- Балалар, мысыққа көмектесеміз бе, тапсырмаларын орындаймыз ба?
Ендеше мысыққа бірінші кім кездеседі?
1. Сиырдың тапсырмасы: «Көлде қанша балық қалды?» Санап мысалға есеп шығарайық.
2. Ағаштың тапсырмасы: «Сәйкестендір»
3. Қыздардың тапсырмасы: «Қай аң немесе құс нешінші қабатта, нешінші пәтерде тұраынын айт»
- Балалар көзімізге жаттығу жасап алайық.
«Көз» жаттығуы
4. Дүкеншінің тапсырмасы: Кім тез есептейді?
5. Тауықтың тапсырмасы: «Тауық қанша балапан шығарды?»
Енді дәптерлеріңді ашып 1 – ден 10 – ға дейінгі сандарды жазыңдар.
- Балалар шаршап қалған шығарсыңдар сергіту жаттығуын жасап жіберейік.
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті,
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.
6. Тышқанның тапсырмасы: «Өз орнын табуға көмектес»
Тышқанның келесі сендердің білімдеріңді бекітуге арналған тапсырмалар екен
«Көршісін тап»
«Тура және кері сана»
«10 санының құрамы»
«Әдемі кілемшелер»
Сөйтіп мысық мақта қыздың барлық тапсырмасын орындап шықты.
Мақта қыз риза болып мысықтың құйрығын қайтып берді.
Енді балалар саяхаттан өз тобымызға қайтайық.
|