Ұ. оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану. Тақырыбы: «Қанатты достар» Мақсаты



бет6/6
Дата12.03.2022
өлшемі40 Kb.
#135377
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жаратылыстану

Көптілділік компонент: Күн – Солнце – The sun.
Сөздік жұмыс: Күн.



Іс-әрекет
кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығу-
шылығын
ояту
кезеңі



Шаттық шеңбер.
Күннен жылуды аламын.
Жүрегіме саламын.
Досыма мен сыйлаймын
Жақсылықты тілеймін.

  • Балалар, бізге қонаққа Күн келді.

(Жарқыраған Күннің суретін көрсетемін)
Күн сәулесі: Сәлем, достар!

  • Кәне, бәріміз амандасайық.

  • Армысың, ашық Күн!

Күн сәулесі: Көзімді таңмен ашамын,
Әлемге нұрын шашамын.
Мен алтын күннің сәулесімін.
Сендер маған қуаныштысыңдар ма?
Тәрбиеші: Әрине, қуаныштымыз. Солай ма, балалар? Сен «Күн» әлемінен келіп, біздерге жылулық пен мейірімділік сыйлайсың.

  • Балалар, күн өз сәулесін шашып, айналаны жарқыратып жіберді. Күн көзі оқу іс-әрекетіміз біткенше бізді өзінің жылуымен жылытып тұрады.

  • Кәнекей, орындарымызға жайғасайық.




  • Шаттық шеңберге тұрады.




  • Балалар Күнмен амандасады.




  • Тыңдайды.




  • Иә, қуаныштымыз.

  • Әрине.


  • Орындықтарына отырады.



Ұйымдас-
тырушы-
лық
ізденіс
кезеңі



  • Балалар мен сендерге «Күн сәулесі» туралы ертегі айтып берейін. Мұқият тыңдаңдар.

Ертеде аспанда Күн сәулесі өмір сүріпті. Күн сәулесі аспанда жалығып, жер бетіне түсуді ойлайды. Жерге түсіп, жылаған гүлді көріп, оған жылуын сыйлайды. Гүл қуанып, күлімсіреп, рақметін айтады. Ұшып бара жатып, қанатын сулап алып ұша алмай жүрген араны көреді, шуағымен қанатын кептіріп, араның ұшуына көмектеседі. Ара да оған ризашылығын білдіреді.Тағы ұшып келе жатып, солып қалған гүлдердің арасынан шыға алмай жатқан көбелекті көреді. Гүлдерге сәулесін түсіреді. Олар бастарын көтергенде олардың арасынан көбелек ұшып шығады. Көбелек күн сәулесіне рақметін айтады. Күн сәулесіне аспанға оралатын уақыт келеді. Қиын сәтте басқаларға көмектескеніне өзі риза болады.

  • Сендерге ертегі ұнады ма?

  • Балалар қайталайықшы.

Күн – Солнце – The sun.
Сергіту сәті:
Видеотаспадан «Көңілді күн» қимылмен орындау.



  • Балалар мына жұмбақтың жауабын тапсаңдар.

Сендерге Күн сәулесі қандай тапсырма әкелгенін айтамын.
Жұмбақ:
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.

  • Тамаша! Тапқыр екенсіңдер. Жарайсыңдар.





  • Балалар ертегіні тыңдайды.




  • Иә, ұнады.

Қайталайды:
Күн – Солнце – The sun.



  • Видео таспаға қарап, қимылмен орындайды.




Іс-әрекетті
бақылау кезеңі

  • Күн сәулесінің тіршілік үшін қандай пайдасы бар екен, балалар?

  • Күн сәулесі қандай екен?

  • Күн сәулесі, бәрін жылытып тұрғаның үшін саған рақмет!




  • Балалардың жауаптары.

  • Күн сәулесімен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:


Нені біледі: Күн сәулесінің пайдасы туралы әңгімелеуге берілген тапсырманы;


Қандай түсініктерді игерді: Күн нұры (сәулесі) жерге жарық және жылу беретінін;


Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жарық пен жылу тіршілік үшін қажет екендігі, яғни коммуникативтік және алған ақпаратты талдай білу дағдыларын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет