ӘҢГІМЕ. Тәрбие сағатында ең көп қолданылатын тақырып- адамгершілік тәрбиесі. Соған орай этикалық әңгімені ұйымдастыру: жолдастық және достық, әділеттілік және әділетсіздік , қарапайымдылық және озбырлық , жомарттылық және қатыгезділік, біреуге шын жүректен жақсылық жасау қасиеттеріне қатысты мәселелер қарастырылды. Осы мәселелерге қатысты өткізілген әңгімеде оқушыларға жалпы адамдық мораль ұстанымдарын жақсы ұғынуға, өмір тәжірибесін дұрыс та, нәтижелі қорытуға көмектеседі.Мұғалімнің әңгімесі оқушылардың жауаптары, пікірлермен ұштасып отырады. Мұндай әңгімені ұйымдастыруда, ең алдымен адамгершілік ұстанымдардың мазмұнын анықтап, түсіндіруден бастаған жөн.Әңгіме жүргізу негізінен бастауыш сынып оқушыларын қамтиды. Әңгіменің негізгі бағыттары мыналар: · Өз Отанына адал берілгендігі; · Өзі өмір сүріп отырған қоғамның идеологиясына шынайы сенімділігі; · Шыншылдығы; · Қайырымдылығы, қарапайымдылығы, адалдығы; · Саналы тәртіп пен мінез құлық, мәдениетіне жауапкершілігі; · Жолдастық, достық қарым-қатынастыққа адалдығы; · Немқұрайдылыққа және жамандыққа төзбеушілігі; · Еңбекке, еңбек адамдарына және халық мүлкіне ізгілікті қарым-қатынасы;