базисті терапия ең қолайлы?
#29
*! 18 жасар жас жігіт кенеттен есінен танып қалды. Объективті: АҚ-120/80 мм.сын.бағ. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі. Рефлекстері біркелкі жоғарлаған, екі жағынан Бабинский симптомы анықталды. Жұлын ми сұйықтағанаң қысымы 300 мм су., түсі «ет жуындысы» түстес. Қандай ауру инсультке әкелуі мүмкін?
#30
*! Науқас А., 60 жаста, таңертең кенеттен қан қысымының 190/110 мм рт.ст. жоғарылауы аясында пайда болған бас ауруына, бас айналуына, оң жақ қол-аяғындағы ауырсынуға шағымданды. Объективті: есі-анық. Көз алмасының қозғалысы толық, нистагм, оң жақ мұрын-ерін қатпары тегістелген, оң жақта гемигипестезия, оң жақта координаторлық сынамалар жүргізу кезінде атаксия байқалады. ЖМС: түссіз, мөлдір, жұлын ми сұйықтығының қысымы - 200 мм су. бағ., Ақуыз қалыпты мөлшерде, лимфоциттер - 5 жасуша.
Бұл инсульттің негізгі диагностикалық әдісі?
#31
*! Ер адам, 62 жаста. Сол жақ қол мен аяғындағы әлсіздік біртіндеп дамып, оң көзі жабылмай қалды. Объективті: АҚ-200/100 мм АҚ. Анықталған симптомдар: лагофтальм, желкен, оң жақта леп белгісі, сол жақта сіреспелі гемипарез. ЖМС: түссіз, қысымы 150 мм су.бағ., лимфоциттер-3 жасуша.
Қандай зерттеу әдісі қажет?
#32
*! 35 жастағы әйел адам, эмоционалды күйзелістен кейін есінен танды. Объективті: жағдайы ауыр, кома, беті гиперемияланған. АҚҚ 170/100 мм.сын.бағ. Пульсі - минутына 90 соққы, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 4 көлденең саусақ. Қарашықтары біркелкі, жарыққа реакциясы жоқ. Беті симметриялы. Рефлекстері екі жақтан біркелкі жоғарлаған, Бабинский симптомы оң. ЖМС қысыммен ағады, лайланған, түсі «ет жуындысы», «сілтілі» эритроциттер көп мөлшерде анықталады.
Қандай препарат қажет?
#33
*! 45 жастағы ер адамда біртіндеп сол жақ қол-аяғында әлсіздік пайда болып, сөйлеуі өзгерді. Объективті: АҚҚ 200/100 мм. сын.бағ. Есі-анық, сол жақ мұрын-ерін қатпары тегістелген,тілі солға қарай ығысқан, дизартрия. Сол жақты орталық гемипарез. КТ –да гиподенсивті ошақ.
Қандай дәрілік препарат емге қолданылады?
#34
*! 37 жастағы ер адам НҚБ-не қан қысымының 220/120 мм-ге дейін көтерілуі аясында таңертең кенеттен пайда болған бас ауруы, құсу, сол жақ қол-аяғындағы әлсіздік және ұюына, сөйлеу бұзылыстарымен жеткізілді. Объективті: шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 3 көлденең саусақ. Сол жақ мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілі солға қарай ығысқан. Сол жағында тонус пен рефлекстері жоғарлаған. Сол жақ қол-аяғында сезімталдықтың барлық түрлері төмендеген. Науқас сәтті емделді. Мидың КТ және КT ангиографиясы - А – емге дейін, В - емнен кейін.
Қандай ем әдісі ЕҢ ықтимал?
#35
*! 59 жастағы әйел екі сағат бұрын пәтерді тазалау кезінде пайда болған қатты бас ауру сезімі мен сол жақ қол-аяғының ұюы мен әлсіздігімен ауруханаға жеткізілді. Қарап тексергенде сол аяқ-қолында қозғалыстардың жоқтығы, сол жақта терең рефлекстердің жоғарлауы мен патологиялық рефлекстердің пайда болуы анықталды. АҚҚ - 170/90 мм.с.б. КТ-да ортаңғы ми артериясы бассейнінде 1/3 көлемінде гиподенсивті ошақ анықталды.
Осы кезеңде емдеудің қай әдісін қолданған дұрыс?
#36
*! Ер адам, 50 жаста, қан қысымының 200/100 мм.с. дейін көтерілу аясында біртіндеп сол жақ қол-аяғында әлсіздік пайда болып, сөйлеуі бұзылды. Объективті: сол жағында тіл мен бет бұлшық еттерінің орталық парезі, дизартрия, сол жақта сіреспелі гемипарез және гемианестезия. Жұлын сұйықтықтығы: өзгеріссіз. Мидың КТ-да – ауқымды гиподенсивті ошақ.
Төмендегі препараттардың қайсысын бірінші кезекте қолданған жөн?
#37
*! 78 жастағы ер адам бас ауруы, бас айналу, құсу, жүру кезінде тұрақсыздық шағымдарымен түсті. Ауру қан қысымының 180/100 мм рт.ст. дейін жоғарылауы аясында жедел дамыды. Объективті: мишық атаксиясы, менингиальды синдром. Рефлекстер біркелкі шақырылады, аяқтарында тонусы төмендеген. ЖМС қысыммен ағады, лайланған, түсі «ксантохромды», эритроциттер - 1 мм 3-де 1000.
Төмендегілердің қайсысын тағайындау керек?
#38
*! 67 жастағы гипертония ауруымен ауыратын ер адам, сол жақ қол-аяғындағы әлсіздікке шағымданды. Объективті: оң жақта бұлшықет күшінің 3-4 балға дейін төмендеуі, тонустың жоғарлауы, гиперрефлексия, оң жақта патологиялық рефлекстер анықталды.
Қандай зерттеу әдісі қажет?
#39
*! 49 жастағы ер адамның емханаға жүгінген кездегі шағымдары: бетінің қисаюы мен сол жақ қол-аяғындағы әлсіздік. Объективті: оң жақ бетінің мимикалық бұлшықеттерінің перифериялық парезі, сол жақта сіреспелі гемипарез.
Қандай зерттеу әдісі ЕҢ қажет?
#40
*! 60 жастағы ер адамда қан қысымының 180/100 дейін жоғарылауы аясында бас ауруы, бас айналу және көру аймағының шектелуі пайда болды. Объективті: көру алаңының концентрленіп тарылуы, Ромберг кейпінде тұрақсыздық, парез жоқ. 10 минуттан кейін, гипотензивті терапияны қабылдағаннан кейін шағымдар жойылды, көру аймақтары қалпына келді, Ромберг кейпінде тұрақтылық пайда болды.
Диагнозды анықтау үшін бірінші кезекте жүргізу қажет?
*Комалар. Ми өлімі*1*2*1*
#41
*!Ми өлімін диагностикалау үшін қолданылады:
#42
*!Науқас коматозды жағдайда жатыр
Біріншілік тексеру кезінде бірінші кезекте қажет?
*Комалар. Мидың өлімі*2*9*1*
#43
*!Үй шаруасындағы 37 жастағы әйел, жарақат алғаннан 4 сағаттан кейін (шүйдемен құлаған) нейрохирургия клиникасына жеткізілді. Түскен кезде: есі-есеңгіреген, аяқ-қолдарындағы қозғалыс сақталған, сол жақта сіңір рефлекстері жоғарлаған, айқын менингиалды синдром, екі жақтан патологиялық белгілер, оң жақ бет нервінің перифериялық салдануы анықталды. Объективті: шүйде аймағының подапоневротикалық гематомасы, оң жақта отогемоликворея.
ЕҢ ықтимал клиникалық диагноз?
#44
*!Ер адам, 26 жаста, ағаш ұстасы жарақат алғаннан кейін 1,5 сағаттан соң нейрохирургия клиникасына жеткізілді (басынан балтамен соққы алған). Түскен кезде: есі-сопор, сөзбен байланысқа түспейді. Қарашықтары бірдей, фотореакция сақталған, патологиялық рефлекстер мен оң жақты гемипарез анықталды. Сол жақ төбе бөлігінде өлшемі 8х1 см болатын кесілген жара, оның ішінен қанмен бірге жұлын сұйықтығы аралас бөлінді ағуда.
Төменде көрсетілген клиникалық диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
#45
! 34 жастағы ер адам, ағаш ұстасы, ауыр зат басына құлап, 40-50 минут ішінде есін жоғалтып, қатты бас ауруы, жүрек айну мен құсу шағымдарымен жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Объективті: нистагм, «көзілдірік» симптомы, менингиальды белгілер жоқ, парездер жоқ, рефлекстері жоғарлаған, аяқтың клоноиды.
Жарақаттың ең жиі асқынуы?
#46
*! 65 жастағы ер адам ауруханаға ес-түссіз жағдайда түсті. Анамнезінен 2 сағат бұрын жүрек айну, құсу, бас айналу, қатты бас ауруы, есін жоғалту кенеттен пайда болғандығы белгілі. Объективті:есі-кома 1, менингиальды симптомдар айқын, анизокория, қарашық реакциясы сақталған, оң жақта «желкен» симптомы, оң жақ аяғы сыртқа қарай бұрылған, сіңір рефлекстері шақырылады
ЕҢ ЫҚТИМАЛ кома болуы мүмкін?
#47
*!45 жастағы ер адам ауруханаға жақында жарақат алғаннан кейін қысқа мерзімді есін жоғалту, бас ауруы, жүрек айну шағымымен түсті, бір реттік құсудан кейін ол өзін қанағаттанарлық сезінді. Бірнеше сағаттан кейін сананың бұзылуы пайда болып, есеңгіреп-сопор, оң жақтық сыртқа қарай қитарлану, оң жақ қарашықтың кеңеюі, оң жақ қарашықтың кеңеюі, фотореакцияның төмендеуі анықталды. Сол жақ аяқ-қолында бұлшықет күшінің 3,5-4,0 балға дейін төмендеуі байқалады. КТ-да ішкі сүйек пластинасына жақын оң жақ төбе-самай аймағында тығыздығы жоғары құрылым анықталды.
Төмендегілердің қайсысы бірінші қадам болып табылады?
#48
*!Эпилепсиямен ауыратын 18 жастағы қыз жедел жәрдем бригадасымен қабылдау бөліміне жеткізді. Туыстарының айтуынша, бір күн бойы бірінен соң бірі болатын, есін жоғалтумен сипатталатын тонико-клоникалық жайылмалы ұстамалар пайда болған. Қарап тексергенде: есі жоғалған, пульсі ырғақты, минутына 96 рет соғады. Бұлшықет жиырылуының жалғасуына байланысты аритмиялық тыныс алу. Қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ. Мимикалық және қаңқа бұлшықеттерінде тұрақты клоникалық тырысулар байқалады. Тілін тістеген, аузында қан аралас көбік, еріксіз зәр шығару. Сіңір рефлекстері төмендеген. Бабинский рефлексі екі жағынан шақырылады.
Қандай синдромды ЕҢ ықтимал сипаттауға болады?
#49
*!32 жастағы ер адам жол апатынан 1 сағаттан кейін ес-түссіз күйде қабылдау бөліміне жеткізілді. Түскен кезде жағдайы өте ауыр, науқас комада. Қарашықтары S>D, сол жақта мидриаз, жарыққа реакциясы жоқ, атония, арефлексия, оң аяғы сыртқа қарай бұрылған. АҚҚ 100/60 мм с.б. Пульс 60 мин., Ауырсыну тітіркендіргіштерге жауап бермейді.
Жоғарыда көрсетілгендерден бастың зақымдануының ЕҢ ықтимал асқынуы?
#50
*! 50 жастағы қант диабетімен ауыратын әйел жедел жәрдем шақырды, тұрақты бас ауруына, жүрек айну, құсу, құрысу, шаршағыштық, әлсіздік, шөлдеу сезіміне шағымданды. Біраз уақыттан кейін науқас есін жоғалтты. Қан қысымы төмен, аяқ-қолдарында тырысу, аузынан ацетон иісі шығады.
Кома қалай аталады?
#51
*!75 жастағы әйел ес-түссіз күйде қабылдау бөліміне түсті. Анамнезінен белгілі болғандай, 5 жыл бойы қант диабетімен ауырады, тұрақты емделмейді және артериялық гипертензиямен ауырады. Бір сағат бұрын қан қысымы кенеттен 220/140 мм рт.ст. дейін көтеріліп, жүрек айну, құсу, қатты басы ауырып, есінен танды. Объективті: есі: кома 2, менингиальды симптомдар айқын, анизокория, қарашық реакциясы сақталған, сол жақта «желкен» симптомы, сол жақ аяғы сыртқа қарай бұрылған, сіңір рефлекстері шақырылады.
ЕҢ ЫҚТИМАЛ кома болуы мүмкін?
*Комалар. Ми өлімі*3*9*1*
#52
*!55 жастағы, 1 тип қант диабетімен ауыратын әйел уақытында тамақ ішпеді, кенеттен өзін ыстық сезініп, бүкіл денесінде діріл пайда болды, бас ауруы, аштық сезім, тершеңдік, жүрек соғысы мен әлсіздік пайда болып, есінен танды. Объективті: терісі бозғылт, ылғалды, кома, бұлшықет тонусы төмендеген, гипорефлексия, АҚҚ 70 / 40мм.с.б.
Төмендегі препараттардың қайсысы ЕҢ қажет?
#53
*!50 жастағы қант диабетімен ауыратын әйел жедел жәрдем шақырды, тұрақты бас ауруына жүрек айну, құсу, құрысу, біртіндеп өршитін әлсіздікке, шөлдеу сезімі шағымданды. Біраз уақыттан кейін науқас есінен танды. Қан қысымы төмен, аяқ-қолдары тырысулы, аузынан ацетон иісі шығады.
Төмендегілердің қайсысы ЕҢ қажет?
#54
*! Коматозды жағдайдағы науқасқа ми өліміне күдіктеніп, ЭЭГ өткізілді. ЭЭГ-да мидың электрлік белсенділігі өздігінен пайда болған жағдайда ми өлімінің барлық клиникалық белгілері сақталды.
Өлім констатациясының негізі болып осындай көрсеткіштің болу ұзақтығы:
#55
*!Науқасқа мидың өлімі кезінде бақылау уақытын қысқарту мүмкін:
#56
*! Ер адам, 55 жаста, терең комада, РИТБ (ОРИТ) бөлімшесінде ЖӨВ-да (ИВЛ) жатыр. УДДГ-«реверберентті қан ағымы».
Мидың өлімін растауға көмектесетін ең тиімді зерттеу әдісі қандай?
#57
*! Науқасқа ми өлімі диагнозы қойылған. Бұл жағдайда ұстап тұратын терапия құрамына кіреді:
#58
*! Науқасқа ми өлімі диагнозы қойылды. Мидың өлімін анықтау үшін экспертиза жүргізу үшін келесі мамандардан комиссия құрылады:
#59
*! Ер адам, 79 жаста, терең коматозды жағдайда, жансақтау бөлімінде ЖӨВ-да (ИВЛ) жатыр. УДДГ-да- «реверберленген қан ағымы»
ЕҢ ЫҚТИМАЛ қорытынды?
#60
*! 42 жастағы ер адамды көшеде белгісіз адамдар ұрып-соғып, жедел жәрдем бригадасымен қабылдау бөлімшесіне жеткізілді. Науқас жарақат алу жағдайларын білмейді. Қараған кезде науқаста ешқандай шағым жоқ, тексеру кезінде науқаста ұзақтығы 5 минутқа созылған жайылмалы клонико-тоникалық ұстама дамыды. Неврологиялық статусында мойын бұлшықеттері, екі жағынан Керниг симптомы және екі жақты Бабинский симптомы анықталады.
Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы диагноз қою үшін ЕҢ негізделген?
Менингиттер 1*4*1
#61
*!Іріңді менингит кезінде ликворлық синдром сипатталады
#62
*!Менингит диагнозын қоюда маңызды?
#63
*!Іріңді менингит қоздырғышы болып табылады:
#64
*!Базальды менингит сипатталады:
Менингиттер 2*18*1
#65
*! 19 жастағы студент, клиникаға бас ауруы, жарықтан қорқу, құсу және қызбамен жеткізілді. Анамнезінен науқастың туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Объективті: «Тазы ит» кейпінде жатыр, басы артқа қарай тартылған, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 2 көлденең саусақ, Керниг, төменгі Брудзинский симптомдары оң.
Бұл науқаста төмендегі синдромдардың қайсысы болуы ықтимал?
#66
*! 42 жастағы әйел аурухананың қабылдау бөліміне бас ауруы, температураның көтерілуі, жүрек айнуы, жарықтан қорқу, диарея шағымымен жеткізілді. Анамнезінен: тоғанға шомылғаннан кейін бір аптадан астам уақыт ауырады. Объективті: гиперестезия, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг симптомы оң.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
#67
*! Жас жігіт егін егуден оралғаннан 7 күн өткен соң (ол тышқандар болған жатақханада тұрған), жалпы әлсіздік, гипертермия, құсу, өткір бас ауру сезімі, көз алмасының ауыруы, жарықтан қорқу, менингиальды симптомдар, бір аптадан кейін науқаста жедел орхит дамыды.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
#68
*! Ер адам, 27 жаста, дені сау, кенеттен гипертермия, қалтырау, бас ауруы, құсу, гиперестезия дамыды. Объективті: Керниг, Брудзинский симптомдары оң. Жұлын сұйықтығы лайланған, жоғары қысыммен ағады, нейтрофильді плеоцитоз, ақуыз мөлшері жоғарлаған. Қанда айқын лейкоцитоз белгілері.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
#69
*!18 жасар қызды қабылдау бөліміне қатты бас ауруы, қызба, жүрек айнуы, құсу, жарықтан қорқу және дыбыстан қорқу шағымдарымен алып келді. Анамнезінен - бір апта бойы ауырады. Қарап тексергенде - көзі жабық, ауырсыну сезімталдығының күрт жоғарылағаны анықталды. Дәрігер науқастың басын бүгуге тырысқанда, жамбас және тізе буындарында төменгі аяқтардың бүгілуі байқалды.
Бұл жағдайда төмендегі симптомдардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
#70
*! 38 жастағы бронхоэктаз ауруымен ауыратын пульмонология бөлімшесінде жатқан ер адам өзін бірден нашар сезінді. Объективті: жалпы ми белгілері едәуір жоғарылады, менингиальды белгілер пайда болды. Жұлын ми сұйықтықтығында нейтрофильді плеоцитоз, қанда лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы.
Клиникалық диагноз қандай?
