+ өкпе артериясының тромбоэмболиясы//
***
56 жастағы әйел адам, айқын еңтігуге, мардымсыз қақырықты жөтелге, жүрек аймағындағы ауырсынуға шағымданып дәрігерге қаралған Ұзақ уақыт бойы өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен сырқаттанады. Объективті: мойын веналарының білеуленген, аяқтары ісіңген, жүрек шекаралары кеңейген. Аускультация кезінде шашыранды құрғақ сырылдар, өкпе артериясында екінші үннің акценті есіледі. Жоғарыда көрсетілген симптомдардың мүмкін болатын себептері қандай?//
+ созылмалы өкпелік жүрек//
***
К. деген науқас, 54 жаста, шамалы физикалық жүктеме кезіндегі еңтігуге, құрғақ жөтелге, әлсіздікке шағымданады. Бір жыл бойы еңтігу мазалайды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, диффузды цианоз. Перкуссия кезінде – өкпенің төменгі бөлімдерінде перкуторлы дыбыс қысқарған, аускультация кезінде осы облыстарда везикулярлы тыныстың бәсендеуі және «целлофанның сытырына» ұқсас крепитация есіледі. Компьютерлік томограммада - «бұлыңғыр шыны» сияқты өзгерістермен өкпенің базальды бөлімдерінде екі жақты ретикулярлы өзгерістер байқалады. Көрсетілгендердің қайсысы ең қолайлы фармакотерапия болып табылады?//
+ глюкокортикоидтар//
***
К. деген науқас, 54 жаста, шамалы физикалық жүктеме кезіндегі еңтігуге, құрғақ жөтелге, әлсіздікке шағымданады. Бір жыл бойы еңтігу мазалайды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, диффузды цианоз. Перкуссия кезінде – өкпенің төменгі бөлімдерінде перкуторлы дыбыс қысқарған, аускультация кезінде осы облыстарда везикулярлы тыныстың бәсендеуі және «целлофанның сытырына» ұқсас крепитация есіледі. Ең ақпаратты зерттеу әдісі қандай?//
+ өкпенің компьютерлік томографиясы//
***
Бронх демікпесімен сырқаттанатын науқас әйел адам күнделікті тұңшығу ұстамасына, аптасына 2-3 рет болатын түңгі ұстамаларға шағамданады. Тыныс шығарудың шыңды жылдамдығы - 64%, тәуліктік вариабельділігі – 38%. Базистік терапия үшін емдеу тактикасын қандай?//
+ сальбутамол + флутиканазол//
***
Ер адам, 65 жаста, темекіні көп тартады, аралас еңтігуге, қиын бөлінетін қақырықты ұстама тәрізді жөтелге, оттегі ингаляциясынан кейін басылатын, ешқайда берілмейтін жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуға шағымданады. Объективті: жүректің оң жақ шекаралары кеңейген, өкпе артериясында II үннің ыдырауы және акценті. Кешенді терапияның құрамындағы ең тиімді препараттар тобы қайсысы?//
Достарыңызбен бөлісу: |