021 жылдың қыркүйегінде Ербаева Анельдің атқарған жұмыстары туралы анықтама



Дата08.02.2022
өлшемі17,85 Kb.
#120743
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)
Re Токтасын, өзін-өзі тану 25 мектеп (1), Документ Microsoft Office Word, 7691

2021 жылдың 4 қыркүйегінде
Ербаева Анельдің атқарған жұмыстары туралы анықтама
Бүгінгі таң, мен үшін сағ 8:10 да басталды. Ұйқымыздан тұрып, жуынып-шәйініп, таза ауада серуендеу мақсатын ата-анаммен бірге Дендросаябағына бардым Дендросаябақта алған әсерімінде айтатым болсам Арамызға сіңілімді де, «Блинчик» кафесіне барамыз деп, апармақшы едік, соңында қалаған киімімді кимедім деп, барудан бас тартты. Ал інім- аяғының жағдайын сылтауратып, ол да бізбен бара алмады. Солай Дендрсаябағына сағ 9:00 шамасында жеттік. Бүгінгі күннің әдеттегіден ыстық болғанына байланысты ма, кеш уақытта шығып қалдық па, әлде кеше Дендрода көп жүріп қойғандықтан ба, бүгін саябақ ішінде өте баяу, әрі біреу қинап жүргізіп қойғандай, өз денемізді әрең сүйреп жүрдік.
Саябақта әртүрлі тақырыпта сөз қозғадық. Қалжыңдастық, бір-бірімізді сынадық, бастан кешкен оқиғаларды айтып, жолды әңгімемен қысқарттық. Аяқ жағында мамамыздың көңіл-күйі нашарлап, аяқтары шаршап бастады. Өзіміздің әдеттегі демалып, қыздыру жаттығуларын жасайтын орынға келіп, біраз жайғастық. Ата-ана арасында Айна базарына барып, керекті азық-түліктерді алып келейік деген ой тасталды. Мен де солармен ілесіп, бірге Айна базарына бардым.
Базарда адам әдеттегідей көп, Құжынаған халықтың барлығы сол жақта. Өзімізге керекті азық-түліктерді тез-тез алып, барынша көп бөгелмеуге тырыстық. Негізінде өзіміз-базарды көп, асықпай аралайтындардың қатарында емеспіз. Солай қамданып алған соң, үйге қарай жол тарттық. Бұл кездері сағ 11:30 шамасы болатын.
Үйге келіп, заттарды орнына жайғастырып, тамақ істеу тізгінін әкемізге бердік. Сағат 12:00 дер шамасында қазанға май құйылып бастады. Бұл уақытта әкем анама АТФ банкіне барып, кредитті төлеуді, маған дүкенге барып, нан әкелуді тапсырды.
Тапсырмалар орындалып болған соң, әкемді үлкен әпкесі жұмыстар бойынша, үйіне шақырды. Киімін киіп, бізге сағат 13:00 де барып, қазанның бетін ашып, араластыруды, оған дейін, қазанның бетін ашпауды тапсырып кетті де, үйден бізге «Ас болсын» деп , шығып кетті.
Сағат 13:00 болды. Залға дастархан жайып, шәй-тамақ орынын дайындап бастадық, асты араластырып, ортаға әкелді. Таңнан бері нәр татпаған соң, тамақты бас салып, шәйнамай жеуге кірістік. Тойғанымызды асқазанымызға ауырлық түскенде бір-ақ білдік. Дастарханды ініміз Ернұрға жинаттық, солай час пик басталды.
Телефонды ары қарап, бері қарап, ақыры орнына қойып, түскі ұйқыға кетіп, демалып алдым. Тұрсам сағат 16:30 шамасы болып қалыпты. Су ішіп алып, телефон ақтарып жаттым. Сол кезде кеше маған «1 күнің қалай өтті, сол туралы жазып берші, көрейін»- деген әкемнің тапсырмасы есіме түсті. Ноутбукты ашып, шаңын сүрттім де, қалай жазсам болады деп ойланып жаттым. Шыны керек, басында назарымды шоғырландыру оңай болған жоқ. Ноутбукті ашып алып, бұрынғы суреттерімді көріп, видеоларды қарап, біраз бұл іске қарамай, соларға қарап отырдым. Баста « кәні жазып көрейінші»-деген емес « кеше айтып қойдымғой, енді жасау керек, сөзімнен аттағандай болмайын»-деп жасадым. Алайда жазып бастаған соң, әріптен-сөз, сөзден-сөйлем құралып, ойымды түсіре бердім. Сағат 17:30 жақындаған кезде үйге әкем келіп,жазбамды бір шетке ысырып, шәй дайындауға тұрып кеттім. Дүкенге шығар алдын, мынаны жазайын, осылай жазайын деген секілді ойлар келді. Соны қазір бір ықшамдап жазбақшымын.
Осыны жазу барысында, күннің қалай өткеніне бір көз шалып, өзімнің іс-әрекетіме де анализ жасауды дұрыс көрдім, Бұл ой негізінде, дендрода «сын» туралы айтқан кезді есіме түсіргенде келген болатын. Ендеше бүгінгі күн ішінде, өзіме қандай сын тақтым:

  • Әңгіменің қадірін, соңына келгенде өзіммен-өзім күліп, әзілге айналдыру арқылы бұзады екенмін. Бқл не үшін орын алғанын білмеймін, мүмкін жасқаншақтықтан болар;

  • Тамаққа деген әлсіздік. Қанша жерден аш болсам да, бәрібір асығыстық танытпай тамақтануым керек еді, алайда, көрсеқызарлыққа салынып келіп, тамаққа бас ұрдым;

  • Осыны жазу барысында, « әп-әдемі қылып, қатырып қойыппынғой»-деп эгомды қомпайтып қояды екенмін.

Қорытындылай келгенде, бүгінгі күн осылай өтті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет