070-нұсқа мәтін Бөлтірік шешеннің сөзі


мәтін Құнарлы құрттың қадірін білеміз



бет15/46
Дата21.04.2020
өлшемі0,55 Mb.
#63774
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46
мәтін

    1. Құнарлы құрттың қадірін білеміз бе?

  1. «Құрт - құрғатылған, кептірілген сүт өнімі. Пісіліп, майы алынған айранды қайнатып, кенеп дорбада сүзіп алып, тұздап, өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі», - деп жазады ұлттық тағамымыз жөнінде

«Сарыарқа самалы» басылымы.

  1. Адам денсаулығына аса пайдалы екендігінің дәлелі - құрт - кальцийдің көзі. Сондай-ақ, ақуызға өте бай, Сондықтан ол - құнарлы тағам. Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік.

  2. Балалар үшін де құрттың пайдасы ұшан-теңіз. Ол - баланың бойының өсуіне және сүйектері, тістері

дұрыс қалыптасып, жетілуіне септігін тигізер тағамдардың бірі. Әсіресе, қатқан құрттың пайдасы зор. Себебі тісі енді шығып келе жатқан балалардың иектерінің қатаюына жәрдемдеседі. Кепкен құртты мүжіген баланың тісі сау, сүйегі берік болады. Ал сау әрі мықты сүйек - тірек қимыл аппаратының дұрыс әрі белсенді жұмыс жасауына сеп болады. Жасы ұлғайған кісілерде зат алмасу баяулай бастайтыны белгілі. Құрттың құрамында зат алмасуды және бауырдың қызметін жақсартатын холин және метионин деген заттар бар. Сондай-ақ, В тобының дәрумендері болғандықтан, қарттарда жиі кездесетін атеросклероз ауруының алдын алады,

  1. Құртты көктем, жаз айларында жеген өте пайдалы. Себебі көктемде дәрумендердің жетіспеушілігі байқалады. Жаз айында ыстық шай ішкен кезде, термен бірге тұзды да жоғалтады. Сол жоғалған тұздың орнын толтыруға көмегі зор. Құртты әркім өз қалауынша қалаған тағамына қосып жей беруге болады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет