+ иммунограмма және нәтижесі бойынша иммунотерапия әдісін таңдау ***
Инфекциялық эндокардиттің үлкен Duke-критерийіне қайсысы жатады://
+ регургитацияның жаңа шуылының пайда болуы/ *** 52 жастағы ер адам сол қолға берілетін, 150-200 м жүргенде және баспалдақпен 1 этажға көтерілгенде пайда болатын, изокет-спреймен басылатын, төс артындағы күйдіріп ауратын сезімге шағымданады. Об-ті: жүрек тондары тұйықталған, бірен-сараң экстрасистолалар. ЭКГ-да: сол қарыншаның гипертрофиясының белгілері. Стандартты терапия тағайындалған. Бір айдан кейін стенокардияның толық басылуын байқаған. Көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысы физикалық күшке толеранттылықтың өсуін анықтауда барынша ақпаратты://
+ велоэргометрия// ***
60 жастағы ер адам горизонтальді бағытта күшейетін айқын ентігуге және тұншығуға шағымданады. Анамнезде екі миокард инфарктын өткерген. Об-ті: акроцианоз, өкпесінде әр калиберлі ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек үндері бәсең, галоп ырғағы. ЭКГда: ST V1-V6 элевациясы. Сол қарыншаның толу қысымы 20 мм сб.б.
Көрсетілген миокард инфарктың асқынуларыдың қайсысы барынша мүмкін?//
+ өкпе шемені ***
22 жасар жас азамат арқасымен жатқанда күшейетін және отырғанда, анальгетиктерді қабылдаған соң бәсеңдейтін эпигастральді аймаққа және екі қолға берілетін жүрек маңындағы біртекті, ұзаққа созылатын ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі пайда болғаннан бір апта бұрын науқасты қызба, субфебрильді температура және қаңқа бұлшықеттерінің ауырлық және ауру сезімі мазалады. Об-ті науқастың мәжбүрлі отырған қалпы, жүрек аускультациясында аяқ астындағы қар сықырына ұқсайтын шу анықталады. Төменде аталған диагноздардың қайсысы барынша болуы ықтимал?//
+ құрғақ перикардит// ***
35 - жастағы әйелді физикалық күштеме кезінде кеуде сарайының сол жағындағы мезгіл – мезгіл қысып ауыру сезімі мазалайды, нитраттарды қолданғанда жағдайы нашарлайды. Жанұясында екі адам жастай жүрек ауруынан қайтыс болған. Қарап тексергенде: АҚ - 120/80 мм с.б.б., ЖСЖ - 70 рет мин. Жүрек ұшы түрткісі күшейген, төстің сол жақ қырының бойында систолалық шуыл естіледі, горизонтальді қалыпта айқындығы азаяды. Эхокардиография: қарыншааралық перде қалыңдығының сол қарыншаның бос қабырғасының қалыңдығына қатынасы – 1:4, сол қарынша қуысы азайған. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы болуы барынша мүмкін?//
+ рестриктивті кардиомиопатия// ***
17 жасар жас қызда профилактикалық қарау кезінде жүрек ұшының соққысы күшейген және «мысық пырылы» естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында және V нүктеде систолалық шу, ырғағы дұрыс. ЖСЖ-84 рет мин. АҚ 100/70 мм сб.б. Селективті вентрикулография жүргізгенде қарыншааралық перденің мембраноздық бөлігі проекциясында контрасттық заттың оң қарынша қуысына өтеді, сол қарыншаның гипертрофиясы анықталды.Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы ықтимал?//
+ қарыншааралық перденің ақауы ***
25 жастағы әйел бас айналуға, қысқа уақытты ұстамалы талмаларға шағымданады. Об-ті: төстің оң жағы мен жүрек түбі аймағында, систола ортасында максимальді естілетін және мойын тамырларына берілетін, дөрекі систолалық шу анықталады. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенологияда: жүрек конфигурациясы "жүзген үйрек" тәрізді. Көрсетілген жүрек ақауларының қайсысы барынша мүмкін?//
+ қолқа саңылауының тарылуы ***
45 жастағы ер адам соңғы айларда 15-20 минуттан кейін өздігінен басылатын, кеуде артындағы ауыру сезімдерінен ояна бастады. Ауыру сезімі кезінде ЭКГда кеуде тіркемелерінде ST сегментінің жоғарлауы тіркелді. Эргометринмен сынама жүргізілгенде оң нәтиже анықталды. Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын тағайындау осы дертте барынша мүмкін патогенетикалық маңызды?//