#71
*! 40 жастағы ер адамда қатты бас ауруы, бірнеше реттік құсу, диарея, гипертермия. Объективті: беті гиперемияланған, менингиальды симптомдар оң. Жұлын сұйықтығы мөлдір, қысыммен ағады, лимфоцитарлы плеоцитоз. Отбасы мүшелері мен жұмыстағы қызметкерлері де ауырып қалған.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
72
*! Ер адам, 45 жаста, Қазақстанда кең таралған созылмалы аурулардың бірімен ауырады. Суықтағаннан кейін жалпы милық және менингиальды симптомдар қосылды. Қан анализінде - лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған, жұлын сұйықтығы түссіз, орташа қысыммен ағады, пробиркада біраз тұрғаннан кейін фибрин қабығы түзілді. Жұлын сұйықтығындағы қант мөлшері төмендеген.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
#73
*! 40 жастағы ер адамда жалпы ми белгілері, қызба, менингиальды симптомдар, Вассерман реакциясы оң.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
#74
*! 40 жастағы ер адамда қатты бас ауруы, бірнеше реттік құсу, гипертермия. Науқастың беті гиперемияланған, мұрын-ерін ұшбұрышы бозарған, склера тамырларының инъекциясы, ернінде герпестік бөртпелер, ангина бар. Менингиальды синдром анықталды.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
#75
*! Науқаста біртіндеп әлсіздік, бас ауруы, менингиальды симптомдар, птоз, мидриаз, сыртқа қарай қитарналу дамыды. Температурасы 38 С, Жұлын ми сұйықтығында лимфоцитарлы плеоцитоз 150 жасушадан 1 мм3-де, нәзік қабық түзіліп, туберкулез бактериялары түзілді.
Клиникалық диагноз қойыңыз:
#76
*! Науқаста бас ауруы, құсу, іштің ауыруы, қызба. Объективті:менингиальды симптомдар оң, құлақ маңы безінің ұлғаюы және ауыруы, орхит, панкреатит симптомдары. Жұлын сұйықтығында лимфоцитарлы плеоцитоз 1 мм3 300 жасушаға дейін.
Болжамалы диагноз қойыңыз:
#77
*! 7 жасар балада бас ауруы, жарықтан қорқу, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, құсу, тәбеттің төмендеуі, диарея, герпестік ангина, бұлшықет ауыруы, температура 39 С. Жұлын сұйықтығында лимфоцитарлы плеоцитоз 400 жасуша. Осы жазда 40 бала осындай шағымдармен ауруханаға түскен.
Сіздің болжамалы диагнозыңыз:
#78
*! Науқаста қызба 39-40 С ремитирлеуші сипатта, терісі бозғылт-сұр түсті, қан қысымы төмендеген, жүрек тондары тұйықталған, гепатоспленомегалия, санасы есеңгіреген, гиперестезия, менингиальды симптомдар оң, көзқозғалтқыш нервтерінің зақымдануы. Анамнезінен ортаңғы құлақта іріңді ошақ бар. Қанда нейтрофильді лейкоцитоз, анемия, жұлын сұйықтығында 1 мм3 2000 жасушаға дейін полинуклеарлы плеоцитоз.
Клиникалық диагноз қойыңыз:
#79
*! Балада кенеттен ыстығы 39 С дейін көтеріліп, айқын интоксикация белгілерімен жалпы милық симптомдар дамып, тыныс алу жеткіліксіздігі, менингиальды симптомдар пайда болды. III-VI бас ми нервтері қызметінің бұзылысы анықталды. Қанда нейтрофильді лейкоцитоз, жұлын сұйықтығы лайланған, нейтрофильді плеоцитоз.
Сіздің болжама диагнозыңыз:
#80
*! Науқаста анамнезінде өкпе туберкулезі, бас ауруы, салмақ жоғалту, жалпы әлсіздік, шаршағыштық, сыртқа қарай қитарлану, мидриаз, птоз.
Қандай бас ми нерві зақымдалған?
#81
*! Жұлын сұйықтығының қысымы 220 мм.с.б . дейін жоғарлаған. Жұлын сұйықтығы мөлдір, лимфоцитарлы плеоцитоз 30-40 жасуша в/мкл. Ақуыз мөлшері - 0,4 г / л.
Жұлын сұйықтығының өзгерісі бойынша қандай патология?
#82
*! Пневмониямен ауыратын науқаста емдеу барысында температурасы күрт көтеріліп, 39,5 ° C-қа дейін жоғарлады. Қатты бас ауруы, жарықтан қорқу, дыбыстан қорқу симптоматикасы пайда болды. Қарап тексергенде шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзинский симптомдары оң. Жұлын сұйықтығында нейтрофильді плеоцитоз, қанда лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған.
Сіздің болжама диагнозыңыз:
Менингиттер 3*18*1
#83
*!35 жастағы ер адамда қатты бас ауруы, бірнеше реттік құсу және гипертермия. Науқастың беті гиперемияланған, мұрын-ерін үшбұрышы бозарған, склера тамырларында инъекция, ернінде герпестік бөртпелер, ангина. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг, Брудзинский симптомдары оң.
Диагнозды растау үшін қандай тексеру қажет?
#84
*!43 жастағы әйел, өкпе туберкулезімен ауырған, бас ауруы, салмақ жоғалту, жалпы әлсіздік, шаршағыштық, ішке қарай қитарлану, диплопия, Керниг, Брудзинский симптомдары оң.
Менингиттің қандай түрі?
#85
*!10 жасар бала ауруханаға бас ауруы, бірнеше реттік құсу, дене температурасының жоғарлауы, қалтырау шағымдарымен түсті. Менингиальды синдром анықталды. Жұлын сұйықтығы лайланған, сары-жасыл, нейтрофильді плеоцитоз.
Этиотропты терапия үшін қай препарат ЕҢ қажет?
#86
*!33 жастағы ер адам ауруханаға бас ауруы, салмақ жоғалту, жалпы әлсіздік және шаршағыштықтың жоғарлауына шағымданып түсті. Неврологиялық статуста: ішке қарай қитарлану, диплопия, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі. Анамнезінен: бір жыл бұрын өкпе туберкулезімен ауырған. Жұлын сұйықтығында - лимфоцитарлы плеоцитоз, фибрин қабығы.
Бактерияға қарсы терапияға мыналар кіреді:
#87
*! 36 жастағы бронхоэктаз ауруымен ауыратын пульмонология бөлімшесінде жатқан ер адам өзін бірден нашар сезінді. Объективті: жалпы ми белгілері едәуір жоғарылады, менингиальды белгілер пайда болды. Жұлын ми сұйықтықтығында нейтрофильді плеоцитоз, қанда лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы.
Қандай препараттарды тағайындау керек?
#88
*! Жас жігіт егін егуден оралғаннан 7 күн өткен соң (ол тышқандар болған жатақханада тұрған), жалпы әлсіздік, гипертермия, құсу, өткір бас ауру сезімі, көз алмасының ауыруы, жарықтан қорқу, менингиальды симптомдар, бір аптадан кейін науқаста жедел орхит дамыды.
Қандай препараттарды тағайындау керек?
#89
*! 42 жастағы ер адамда қатты бас ауруы, бірнеше реттік құсу, диарея, гипертермия. Объективті: беті гиперемияланған, менингиальды симптомдар оң. Жұлын сұйықтығы мөлдір, қысыммен ағады, лимфоцитарлы плеоцитоз. Отбасы мүшелері мен жұмыстағы қызметкерлері де ауырып қалған.
Қандай препараттарды тағайындау керек?
#90
*! 42 жастағы әйел аурухананың қабылдау бөлімшесіне бас ауруы, қызба, жүрек айнуы, жарықтан қорқу шағымдарымен жеткізілді. Анамнезінен: бір аптадан астам уақыт ауырған, ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін. Объективті: гиперестезия, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі көлденең 4 саусақ, Керниг симптомы оң.
Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы диагнозды қою үшін ең маңызды болып табылады?
#91
*! 40 жастағы ер адамда қатты бас ауру, бірнеше реттік құсу, гипертермия. Науқастың беті гиперемияланған, мұрын-ерін ұшбұрышы бозарған, склера тамырларының инъекциясы, ернінде герпестік бөртпелер, ангина.
Менингиальды синдром анықталды.
Диагнозды растау үшін қандай тексеру әдісін жүргізу қажет?
#92
*!33 жастағы ер адам, анамнезінде өкпе туберкулезімен ауырған, бас ауруы, салмақ жоғалту, жалпы әлсіздік, шаршағыштық, ішке қарай қитарлану, диплопия, Керниг, Брудзинский симптомдары оң.
Жұлын сұйықтығын тексерген кезде ең ықтимал?
#93
*! 20 жастағы ер адам клиникаға басының ауруына, бірнеше реттік құсуға, қызба мен қалтырауға шағымданып түсті. Науқастың беті гиперемияланған, мұрын-ерін ұшбұрышы бозарған, склера
тамырлары инъекциясы, ернінде герпестік бөртпелер, аяқ-қолдарының тырысуы байқалды. Менингиальды синдром анықталды. Жұлын сұйықтығы бұлыңғыр, сары-жасыл, нейтрофильді плеоцитоз.
Этиотропты терапия үшін қай препарат қажет?
#94
*!23 жасар қыз бала ауруханаға бас ауруы, салмақ жоғалту, жалпы әлсіздік және шаршағыштықтың жоғарлауына шағымданып түсті. Неврологиялық статуста: ішке қарай қитарлану, диплопия, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі. Анамнезінен: бір жыл бұрын өкпе туберкулезімен ауырған. Жұлын сұйықтығында - лимфоцитарлы плеоцитоз, фибрин қабығы.
Қай препарат ең қолайлы?
#95
*! 25 жастағы ер адам ауруханаға дене қызуының күрт көтерілуіне, 39 градусқа дейін, қатты бас ауруы, құсу, жарықтан қорқу, тәбетінің жоғалуына, диареяға, бөртпелерге шағымданып түсті. Анамнезінен: демалыста ауылда болған, көлде шомылған. Менингиальды синдром анықталды. Жұлын сұйықтығының қысымы 300 мм-ге дейін жоғарлаған, лимфоцитарлы плеоцитоз. Қандай патогенетикалық ем тағайындалады?
#96
*!35 жасар ер адам бас ауруы, салмақ жоғалту, жалпы әлсіздік және шаршағыштыққа шағымданып түсті. Неврологиялық статуста: ішке қарай қитарлану, диплопия, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі. Анамнезінен: бір жыл бұрын өкпе туберкулезімен ауырған.
Жұлын сұйықтығында болатын өзгеріс?
#97
*! 9 жасар бала салқын тиіп жедел ауырып қалды. Клиникаға түскен кезде анықталды: бас ауруы, құсу, дене температурасының көтерілуі, көз алмаларын қозғалту кезінде ауырсыну, Мендель және Бехтерев симптомдары оң.
Қандай клиникалық симптом диагноз қоюға көмектеседі?
#98
*! 40 жастағы ер адамда жалпы ми белгілері, қызба, менингиальды симптомдар, Вассерман реакциясы оң.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
#99
*!Бала, 8 жаста, бас ауруына, жүрек айну мен құсуға шағымданады. Объективті: дене қызуының жоғарылауы, көз алмаларын қозғағанда ауырсыну, фотофобия және фонофобия, мойын бұлшықеттерінің ригидтілігі.
Қандай клиникалық симптом диагноз қоюға көмектеседі?
#100
*! Бала жедел ауырып, қызбасы көтеріліп, қозғалыссыз, мезгіл-мезгіл тынышсыздық байқалады. Объективті: жалпы гиперестезия, аяғы асқазанға қарай бүгілген, ал басы артқа қарай лақтырылған. Менингеальды симптомдар оң.
Қандай диагностикалық әдіс жүргізу қажет:
#101
*!Энцефалиттің менингиттен айырмашылығы
#102
*!Вирусты энфефалиттер кезінде жұлын сұйықтығындағы өзгеріс
Энцефалиттер *2*9*1
#103
*! 37 жастағы ер адамда басының ауыруы, 38 градусқа дейін дене температурасының көтерілуі, 2 аптаға жуық ұйқышылдық, диплопия. Объективті: сыртқа қарай қитарлану, птоз, қарашықтың жарыққа реакциясы сақталған, бірақ конвергенция жоқ.
Ең ықтимал клиникалық диагноз қандай?
#104
*! Ер адам, 40 жаста, қатты бас ауруы, құсу байқалды. Менингиальды симптомдар мен мойын, иық бұлшықеттерінің перифериялық парезі анықталды. 2 апта бұрын тауда демалған.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
#105
*! Ер адам 53 жаста ауруханаға бас ауруы, әлсіздік, дене температурасы 39 градусқа дейін көтеріліп, мойын, аяқ-қол бұлшық еттеріндегі ауырсыну шағымымен түсті. Объективті: шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі бұлшықеттері, көз алмаларын қозғағанда ауырсыну, жоғарғы иық белдеуінің бұлшықеттерінің шеткі парезі. Анамнезінен: 10 күн бұрын тауда демалған. Ликвор - мөлдір, лимфоцитарлы плеоцитоз.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
#106
*! 30 жастағы ер адамда дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, бас ауруы, құсу, бұлшықет ауыруы, ұйқышылдық, конвергенцияның әлсіздігі пайда болды. Объективті: Аргайл-Робертсон синдромы – қарашықтың жарыққа реакциясы жоқ, конвергенция мен аккомодация сақталған, сол жақты гемипарез.
Ең ықтимал клиникалық диагноз қандай?
#107
*! 18 жасар жас жігіт, ЖРВИ-дан кейін жедел қатты ауырып, ауруханаға бас ауруы, дене температурасының 39-40 градусқа дейін көтеріліп, есін жоғалтумен тырысу ұстамасымен түсті. Объективті: лабиальды герпес, конвергенцияның әлсіздігі, сіңір рефлекстері D>S белсенді, оң жақта бұлшықет күші төмендеген, менингиальды симптомдар анықталды. Ликвор - мөлдір, лимфоцитарлы плеоцитоз, ақуыз мөлшерінің жоғарылауы.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
#108
*! Ер адам, 45 жаста, қасапшы, ауруханаға бас ауруы, температурасының жоғарлауы, буындарының ауруы, жүрек айну және құсу шағымымен түсті. Объективті: менингиальды симптомдар оң, сол жақта Барре сынағы оң, сол жақта Бабинский симптомы, гипертонус пен гиперрефлексия анықталды. Райт-Хадделсон реакциясы оң.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
#109
*! 28 жастағы жас жігіт кене шаққаннан кейін, терісінде сақина тәрізді бөртпелерді, қызба, бас ауруы, жүрек айну және құсудың пайда болғанын байқаған. Объективті: теріде «сақина тәрізді эритема», менингиальды симптомдар, оң жақта жеңіл гемипарез.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
#110
*!10 жастағы қызда жиі баспамен ауру аясында, буындарында және жүрегінде ауру сезімі пайда болып, анасының қарағанда «ол өзін дұрыс ұстамайды, үнемі билеген сияқты еріксіз қимылдар жасайды, бетінде еріксіз қимыл-қозғалыстар» пайда болған. Объективті: гиперкинездік-гипотониялық синдром.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
#111
*! 28 жастағы ер адамда жедел респираторлы вирустық инфекциядан кейін менингиальды симптомдар, мишық атаксиясы, оң жақ орталық гемипарез бен бульбарлы синдром пайда болды. МРТ-да – көптеген,ауқымды миелинсізденген ошақтар анықталды. Жұлын сұйықтығында - ақуыз жоғарлаған, лимфоцитарлы плеоцитоз.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
Энцефалиттер *3*9*1
#112
*! 18 жасар жас жігіт, ЖРВИ-дан кейін жедел қатты ауырып, ауруханаға бас ауруы, дене температурасының 39-40 градусқа дейін көтеріліп, есін жоғалтумен тырысу ұстамасымен түсті. Объективті: лабиальды герпес, конвергенцияның әлсіздігі, сіңір рефлекстері D>S белсенді, оң жақта бұлшықет күші төмендеген, менингиальды симптомдар анықталды. Ликвор - мөлдір, лимфоцитарлы плеоцитоз, ақуыз мөлшерінің жоғарылауы.
Этиотропты емге қандай препараттар қолданылады?
#113
*! 48 жастағы ер адамда беттің, бас терісінің майлылығы жоғары, амимия, конвергенцияның әлсіздігі, барлық қол-аяқтардағы құрысу, бұлшықет тонусы «тісті дөңгелек» типі бойынша аяқтарында басымырақ жоғарлаған, қолдарында тремор, сөйлеуі баяу, монотонды дауыс, кішкентай қадаммен жүреді
Анамнезінен: 2 жыл бұрын жедел респираторлы вирустық инфекциямен ауырған, ұйқышылдық пен дене температурасының жоғарлауы байқалған.
Қандай дәрілер тобын қолдану қажет?
#114
*! Ер адам 53 жаста ауруханаға бас ауруы, әлсіздік, дене температурасы 39 градусқа дейін көтеріліп, мойын, аяқ-қол бұлшық еттеріндегі ауырсыну шағымымен түсті. Объективті: шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі бұлшықеттері, көз алмаларын қозғағанда ауырсыну, жоғарғы иық белдеуінің бұлшықеттерінің шеткі парезі. Анамнезінен: 3 күн бұрын тауда демалған. Ликвор - мөлдір, лимфоцитарлы плеоцитоз.
Қандай препарат неғұрлым қажет?
#115
*! Ер адам 53 жаста ауруханаға бас ауруы, әлсіздік, дене температурасы 39 градусқа дейін көтеріліп, мойын, аяқ-қол бұлшық еттеріндегі ауырсыну шағымымен түсті. Объективті: шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі бұлшықеттері, көз алмаларын қозғағанда ауырсыну, жоғарғы иық белдеуінің бұлшықеттерінің шеткі парезі. Анамнезінен: 10 күн бұрын тауда демалған. Ликвор - мөлдір, лимфоцитарлы плеоцитоз.
Этиотропты емге қандай препараттар қолданылады?
#116
*! Науқас мамыр айында аптаның ыстық күнін таудың етегінде, денесін күнге қыздырумен өткізді. Бірнеше күн өткеннен кейін оның температурасы 37 градусқа дейін көтерілді, бас ауруы, құсу және есеңгіреу қосылды. Екі аптадан кейін науқастың жағдайы нашарлады: науқас қолын жоғары, сыртқа қарай көтере алмайды, шынтақ буындарында бүгіп-жаза алмайды.
Қандай диагностика жүргізу керек?
#117
*! 30 жастағы ер адамда, дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, бас ауруы, құсу, бұлшықет ауыруы, ұйқышылдық, конвергенцияның әлсіздігі пайда болды. Объективті: қарашықтың жарыққа реакциясы сақталған, конвергенция мен аккомодацияға бұзылған.
Науқаста қандай синдром дамыған?
#118
*! Ер адам, 48 жаста, бел аймағындағы тоқ өткен сияқты ауру сезіміне, аяқтарындағы әлсіздікке шағымданады. Объективті: сенситивті атаксия, аяқтарында терең сезімталдық төмендеген, жүрісі «штампующая». Вассерман реакциясы оң.
Этиотропты емге қандай препараттарды қолдану қажет?
#119
*! 28 жастағы жас жігіт кене шаққаннан кейін, терісінде сақина тәрізді бөртпелерді, қызба, бас ауруы, жүрек айну және құсудың пайда болғанын байқаған. Объективті: теріде «сақина тәрізді эритема», менингиальды симптомдар, оң жақта жеңіл гемипарез.
Этиотропты емге қандай препараттар қажет?
#120
*! 17 жасар жігітте вирустық инфекциядан кейін басы қатты ауырды. Объективті: менингиальды симптомдар, булбалы салдану, төменгі сіреспелі парапарез, мишық атаксиясы.
Қандай терапияны тағайындау керек?
Достарыңызбен бөлісу: |