+ сағатына 10-12 Бірлік қысқа әсерлі инсулин мен басқа көктамырға кристаллоидтарды енгізу//
***
Науқас 26 жаста, хирургиялық бөлімде жатыр. Шағымдары: ішінің қатты ауру сезімі, құсу, бас ауруы, әлсіздік. Кенеттен басталған, айтуынша 2 апта бұрын тұмаумен ауырған. Қарау кезінде: жағдайы ауыр. Терісі бозғылт, тері және шырышты қабаттарында дақты пигменттер. Іші жұмсақ ауру сезімінсіз. АҚ 80/50 мм.с.б. пульсі 120 рет минутына, әлсіз. Бірінші кезекте қандай емді жүргізген дұрыс?//
+ гидрокортизонның үлкен дозасын изотониялық ертіндімен трансфузия//
***
73 жастағы әйелде болған ангинозды ауру синдромын жедел жәрдем дәрігерлері басты. Қарағанда: ессіз, тері жабындылары бозғылт, салқын жабысқақ тер. Өкпеде – ылғалды іркілісті сырылдар, жүрек тондары тұйықталған, айқын тахикардия, АҚ – 50/0 мм с.б. ЭКГ-да: Q тісшесі I, II, AVL,V2 – V4, ST сегментінің 2-3 мм жоғары элевациясы. Жедел көмек көрсету мақсатында бірінші кезекте қандай препаратты тағайындау керек://
+ промедол//
***
66 жастағы ер адам жалпы әлсіздік шағымымен ауыр жағдайда жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Қарау кезінде: тері жабындылары бозарған, ылғалды, сұр цианоз, аяқ қолдары мұздаған. Жүрек үндері әлсіз, шоқырақ ритмі, ЖСЖ-115 рет мин. АҚ 80/40 мм с.б., айқын олигурия. ЭКГде: синусты тахикардия, QS V1-V6, ST V1-V6 сегменті монофазды қисық түрде изосызығынан көтерілген. Жедел қантамыр жетіспеушілігінің шеткілік белгілерін жоюға қандай дәрілік затты тағайындаған барынша жөн?//
+ допамин//
***
Артериальді гипертензиямен ауыратын 53 жастағы әйелде, гипертониялық криз фонында кеуде артындағы қарқынды ауыру сезімі, тұншығу, көпіршікті қақырыққа шағымданады. Об-ті: тыныштықта ентігу, өкпесінде әр калиберлі ылғалды сырылдар, үндерінің бәсеңдеуі, тахикардия, АҚ 220/100 мм сб.б. ЭКГда: STV3-V55 мм көтерілуі. Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?//
+ эналаприл//
***
Әйел 68 жаста. Стационарға гипертониялық криз клиникасымен түсті. Анамнезінде 15 жылдан бері артериялық гипертензия. Түскен кезде АҚ 210/120 мм с. б. Милы симптоматиканы ескере отырып жұлынның пункциясы жүгізілді, субарахноидалды қан құйылу анықталды. Көрсетілген дәрілердің қайсысын қолдағанда барынша тиімді кризді басады?//
+ нимодипин//
***
23 жастағы әйелде амоксициллин қабылдағаннан бірнеше минуттан кейін әлсіздік, құсу, тері қышуы, мойнында, кеудесінде, арқасында және қолында көпіршікті бөртпелер пайда болды, бетінің ісінуі және гиперемиясы пайда болды. АҚ 70/50 мм рт. ст. Науқасқа шұғыл көмек көрсетудің бірінші кезеңінде қандай препаратты енгізу қажет?//
+ адреналин//
***
52 жастағы әйел рентгенконтрастты затты енгізу кезінде ысу сезіміне, құсуға, тыныс алудың қиындауына шағымдана бастады. Көптеген көпіршікті бөртпелер, бетінің гиперемиясы және ісінуі пайда болды. Науқас тыныс алуы қиындаған және бир минуттан кейін есін жоғалтады, диффузды цианоз. Асфиксия кезінде адреналин және 30 мг преднизолон енгізудің әсері болмады. Келесі кезеңде қандай шараларды жасау керек?//
+ коникотомия//
***
Ер адам 67 жас 2 жыл көлемінде «Бауыр циррозы вирусты В+Д» диагнозымен қаралады. ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін 2 күн аралығында айқын әлсіздік, ұйқышылдық, күшінің жоғалуы, туғандарының айтуы бойынша есте сақтаудың төмендеуін, дезориентацияны байқаған. Соқпалы діріл, есінеу. Іші метеоризма және асцит салдарынан ұлғайған.Іш қату. Диурез
– 600 мл/тәул. Гемоглобин – 97 г/л. АЛТ – 0,32 ммоль/л, АСТ – 0,48 ммоль/л, жалпы билирубин 117 мкмоль/л, тікелей - -42 мкмоль/л, Натрий – 113 – ммоль/л, калий – 5,7 ммоль\л. Науқаста қандай мүмкін болатын асқыну дамуы мүмкін?//
Достарыңызбен бөлісу: |