Күтілетін нәтижесі:
оқушылар қазақ халқының қалыптасуының тарихи кезеңдері туралы толық түсінеді;
қоғамдық қатынастар туралы біледі;
елдер аумағында біртұтас тіл, мәдениет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр қалыптасқан ежелгі тайпалар мен халықтардың қалыптасуы туралы білімді қолдана алады;
елде аумағындағы алғашқы мемлекеттердің саяси жағдайы туралы біледі;
өмірде этникалық құрам туралы білімдерін қолданады;
мемлекеттердің қалыптасу процесін қосу және аяқтау процесі туралы түсініктері қалыптасады
Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер
Мұғалімдер сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда оқушаларды өздігінен білім мазмұнын ашатын ,шешім қабылдауға қабілетті зейіні жоғары, сенімді, жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын және өзінің,өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады. Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі оқыту тәсілдерін қолдану арқылы қалыптастырады және дамытады. Атап айтқанда:
барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу
ахуалын қалыптастыру;
оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар құру;
пәнаралық байланысы бар зерттеу сұрақтары мен тапсырмаларын құрастыру;
бүкіл сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың
жеке жұмыс жасауға жағдай туғызу;
өз ойын жеткізе білу және дәйек келтіру, мәселелерді анықтау үшін өз пікірлерін жеткізу, болжам құру және ұсыныстар жасау қабілетін дамыту үшін ынталандыратын жағдаяттар құру;
зерттеулер негізінде белсенді оқытуды ұйымдастыру;
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгеру құзіреттілігін қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
«Әлем тарихы» курсы факультатив бағдарламасында:
ғаламтор-ресурстарында. ақпараттар жұмыс істеуді
электрондық оқулықтармен жұмыс
мәтінмен, кестелермен жұмыс жасау үшін офистік бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу
ақпараттарды өңдеу, оны қағаз бетінде және электронды тасымалдаушыларда сақтау үшін техника түрлерін қолдану қамтылған;
мәселелерді шешуде қажет болуы мүмкін қосымша ақпараттар алу үшін ғаламтор ресурстарын қолдану;
терминдерін кеңейту үшін ғаламтор ресурстарын қолдану;
«Әлем тарихы» курсы факультатив бағдарламасында ғылыми лексикасын сауатты қолдана отырып, өз сыныптастарымен, мұғалімдермен және одан да кең көпшілікпен танытқан қарым-қатынасын көтермелеп, ынталандыру қажет.
«Әлем тарихы» курсы факультатив бағдарламасын оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
негізгі тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап алуда мамандармен сұхбат жүргізу, экскурсия бойынша әңгімелесу ;
оқыту үдерісін жақсарту үшін оқушыларға өзара тапсырмаларды бөлу және өзара оқыту;
ортақ тақырып бойынша барлық сыныпқа бірдей туындаған сұрақтарды талқылау, бірбірінің пікірін тыңдау және ойын айту, рөлдік ойындар өткізу
«Әлем тарихы» курсы факультатив бағдарламасын оқытуда оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
ақпарат иеленушінің жұмыс кестесі;хронологиялық тапсырмалар,тақырыптық кесте, терминологиялық сөздіктермен жұмыс;
тақырып бойынша презентация әзірлеу және таныстыру;
зерттеліп отырған тақырыптан тысқары ғылыми көзқарасты кеңейту;
тақырыптың тұтастығын,ықшамдылығын,көрнекілігін қамтамасызететін тірек-конспектілер, кестелер құрастыру.
«Әлем тарихы» курсы факультатив бағдарламасын оқыту үдерісінде оқушылардың жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
1) мәтіннің тақырыбы сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау кестелері жасау:
зерттеу барысында жазба (бақылау, көрсету және тәжірибелер) жүргізу;
2) хронологиялық кесте,ақпаратты сурет, сызба, кесте, диаграмма түрінде ұсыну;
3) зерттеу барысында алынған деректерді пайдалана отырып нәтижелердің сипаттамасын жасау;
4) диалог/ жазылымға арналған пайдалы сөз тіркестермен жұмыс жасау;
«Әлем тарихы» курсы факультатив бағдарламасын оқыту және тиімді оқу үшін келесі шарттар орындалуы тиіс:
зерттеу жұмыстарына қажетті ресурстарға жеткілікті кеңістік, орын болуын
қамтамасыз ету;
теориялық, практикалық жұмыстарды жүргізу үшін кабинет ресурстарын колдану:
алғашқы медициналық жәрдем көрсету қобдишасы;
тақырыптарға сәйкес анықтамалар, энциклопедиялар, бейнероликтер, плакаттар, модельдер;
эксперименттер мен зерттеулер жүргізуге арналған реагенттер жинағы; 11) лабораториялық құрал-жабдықтар жинағы;
жұмсалатын материалдар жиынтығы;
Достарыңызбен бөлісу: |