Ұ. Н. Мұқанова, А. А. Пірмағамбетова



Pdf көрінісі
бет151/191
Дата02.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130514
түріБағдарламасы
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   191
Байланысты:
матем

Билингвальды компонент: 

жуан – толстый, жіңішке – тонкий.



 

Ойын: «Биік – аласа». 

Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. 

Педагог жұмыс дәптерлерінен ағаштардың суретін табуды ұсынады. 

Тапсырма: биік ағашқа құсты, ал аласа ағашқа көбелекті қондыр. Сызып қос. 

Балалар  қарындашпен  құстан  биік  ағашқа    жол  салады,  ал  аласа  ағаштан  көбелекке  жол 

салады.  

Педагог сұрақ қояды: 

 Суреттегі ағаштардың діңі қандай? Тағы қайталаңдар. 

Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. 

Сергіту сәті

: «Қоян». 

Ыршып-ыршып секіріп, 

Қоян келді кеңкиіп. 

Аяқтары жаураған, 

Қолдары да жаураған, 

Жылытпақ боп тырысты 

Жүгірді де қуысты. 

Бір жоғары, бір төмен 

Жүр аяқтың ұшымен. 

Секіреміз, отырамыз, 

Аяқтарды жылытамыз. 



Ойын: «Жуан – жіңішке» 

(2-тапсырма) 

Педагог қарындаш, кітап және бөрене бейнеленген суретке назарларын аударады. Бір  

қарындаш жуан, екіншісі жіңішке, бір кітап қалың, ал екіншісі ... 

Тапсырма береді: жіңішке және жұқа заттарды тауып,оларды қоршап сызуды тапсырады.  

Қандай  ағашты,  қарындашты,  кітапты  қоршап  сызатындарын  анықтайды.  Балалар 

тапсырманы орындайды.  

Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. 




64 

 

3. Рефлексия. 

Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. 

– Қоян қасқырдан қай ағаштың артына жасырынды? 

-Қай ағашқа құсты, ал қай ағашқа көбелекті қондырдыңдар? 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет