070-нұсқа мәтін Бөлтірік шешеннің сөзі



бет29/46
Дата21.04.2020
өлшемі0,55 Mb.
#63774
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46
2416 – Нұсқа

    1. мәтін

Қауын - ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық өсімдік. Қауын 25- 30°С температурада жақсы өседі. Қауынның кұрамында қант, А, Р, С дәрумендері, аскорбин қышқылдары, темірдің минералды түздары, калий, натрий және фруктоза, сахароза, глюкоза көміртектері бар. Дәрумендер мен қант құрамы бойынша қауын тіпті қарбыздан да асып кетеді. Жаздың ыстық күндері шөлді жақсы басады.

Қазақстанда қауынның 22 аудандастырылған түрі егіледі. Жемістері қайта өңделген күйде кеңінен қолданылады. Қауыннан бал, цукаттар, тосап, мармелад дайындайды. Оларды кептіреді және қақтайды. Қақталған қауындарды «қауынқақ» деп атайды, олар ұзақ уақыт бойы сақталады. Дәндерінен жоғары сапалы тағамдық май өндіреді.



  1. Қауын дәнінен не дайындалады?

A) Қант түрлері B) Тәтті өнімдері C) Май өнімдері D) Түрлі дәрумендер

E) Қауынқақтар



  1. Бірінші азатжолда не туралы айтылған?

A) Қауынды баптау туралы B) Қауынның адам денсаулығына пайдасы туралы

C) Қауынның түрлері туралы D) Қауынның адам денсаулығына зияны туралы

E) Қауыннан жасалатын тағамдар туралы


    1. мәтін

  1. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке — отбасы мүшелерінің тірегі, асыраушысы, камқоршысы. Ата-бабаларымыз балалар тәрбиесіне үлкен мән берген. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым- қатынасы, өнері, білімі - ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын нысаны. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой», - деп мадақтайтыны сондықтан.

«Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі», «Әке - бәйтерек, бала - жапырақ», «Ата - балаға сыншы» деген мақалдар осыны растайды.

  1. Ертеректегі ұлттық тәрбие қазақ халқында нақышты деңгейде қалыптасқан, бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер балаларының ерескел мінез- құлықтарын көрсе ұрсып, зекіп, тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. Осындай ұлттық тәрбие арқылы отбасында жақсы тәлім-тәрбие алған азамат ертеңгі кезде ұлттың тағдырын ойлайтыны анық.

  2. Қазақ халқы бала тәрбиесіне, оның ішінде қыз баланын тәрбиесіне ерекше мән бергені баршамызға мәлім. Кез келген ата-ана қызының ертең барған жерінде тастай батып, судай

сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.

307


4. Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады.

3. Төменгі тұжырымдардың қайсысы дұрыс?



  1. Жеке бала тәрбиесі ұлт болашағының жағдайына әсер етеді.

  2. Қазақта өрескел мінез-құлық көрген қария тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған.

  3. Ұлттық тәрбие - отбасылық құндылықтардың бастауы.

A) Үшеуі де B) Екінші C) Бірінші мен үшіншісі D) Тек үшіншісі E) Бірінші

  1. Мәтін бойынша қазақ халқының қыз баланы тәрбиелеудегі басты мақсаты

A) Қатарынан қалмауы B) Өскенде ата-анасын асырауға жәрдемдесуі

C) Қатарының алды, өжет болуы D) Болашақта жақсы келін, аяулы ана атануы



E) Басқа үйдің ұл-қыздарына үлгі болуы

  1. Бірінші азатжолдағы негізгі ой

  1. Отбасында ұл баланың тәрбиесінде әкенің орны

  2. Отбасы мүшелері тең қарым-қатынаста болады

  3. Отбасында ананың орны жоғары

  4. Отбасында қыз баланы ерекше құрметтеген

  5. Отбасында балаға барлық жағдай жасалады

  1. Қыз бала тәрбиесіне қатысты пікір қай бөлімде сөз болады?

A) Үшінші B) Бірінші және екінші C) Бірінші D) Екінші E) Төртінші

    1. мәтін

  1. Жаршының даусын күтіп тұрған, бастарына өңкей қызыл, көк, ақ шыт үшкілдеп байлаған балалар кекілдерін бунап, үкі таққан аттарын ойнақтатып шыға берді. Жеңіл ер-тоқымды жарау аттар әсем билеп: бір қырындап, ойқастап, ауыздықтарын қарш-қарш шайнап, енді бірі ортекеше орғып, кейбірі қайраңға шыққан балықша жондары жалт-жұлт етіп аласұрып, шыр көбелек айналып тулап, көкке шаншыла қарғып, ұзақ жарысты сезіп, қатты-қатты пысқырып, тұра қалып шегіншектеп, жер тарпып, өздеріне қадалған мың-мың көздің алдынан лек-легімен өте берді.

  2. Мойнын соза қараған, аттарға ұмтыла түсіп, кейін ығысып тәртіпке келтірген аттылардың қамшысынан жасқанған жұрт шулап тұр.

