«Қай үйде кім тұрады»
ойыны.
Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма.
Аңдарды атап, олар тұратын пішіндерді қарындашпен нүкте бойынша бастырып сыз.
Сұрақтар:
– Аю қандай геометриялық пішіннен жасалған үйде тұрады?
– Ал қоян қандай үйді иеленді?
–Түлкі қандай геометриялық үйге орналасты?
Сөздік жұмыс
:шеңбер, үшбұрыш, шаршы.
Билингвальды компонент:
шеңбер – круг, үшбұрыш – треугольник, шаршы – квадрат.
Сергіту сәті: «Өз үйіңді тап» қимыл ойыны.
Кілемге құрсау ішіне геометриялық пішіндерді: шеңбер, шаршы, үшбұрыштарды қояды
(балалар көп болса, үлкендеу құрсау алуға болады). Балалар табақтан бір-бірден
геометриялық пішінді алып, оны көру-қозғау жолымен зерттеп, әр бала өз геометриялық
пішінді атайды.
Педагог бірнеше балаларға сұрақтар қояды:
- Сенің қолыңда қандай геометриялық пішін бар?
– Сен қай құрсау ішіне тығыласың? Сосын музыка бойынша билейді. Әуен аяқталған
кезде балалар тез өз үйлерін табуы тиіс (құрсаудың ішіне жүгіріп кіреді): қолында шеңбер
барлар шеңберге жүгіреді, қолында үшбұрыш барлар үшбұрышқа, қолында шаршы
болғандар шаршыға жүгіреді. Содан кейін қайта музыка қосылады, балалар пішіндерді
қайтадан табаққа қояды да, музыка аяқталғанда өз орындықтарына отырып үлгеруі тиіс.
«
Достарыңызбен бөлісу: |