+ улану белгілері
***
35 жастағы ер адам, басының қатты ауыруына, дене қызуының көтерілуіне, ұйқысының бұзылуына, тәбітінің жоғалуына шағымданады. Анамнезінде: бір апта бұрын ауырған, температурасы субфебрильді, әлсіздік, басының ауруының үдеуі мазалайды. Кеше кешке дене температурасы 39,0º-40,0ºС дейін көтерілген, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: адинамиялы, енжар. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында - бірең-сараң ашық қызыл түсті бөртпе элементтері анықталады. Бауыры 1,5 см ұлғайған. Жүрек тондары әлсіз, ЖСЖ – 78 соғ./мин. АҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, қоңырқай-сұр жабындымен жабылған, шеттері мен ұшы жабындыдан таза. Іші кепкен. Қандай диагноз ең ықтимал болады?//
+ іш сүзегі//
***
Ер адам, 20 жаста, жедел ауырған: температурасы 40°С дейін жоғарылап, басы ауырған, көп рет құсқан, айқын әлсіздік пен денесінің қақсап ауыруы мазалаған. Ауруының 1-ші күні-ақ табанында, балтырында, санында көптеген геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Қарағанда: жағдайы ауыр. АҚҚ: 100/60 мм сын.бағ., пульсі минутына 100 рет. Гемограммада: лейк. – 28х109/л., миелоцит – 7 %, т/я-16%, с/я-46%, мон.-8%, лимф.-23%, тромб. – 225х109, ЭТЖ - 30 мм/сағ. Кезекші дәрігер науқасқа төмендегідей ем тағайындады, емді қабылдағаннан кейін науқастың жағдайы бірден нашарлады; бет бозғыл болып, салқын тер пайда болып, АҚ -60/40 мм с.б. төмендеп, пульс сезімейді. Дәрігердің қандай тағайындаған емінен науқастың жағдайы нашарлады?//
+ пенициллин 24 млн/тәулігіне бұлшық етке//
***
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда анемияның ең жиі себебі қандай?//
+ эритропоэтин тапшылығы
***
20 жастағы қыз, клиникаға бел тұсындағы ауырсынуға, дизуриялық көріністерге, дене қызуының 38 С жоғарылауына шағымданып келді. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Зәр анализінде: лейкоцитурия, протеинурия.
Аталған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?//
+ пиелонефрит//
***
Ер адам 57 жаста, анамнезінде ұзақ уақыттан бері подаграмен ауырады. Соңғы бір ай көлемінде аяқтарында ісіктер, әлсіздік, шаршағыштық, бас ауыруы пайда болған. Объективті: дене қалпы орташа, терісі бозарған, сарғыш реңкілі. Беті ісіңкі; сирақтары және аяқ басы ісінген. Қанында: лейк-7,5х109/л, ЭТЖ-25 мм/сағ., зәр қышқылы-0,570 ммоль/л, креатинин-0,270 ммоль/л, мочевина-20 ммоль/л. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздық -1009, белок-0,55 г/л, гиалинді цилиндрлер -5-7 көру алаңында.
Аталған диагноздардың қайсысы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің себебі болып табылады?//
Достарыңызбен бөлісу: |