  • Әне, Құлайкөк пен Топайкөк!

  • Әй, ана бір сүліктей қара кімдікі?

  • Ана қазмойын - біздің Көкдауыл!.. - дескен жұрт, астыңғы ерні салпиып, жай басып, марғау аяңдап, кекіліндегі тұмарға таққан медалі жарқырап топ арасында Құлагер өте бергенде гу етіп, орындарынан тұрып кетті.

  1. Жаршының жағында тыным жоқ: «Бас бәйге - бір тайтұяқ алтын, боталы інген, тай, құлынымен бір үйір жылқы; екінші - бір атан түйе, он құлынды бие; үшінші - бір қоспақ, бес құлынды бие, он қой; төртінші - үш құлынды бие, бес қой; бесінші - бір кұлынды бие, күміс кесе... Бас бәйгеге ояздың медалі бар, екіншіге күміс сағат, үшіншіге күміс таяқ...»

  2. Ақан бәйгеші балаларға біраз еріп, Мөңкені тоқтатып алды да:

  • Ал, қарағым, жолың болсын! Атқа шабудың әдісін білесің ғой. Дегенмен мына бәйгенің сұрқы бөлек. Байқа, Құлагерді тым қыспа, шаң қаптырып топ ортасына, ыққа түсе көрме, жел жағында отырғайсың. Түйетастан аса бере тақымды бір қысып, қарқындатып ал да, Көкөзекке бұрын түс. Ойлы-қырлы өзек ішінде атыңды сәл теже. Сүріндіріп алма. Одан шыға бере Құлагердің көзін бір сүртіп, қиқуды салып, басын еркін қоя берсең, ар жағын қанатымның өзі- ақ көрсетеді, - деп Құлагердің мойнынан құшақтады.

  1. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді?

A) Түпкі айылдың батқанын. Иесі білмес, ат білер. B) Ер - намысының құлы.

C) Ер қанаты - ат. D) Ер атағын ел сақтар.

E) Ер сасқанда белгілі, Ат шапқанда белгілі.


  1. Халықтың Кұлагерге деген ерекше құрметі нешінші азатжолда суреттелген?

A) Екінші B) Барлығында C) Бірінші D) Төртінші E) Үшінші

  1. Барлық жүлдегерлерге ортақ қандай бағалы сыйлық тігілді?

A) Түйе B) Күміс C) Алтын D) Қой E) Жылқы

308


  1. Мәтінде не туралы айтылған?

A) Аттарды сынау B) Балуан күресі C) Жаршылар сайысы

D) Ат баптаушылары E) Ат жарысы



  1. Мәтіннің стилі қандай?

A) Ғылыми стиль B) Публицистикалық стиль C) Ауызекі сөйлеу стилі

D) Ресми іс-қағаздар стилі E) Көркем әдебиет стилі



  1. Ақанның шабандоз балаға кеңесі қай азатжолда берілген?

A) Бірінші B) Төртінші C) Екінші D) Үшінші E) Бірінші жәнеекінші

    1. мәтін

Қазақтың абыройын жер жаһанға көтерген Қажымұқан балуан Семей қаласында ел құрметіне бөленіп жүргенде, бір отырыста мынандай сұрақ қойылыпты:

  1. Осы біздің қазақта дәл өзіңіздей кушті бар ма? Болды ма, кезіктіме? Сонда Қажекең:

  2. Бар ғой, менен де күштілер болған. Балуан Шолақ ағамызды барлығың білесіңдер. Дәл осы қалада да бір мықтыға жолыққаным бар, - деп әңгімесін бастапты.

  3. Осындағы бір азамат жалғыз өзімді қонаққа шақырды. Көбіне елге сыйлы азаматтар, әншілер мен өнерпаздар бірге ілесіп жүретін. Шақырғандар барлығымызды коса шақыратын да, отырыстың өзі көңілді, қызықты өтетін. Шақырған үйдін мол дастарқанының төрінде жалғыз мен. Үй иесі сөзге сараң, әлденеге алаңдаулы. Бір уақытта пар ат жеккен пәуеске сартылдата, қатты екпіндетіп келіп, есік алдына тоқтай қалды. Одан дембелше келген жігіт түсіп: «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бере кіріп келді. Бір тізерлеп отыра қалып, нан ауыз тиді де, маған қарап:

  4. Қажы аға! Уақытым аз, асығыспын. Сізді қонаққа шақыра келдім. Осы қазір жүріңізші! - деп түрегелді. Атып тұрып, ере жөнелдім. Пәуескеге отырып, Ертіске келдік. Бір қайықшы қайығымен тосып тұр екен. Қайыққа отырдық. Содан өзен ортасындағы Түйемойнақ аралына алып келді. Аралда бір жігіт тайқазанға ет асып жатыр екен. Дастарқан жайып, тамақты түсіріп болған соң, мені әкелген жігіт қайықшы екеуі кетіп қалды.

Аралда әлгі жігіт екеуміз ғана. Тамақ ішіп болдық. Сонда ғана әлгі бауырдың шақырған себебін түсіндіргені.

  1. Аға, арманым елдің даңқын көтерген сізді бір көру, қонақ етіп, құрмет көрсету еді. Енді сізден бір өтінішім, мені бір сынап көріңізші. Өйткені, өз күшімді сынайтын адамды жолықтыра алмай жүрмін, - дегені.

  2. Қалай, күресіп пе? - деп сұрадым.

  3. Иә.

  4. Аралда екеумізден басқа ешкім жоқ болса да, ағаштардың арасындағы тасалау жердегі алаңқайға ертіп барып:

  5. Жол сіздікі, жасыңыз үлкен, - деп аяғын алшақтау қойып тұра қалды.

Әлгіні олай-бұлай итерем, тартам. Тартып тұрып, итеріп қалам. Итеріп тұрып, тартып қалам. Тамырын тереңге жіберген емен секілді, былқ етпейді. Тұрған орнынан қозталта алмай-ақ қойдым, қақитан мойны да иілмейді.

  1. Ал енді өзің көр, - деп кезекті бердім. Сол-ақ екен ол бір қолымен иығымнан қапсыра ұстады да, шыр айналдырып, дедектете жөнелді. Бір уақытта екінші қолымен қоса ұстады да, жерден көтере айналдырды. Дүниежүзінің қаншама мықтыларымен күрессем де, еш уақытта мұндай күйге түспеген едім. Әлгі жігіттің қолында орамалдай желпілдеп, айнала ұшып жүрмін. Бір уақытта тік көтеріп алды да, жерге екі аятыммен дік еткізіп қоя қойды. Сосын басын иіп, тізесін бүгіп, еңкейе тағзым етіп:

  2. Кешіріңіз, аға, жауырыныңыз жерге тимесін! - деді.

Күші асып тұр, тағы аға деп сыйлап, жықпай тұр. Басын иіп тұр. Ешкімді маңайына жолатпағаны да менің абырой-даңқыма сызат түспесін деген сақтығы екен.

Мен қазақ болып туғаныма, үлкенді сыйлаған әдет-ғұрпыма, оны білетін інілер барына қуанып, жүрегім елжіреп, иілген басын көтеріп, құшақтап алдым. Көзімнен жас та шығып кетті. Осындай ініні көтеріп, бағын ашсам, армансыз болатындаймын.



  1. Жүр, бауырым, менімен бірге. Дүниежүзінде саған тең келер ешкім жоқ. Өзім аралатам, үнемі

жаныңда болам. Дүниежүзінің балуандарын енді сен жығасың. Жүр, менімен бірге! - дедім. Сөзіме, көніліме риза болып тұр, бірақ басын шайқайды. Өмір бойы көре алмай жүрген туысын тапқандай, елжіреп ағалай береді.

  1. Жігіттің Қажымұқанды қонаққа шақыруының басты себебі неде?

A) Қажымұқанды жығып, даңққа бөлену B) Күшін Қажымұқанға сынату

C) Жора-жолдастарымен таныстыру D) Дәм татқызып, әнін тыңдату

E) Үй ішін балуанмен таныстыру


  1. Түйемойнақ аралында неліктен Қажымұқанның жамбасы жерге тимеді?

  1. Қажымұқанның күші басым болғандықтан

  2. Қажымұқанды сыйлағандықтан

  3. Қажымұқанның абырой-даңқына сызат түсіргісі келмегендіктен

A) Барлығы дұрыс B) Екіншісі мен үшіншісі дұрыс

C) Біріншісі мен екіншісі дұрыс D) Барлығы бұрыс

E) Біріншісі мен үшіншісі дұрыс


  1. Мәтіннің стилі қандай?

A) Ауызекі сөйлеу стилі B) Публицистикалық стиль C) Көркем әдебиет стилі

D) Ғылыми стиль E) Ресми іс-қағаздар стилі



  1. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді?

A) Күш атасын танымас. B) Ер айтқанынан қайтпас. C) Батыр жарасыз болмас.

D) Шешінген судан тайынбас. E) Тәуекел тау жығады



  1. Әңгіме соңында Қажымұқан қандай көңіл күйде болды?

A) Күмәнданды B) Басу айтты C) Ренжіді D) Толқыды E) Сабыр етті

  1. Күресте кім жеңіске жетті?

A) Қажымұқан B) Қайықшы жігіт C) Тең түсті D) Балуан Шолақ

E) Бейтаныс жігіт



  1. Мәтін мазмұнынан жігіттің қандай қасиеті көрінеді?

A) Шешендігі B) Кішіге мейірімділігі C) Үлкенді сыйлауы

D) Барға қанағатшылдығы E) Атаққұмарлығы



  1. Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?

  1. Қазақ халқының қонақ күту дәстүрін насихаттау

  2. Қазақ халқының үлкенді құрмет тұтатын салт-дәстүрін дәріптеу

  3. Балуандардың дүниежүзілік күреске жету жолын көрсету

  4. Қазақ еліндегі ұлттық спорт түрлерін мақтан ету

  5. Қазақ еліндегі ұлттық спорт түрлерін мақтан ету




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет