0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет25/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

20 
 
«Оқу құралы» атты балаларды сауаттандырып алғаннан кейін, енді қазақ 
тілін жеке пән ретінде оқытудың құралдарын қарастыра бастайды. Бірнеше 
бөлімнен тұратын бұл оқулықтың әр бөлігі жеке-жеке «Тіл құралы» деген 
атпен жарияланады. Оның ішіндегі басты тақырыптар- морфология, 
фонетика мен синтаксиске негізделеді. Оқулығына назар аударатын болсақ 
әрбір ұғым, термин, нәрсе, әсіресе грамматикалық категориялардың 
түрлеріне жеке-жеке термин беріп, атау іздейді. Сол жасаған терминдері әлі 
күнге дейін өзгеріссіз қолданылып келеді.
Ахмет қазақ тіл білімінің қорын байытып, оқыту әдістеріне аса мән 
берген, тамырын тереңінен ойлаған жазушы еді. Тілдің табиғи тегіне, оны 
бала санасына қалай құю керектігін ойлап, шешімі мен табу жолдары өзінің 
шығарған әдістемелік құралдарынан көруге болады. Ылғи да жүйелі 
мақсатты көздей білген, сауаттандырумен қатар мәдениетке жетектеу идеясы 
Ахмет Байтұрсынұлын ақындық әлеміне де алып келеді. Қалдырған мұрасын 
талдау барысында, көркемдікпен көмкеріліп, ой арқалаған сөз орындары 
әрбір оқырманды тәнті еткізбей қоймайды.
«Баулу мектебі» атты мақаласында оқу-ағарту ісінде оқыту жүйесі 
қашанда жаңарған заман талабына лайық болу керектігін айта келіп, бала 
оқыту ісінде: «Өлі оқу, «төте жазу», «көрнекті жазу»-бәрінің асылы-оқу» деп, 
әрбір әдістің тиімділігі мен көздеуші мақсатын айқындайды.
«Көрнек оқу» арқылы нәрсенің затын, ісін көрсетіп үйретеді. Көріп 
үйрету баланың табиғатына жақын болады. Бала мектепке барғанша ой-
санасында өзіндік білім қалыптасатыны белгілі, алайда білімді жалғыз 
көрумен шектелмей, көргенін еліктеп істеу арқылы бала бойында тұрақты 
түрде дағды қалыптасатынын көруге болады.
Ахметтің ұлттық тәрбиені ұлықтайтын көзі ашық, көкірегі ояу 
болуына септігін тигізетін дүниесі, ол әрине – балалар әдебиетіне 
арнаған Қырық мысалы . Халықтық педагогика мен бүгінгі күнді 
ұштастырып, оны бүлдіршіндерге лайықтап жазуды мақсат тұтаты. 
Қазақ бойындағы ежелден қалмай келе жатқан ездік, намыссыздық пен 
жігерсіздік, алаяқтық пен алауыздықты бала танымынан ерте жастан 
арылтуға, түсінуіне ауырлау келмес үшін жанрын жеңілдетіп жасайды.
Мәселен, «Сары шымшық» мысалында адам бойындағы жиі 
кездесетін теріс қылықтарды айқындап көрсетеді. Бірақ, түптің түбінде 
теріс қылықтан туындаған әрекет өз мақсатына жетпейтіндігін ашып 
көрсетеді. Бала бойына жан-жануарлар, табиғат құбылыстары арқылы 
оңай әрі өтімді тілмен жеткізе білу-Ахметтің пәлсапалық ой-
түйіндерінің мақсматына жеткендігі деп білуге болады.
Тағы да «Арыстан, киік һәм түлкі» деген мысал өлеңді былай 
тұжырымдайды:
«...Кісіге таза жолдас табу қиын, 
Көбін-ақ дос етеді мал мен бұйым. 
Досыңнан,дұшпаныңнан бірдей сақтан,
Басыңда,/сірә, Ахмет, болса миың. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет