+ Иценко-Кушинг синдромы//
***
45 жастағы әйелде АҚ - 200/110 мм с.б.б. дейін тұрақты жоғарлауы, бұлшықеттердің әлсіздігі, тырысулар, зәр шығаруының жиілеуі байқалады. Бұл симптомдар жыл бойы мазалаған. КТ – сол жақ бүйрек үсті безінің ұлғаюы.
Төмендегі дәрілік препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?//
+ верошпиронды
***
Эндокринологқа 35 жасар әйел адам жалпы әлсіздіктің, шаршағыштықтың үдеуі, тәбетінің төмендеуі, жиі лоқсу шағымдарымен қаралды. Дене салмағының төмендеуі аясында 2 ай аралығында етеккір циклінің аменорея түрінде бұзылысы байқалған. Соңғы айда бірнеше рет есінен тану жағдайлары болған. Анамнезінде туберкулезге байланысты нефрэктомия жасалған. Объективті: дене салмағының жеткіліксіздігі, тері мен ауыздың шырышты қабатының гиперпигментациясы. АҚ – 70/40мм.с.б. Қанда: гемоглобин – 72 г/л, ашқарындық гипогликемия 2,9 ммоль/л дейін. Мүмкін болатын диагноз қандай?//
+ бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі//
***
Субтотальды струмэктомиядан кейін 3 күн өткен соң қол – аяқтары, бет, диафрагма бұлшықеттерінің құрысуы (судороги) пайда болды. Қол – аяқтарда айқын парестезиялар мен ұю сезімі. Бір рет есінен танғаннан кейін күнде эпилептиформды талмалар дамыды. Бұл кезде артериялық қысым жиі төмен деңгейде тіркеледі. Төменде көрсетілгендердің қайсысы диагностиканың бірінші қадамы болып табылады?//
+ қанда кальций деңгейін анықтау//
***
Әйел адам, 62 жаста, шамалы жарақаттан кейін пайда болған оң жақ аяқ басының бірінші саусағының дымқыл гангренасы көріністерімен хирургиялық бөлімге түсті. Объективті: тері мен шарашты қабықтардың құрғақтығы, бетінің гиперемиясы. Айқын семіздік, көз көруінің төмендеуі, варикозды аурудың белгілері. Анасы мен апасында қантты диабет. Ашқарындық гликемия 6,2 ммоль/л. Мүмкін болатын диагноз қандай?//
+ 2 типті қантты диабет макроангиопатиямен//
***
Эндокринологқа 32 жастағы науқас қаралды, бір ай бұрын ЖРВИ (ОРВИ) кезінде гипергликемия - 7,8 ммоль/л анықталды. Сауыққаннан екі және үш аптадан кейін бақылау барысында гликемия 6,2 ммоль/л жєне 6,5ммоль/л болды. Анасында қантты диабет. Объективті қарағанда дене салмағының артықтығынан (ДМИ-30кг/м2) басқа патологиялық өзгерістер анықталмады. Қандай диагноз мүмкін болады?//
Достарыңызбен бөлісу: |