«Кірпі» – саусақтарымызды жаттықтырамыз.
Кірпі, кірпі, кірпі,
Үстің толған ине.
Бірін берсең, шіркін
Қадар едім түйме.
Ө. Бейсекеева
«Кірпіні тамақтандыр»ойыны.
3-тапсырма. Жапсырмамен жұмыс.
Кірпі туралы жұмбақ жасырады:
«Қолыңмен тиме,
Үсті толған ине».
(Кірпі)
Педагог: Бұл жұмбақ не туралы? Кірпі немен қоректенеді?
Тапсырма: Кірпінің оң жағына саңырауқұлақты, сол жағына алманы жапсыруды
өтінеді.
Сұрақтар қояды: Алманы қай жағына жапсырдыңдар? Саңырауқұлақты қай жағына
жапсырдыңдар?
Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |