« облысы қаласы № » коммуналдық мемлекеттік мекемесі


ІІ.2. Ұлы жібек жолының ЮНЕСКО тізіміне енуі



бет7/13
Дата07.02.2022
өлшемі111,23 Kb.
#92511
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Ұлы д.7қыры Ұлы жібек жолы

ІІ.2. Ұлы жібек жолының ЮНЕСКО тізіміне енуі
Ұлы Жібек жолы Қытайдан жібек тасу үшін пайдаланылып, осылай аталып кеткен. Бұл объектіні тізімге енгізу туралы шешім 22 маусым күні ЮНЕСКО-ға қарасты Бүкіләлемдік мұраның Катар астанасы Дохада өткен 38-сессиясында қабылданды.
"Ұлы Жібек жолын өз алдына жеке объекті ретінде тізімге енгізу идеясы 2005 жылы туындаған. Сонда Алматыда ЮНЕСКО-ның кеңесі өтіп, осындай ой қозғалған. Содан бері бұл идея болып қана қалған. Кейіннен бірнеше кездесулер өтіп, оның әдістемелері жасалды. Ұлы Жібек жолы – өте ауқымды жұмыс болды.
Ұлы Жібек жолын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енгізуге тапсырысты Қытай, Қазақстан және Қырғызстан бірлесе отырып жасаған. Енгізілген объектіде Чанъань-Тянь-Шань дәлізіндегі Қытай, Қазақстан, Қырғызстан жеті бағыт бар. Бұл – "жібек жолы" желісінің Хань мен Тан династияларының дәуіріндегі Қытайдың астаналары Сиань (Чанъань) және Лоян қалаларынан бастау алатын, Орта Азияның Жетісу аймағына дейін созылған ауқымды бөлігі. Ұлы Жібек жолы бөлігінің ұзақтығы 5 мың шақырымды құрайды.
ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне бұдан кейін ескерткіштерді енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жібек жолының Сырдариялық деп аталатын бөлігін де қосу бар. Онда шамамен 14 ескерткіш бар. Жұмыс екі-үш жылға созылады. Келесі ескерткіштер тобы да тізімге енгізіледі.
Ұлы Жібек жолы Алдыңғы Азия, Орта Азия, Кавказ және Қытай халықтарының экономикалық және мәдени байланыстарын дамытуда орасан зор рөл атқарған. Мысалы, ол технологияны, инновацияны, мәдениет пен дiндi таратудың "өткізгіші" бола білген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет