0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет60/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

 
 
СӘУЛЕЛІ ОЙДЫҢ СЕРКЕСІ - АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ 
Байсынова Ғазиза Балтабекқызы 
Қазақ халқы - ұлылардың сахарасы. Оның ғасырлық елін қорғайтын, 
ерін қолдайтын перзент тәрбиелеу, ата-баба салтын, ұлтжандылықты, 
ұлтқандылықты бойына ана сүтімен дарытар халық педагогикасы - тәрбие 
жүйесі бар. Міне, осындай тәрбие беруді мақсат еткен халқымыздың біртуар
азаматы, ерлігі де өрлігі де бір өзінің бойынан табылар сәулелі ойдың 
серкесі, бала жанының бағбаны - Ахмет Байтұрсынов.
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа, 
Жол сілтедім жақын емес, алысқа. 
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда, 
Дедім сен де қатарыңнан қалыспа - 
деп өткен Ахмет Байтұрсыновтай арысты білу, біріншіден, ұлттық 
санамыздың ояну тарихына көз жіберу, екіншіден, ұлттық интелегенцияның 
тарихына бойлап бару, үшіншіден, ұлттық ғылымымыздың мәдениеттану, 
филология, лингвистика, педагогика сияқты тарамдарының пайда болып, 
қалыптасу тарихын зерттеу деген сөз. 
Бұларды тәптіштеп жатқанымыз - Байтұрсынұлы сусындаған ең 
бірінші рухани бастау - Ыбырай Алтынсарин бұлағы екенін ұмытпайық. 
Екіншіден, Ресей қалаларында оқып жүрген қазақ жастары арасында өзгеріс 
рухы жайылып, елдік сөзі сөйлене бастаған Қарқаралы кезеңіне тән өнер-
ғылым ізденіс өрістері, саяси сардар Әлихан Бөкейхановпен рухани 
жақындық, 1903 жылы Абай өлеңдерімен қолжазба күйінде алғаш танысуы, 
озық пікірлі ойшылдармен бауырласу Ахметті патша үкіметіне қазақ 
жұртын жеке мүфтиге қарату, жерін алуды тоқтату, қарашекпендерді 
жібермеу жөнінде талап-тілек жолдаушылар тобынан табылуға әкелсе, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет