№33 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары:
таным, коммуникация.
Бөлімі:
ҚМҰҚ.
Тақырыбы:
Біреу – көп. Бір-бірден, бірде -біреуі жоқ.
Мақсаты:
«Көп», «біреу», «бір-бірден», «бірде-біреуі жоқ» ұғымдарын ажырату
дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері:
балалардың заттардың саны туралы білігін бекіту және қорытындылау,
сөйлегенде жиынтықты: «бір», «көп», «бірде-біреуі жоқ», «бір-бірден» сөздерімен бере
білу білігін жетілдіру; топ бөлмесіндегі заттарды ажырата алуын, олардың санын– біреу,
көп анықтай алу біліктерін бекіту; көзбен ақпарат алу арқылы жұмбақ шешуге баулуды
жалғастыру; жұмбақ негізіне алынған поэзиялық салыстыруды түсіну, логикалық ойлауын
дамыту; балалар арасында достық қарым-қатынасқа, оқу қызметіне қызығушылығын
тәрбиелеуді жалғастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |