2. Негізгі кезең.
Ойын: «Қай ағаштың артына тығылу керегін айт»
(Фланелеграфта биіктігі бірдей, бірақ жуандығы әртүрлі екі ағаш ілінген)
Педагог ағаштарға назар аударады.
– Қалай ойлайсыңдар, қоянға қай ағаштың артына тығылған жөн?
– Келіңдер,тексерейік.
Қоянды діңі жіңішке ағаштың артына жасырады.
– Қоян көріне ме?
Шынында, діңі жіңішке ағаштың артынан көрініп қалады.
Қоянды діңі жуан ағаштың артына жасырады.
– Ал енді қоян көріне ме?
Енді қасқыр қоянды таба алмайды.Қасқырдың макетін көрсетіп, жуан дауыспен:
– Балалар, қоянды көрдіңдер ме?
– Онда мен әрі қарай іздейін.
Тағы қоянды көрсетеді. Қоян балаларға көмектескендері үшін алғыс айтады. Жүгіріп
кетеді.
Педагог сұрайды:
– Ағаштардың жуандығы қандай? 2-3 баланы өз еріктерімен шығарып, жуан және
жіңішке діңі бар ағаштарды көрсетуді сұрайды.Тағы бір баланы шығарып, қай ағаш биік
екенін сұрайды.
– Дұрыс, ағаштардың биіктіктері бірдей.
Сөздік жұмыс:
қалың, жұқа, биіктігі бірдей.
Достарыңызбен бөлісу: |