05В01110 «Информатика» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттеріне арналған физика пәнінің оқу-әдістемелік кешені


Радиоактивті сәуле шығару және олардың түрлері. Ығысу ережелері



бет225/320
Дата18.03.2017
өлшемі25,66 Mb.
#11959
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   320

Радиоактивті сәуле шығару және олардың түрлері. Ығысу ережелері.

Радиоактивтік құбылыста бір ядролар екінші ядроларға түрленіп, сол кезде кейбір бөлшектер шығарылады. Табиғатта орнықсыз изотоптардың табиғи радиоактивтігін және ядролық реакциялар нәтижесінде алынған жасанды радиоактивтікті ажырату керек. Радиоактивті сәулелердің негізгі түрлері α-, β- және γ-сәулелері. Альфа-сәулесі- гелий ядросының ағыны, α-бөлшегінің заряды +2е, массасы 2Не4 ядросының массасымен бірдей. Бұл сәуленің иондаушы мүмкіндігі өте жоғары да, өткіш қабілеттілігі (бір парақ қағазбен тоқтатуға болады) шамалы.

Бета-сәулесі- шапшаң электрондар ағыны, оның α-бөлшегімен салыстырғанда иондаушы қабілеттілігі шамалы (~ 2 дәреже), бірақ өткіш қабілеттілігі α-бөлшегінен басыңқы келеді.



Гамма-сәулесі – қысқа толқынды электромагниттік сәуле, толқын ұзындықтары λ< 10-10 м, негізінде, бөлшектер ағыны (γ-кванттар немесе фотондар), электр және магнит өрістерінде ауытқымайды және иондаушы қабілеттілігі нашарлау, бірақ өткіш қабілеттілігі өте жоғары (қалыңдығы 5 см қорғасыннан өтіп кетеді).

Радиоактивті ыдырау теориясы ядролар бір-бірінен тәуелсіз радиоактивті түрленеді деген болжамға негізделген. Онда аз уақыт мөлшерінде dt ыдырайтын ядролар саны dN, бар ядролар санына N және уақытқа dt пропорционал: ,

λ – берілген радиоактивті затқа тән тұрақты, радиоактивті ыдырау тұрақтысы деп аталады.



Интегралдағаннан кейін радиоактивті ыдырау заңын аламыз , N0 – ыдырамаған ядролардың бастапқы саны, N – t уақыт моментіндегі ыдырамаған ядролар саны.

t уақыт ішінде ыдыраған ядролар саны келесі өрнектен табылады



(15.4)

Бастапқы ядролар саны екі есе азаятын уақытты

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет